Лекция тезистері


Сөз (сөйлеу) қызметтерi



Pdf көрінісі
бет104/124
Дата11.02.2022
өлшемі1,21 Mb.
#131432
түріЛекция
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   124
Байланысты:
2. Лекция (7)

2.
Сөз (сөйлеу) қызметтерi
Сөз негiзiнен екi қызметтi атқарады: коммуникативтiк, 
сигнификативтiк. Осы қызметтерiне орай сөз тiлдесу құралы және ой мен сананың көрiну формасы 
ретiнде танылады. Сөздiң негiзгi сипаты оның мағынасында, семанти-калық мазмұнында екенi баршаға 
белгiлi. Баяндалып жатқан сөздi тыңдағанымызда бiздiң назарымыз оның мәндiк мазмұнына 
аударылады. Адам тiлiнiң әрбiр дара сөзi қандай да бiр затты өрнектейдi, оны атаумен бiздiң санамызда 
нақты бiр заттың не құбылыстың бейнесi пайда болады. Осынысы-мен де адам тiлi жануарлардың қысқа 
мерзiмдi, қылықтық күйiн бiлдiретiн аффектiк "тiлiнен" ажыратылады. Жануарлар "тiлi" ешқашан да 
нақты бiр затты белгiлi дыбыстық өрнекпен таңбаламайды, таныта алмайды. Сөздiң бұл қызметi - 
сигнификативтiк қызмет деп аталады. Сөздiң белгiлеу қызметi нақты ұлт өкiлiне түсiнiктi сөздерден 
құралған тiлдiң қызметi. Осы қызмет нәтижесiнде адам әртүрлi заттардың бейнесiн жанама түрде санада 
тұрғыза алады, заттардың өзi жоқ болған кезде де олармен iс-әрекеттiк қатынасқа түсе алады. Осыдан 
адам танымы еселенiп байиды, яғни адам өзiндiк сана қорында заттың тiкелей бейнесiн сақтап, таниды, 
оған қоса сол заттың таңбалық баламасымен де байланысқа келедi. Сөздiң және бiр, күрделiрек қызметi 
бар. Ол арқылы заттарды талдап, олардың мәндi қасиеттерiн ажыратып, заттарды белгiлi категорияларға 
топтастыру мүмкiншiлiгiне ие боламыз. Осыдан сөз дерексiздендiру мен нақтылау құралына айналып, 
қоршаған дүние заттарына байланысты тереңде жатқан байланыстар мен қатынастарды бейнелеуге 
қолданылады. Сөздiң бұл екiншi қызметi "сөз мағынасы" терминiмен белгiленедi. Сөздi игеру арқылы 
нақты заттар араласатын адамзаттың көп ғасырлы тарихында қалыптасқан байланыстар мен 
қатынастарды танимыз, зерттеп, үйренемiз. Сөйлесудiң және бiр қызметi - коммуникативтiк өрнектеу 
құралдары мен ықпал жасау құралдарының бiрлiгiнен орындалады. Өрнекке, яғни дыбыстардың бiрiгiп, 
сөз және сөйлем формасына келуiнен әлi сөйлеу шықпайды. Сөйлеу - заттық негiзi бар мағына болғанда 
ғана iске асады. Әрқандай сөздiң (сөйлеу) белгiлi зат жөнiнде баяны болып, екiншi бiреуге бағытталса 
ғана, өзiнiң коммуникативтiк қызметiне сай болады. Сөйлеудiң мағыналық мазмұнының өзегi - 
өрнектеген заты. Бiрақ, нақты белсендi сөйлесу барысында сөз өзiнiң белгiлегенiнен тыс көп хабарды 
жеткiзе алады, себебi сөз ағымы сезiмдiк әрекеттермен толығады: ым, ишара т.б. Адам тiлiндегi көңiл-
күй көрiнiсi үлкен маңызға ие. Сөздi тек ақыл-ой көрiнiсi деп тану оның өрiсiн өте тарылтып жiбередi. 
Сөзде, әсiресе оның ауызша түрiнде көңiл-күй танытатын көптеген сөйлеу бiрлiктерi қосылады: iркiнiс, 
ырғақ, әуен; жазба түрiнде - тыныс белгiлерi, сөз орыны т.б. Сөйлеу барысында бiз тек бiлген 
ақпаратымызды ғана хабарлаумен тынбастан, әңгiме арқауына болған, әңгiме тыңдаушыға болған өз 
көңiл толғаныс, қатынастарымызды бiлдiремiз. Сөз неғұрлым өрнектi, әсерлi болған сайын, одан 
сөйлеушiнiң келбетi, болмысы дәл әрi нақты көрiнедi. Сөз бiр нәрсе жайында баяндаумен бiрге ықпал 
жасау құралы да болып қызмет етедi. Адам тiлiнiң ықпалдық қызметi - өте мәндi құбылыстардан. Ол 
тiкелей әрекет- қылықты өзгертпегенiмен, қалайда тыңдаушының ой-санасына, сезiмiне қандай да 
өзгерiс ендiредi. Сөйлеу - әлеуметтiк мiндеттi орындау, тiл қатынасының құралы бола тұрып, саналы 
ықпал қызметiн орындайды. Сөйлеу процесiнiң негiзгi тiрегi - түсiну, түсiнiсу. Сөз қоғамнан тыс болуы 


мүмкiн емес, сөйлеу тiлдесуге арналған және тiлдесуде пайда болатын әлеуметтiк өнiм. Сөйлеу саналы 
әрекетке айналуы үшiн әңгiме арқылы шешiлетiн мәселе және оның мақсаты анық болуы қажет.
3.
Oйлау қоршаған дүниенiң мәнiн жалпылай түсiнуге, болмысты заңдылықты байланыс-тар мен 
қатынастар негiзiнде тануға мүмкiндiк бередi. Заттар арасындағы байланыстар мен қатынастарды ашу - 
ойлаудың басты мiндетi, осыдан-ақ ойлаудың болмысты тереңдей тануға бағытталған ерекше сипаты 
көрiнедi. Ойлау қатынастар мен байланыстарды ғана емес, сонымен бiрге қасиеттер мен мәндi 
белгiлейдi; бiрақ қатынастар тек ойлаумен ғана көрiнiп қоймайды. Шынында да, бiздiң қабылдаудағы 
танитынымыз дербес элементтердiң жай қосындысы емес, осы деңгейдiң өзiнде де болмыс қасиеттерi 
мен заттары өзара қатынасты бiрлiкте болып, ойлаудың дүниетанымдық қызметiне арқау болады. Бiрақ 
қабылдауда заттар мен құбылыстардың қасиеттерi бiздiң санамызға жеке-дара, кейде мәнсiз, кездейсоқ 
белгiлерiмен келiп түсуi мүмкiн. Осыдан, ойлаудың мiндетi кездейсоқ сәйкестiктерден ажыратып, нақты 
заңдылық- тарға негiзделген мәндi, қажеттi байланыстарды танып, аша бiлу. Қажеттi әрi мәндi 
байланыстарды аша отырып, назарға алғандардан кездейсоқтарын бөлумен ойлау жалқыдан жалпыға 
өтедi. Кеңiстiк пен уақыт аймағында шектелген, жеке-дара жағдайлардың кездейсоқ тоғысынан құралған 
байланыстар жалқылық сипатқа ие болады, ал әрқандай мән кездейсоқ жағдайлардың өзгерiсiне 
қарамастан жалпы сипат-қа ие, ойлаудың қызметi осы мәндi байланыстарды ашумен, оларды 
қорытындылап, жалпыластыру; ойлау, осыдан, жалқыдан жалпыға, жалпыдан жалқыға бағытталған бай-
ланыстарды тану жолындағы психикалық әрекет желiсi. Сондықтан да ойлау жанама байланыстар мен 
қатынастарға негiзделген объектив шындықтың қорытындысы. Теориялық таным әрекетi ретiнде ойлау 
ықпалды қимылмен тығыз байланысқан. Адам болмысқа әсер жасау арқылы оны түсiнедi, дүниенi 
өзгерте, қайта жасай отырып, оның мән-жайын тереңдей айырады. Осыдан ойлау әрекетпен немесе 
әрекет ойлаумен жай қосарлана жүрмейдi, әрекет ойлаудың ең бастапқы формасы, яғни әрекет, қимыл 
болмаған жерде ойлау процесi де жоқ. Iс-тәжiрибе, қимыл-әрекет ойлау дұрыстығы мен дәлдiгiнiң негiзi 
де, ақырғы нәтижесi де; жалпы iс-тәжiрибеге тәуелдiлiгiн сақтаумен, теориялық ойлау өзiнiң алғашқы 
әрi жеке, кездейсоқ практикалық жағдайларға бағыныштылығынан құтылады. Қорытынды түсiнiм мен 
жалпы шешiмге келтiре алу мүмкiндiгiнен ойлаудың басқа психикалық процестерден өзгешелiгi 
айтарлықтай. Бiр мәселе бойынша қабылданған қорытынды нәтижесiн тапқан жалғыз-ақ проблемаға 
тиiстi орындалмай, бүкiл сол тақылеттi көптеген сұрақтарға жауап болған - теориялық шешiм ретiнде 
қабылданады. Жеке дерекке орай қабылданған ой, ендi бiр сұрақ аймағынан шығып, қорытындылық 
маңызға ие болумен, теорияға не теорияның құрамды бiр бөлiгiне айналады. Ойлау процесiнде қандай 
да бiр мәселе қайталай, жаңадан ашыла бермейдi, онда жалпыланған түрде мәселе шешiмдерiнiң 
принциптерi айқындалып, практиканың болашақта кезiгетiн мiндеттерiнiң орындалу жолдары 
болжастырылады, яғни ойлау арқылы жос-пар түзiледi. Осыдан, ойлауға байланысты адам практикаға 
жол көрсететiн, әрекетке жетекшi болған теорияға қол жеткiзедi, объектив шындықты танытатын 
диалектика жолын ашады. Әрекет негiзiнде дамып, ойлау, ақырында, iс-қимыл-ды ұйымдастыруға және 
оған басшылық етуге себiн тигiздi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   124




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет