қаттырақ болған сайын, онда эмоционалды күш те көбiрек болады. Сондықтан сезiмдер ылғи да өз-
өзiнiң мәнiн құрайтын терең интимдi тұлғалық құрылым ретiнде бастан кешiрiледi.
Оларды тұлғаның
эмоционалды негiзi ретiнде анықтауға болады. Әйгiлi орыс психологы В.И. Мясищев қатынастарды
тұлғаның құраушы компоненттерi ретiнде, ал тұлғаны қатынастар жүйесi ретiнде қарастырды.
Сезiмдер ояту, мағыналық бағасы, жүрiс-тұрысты реттеу, ағза жұмысын реттеу,
адамның жан
дүниесiн реттеу (арман, ой, тiлек, шешiм, еске түсiру, т.б.) сияқты қызметтердi атқарады. Сезiмдердi
функциялар, заттық мазмұн, эмоционалды бояу, күш,
тұрақтылық, саналау деңгейi, белгi сияқты
параметрлермен сипаттауға болады. Сезiмдердi тәрбиелеу және адекватты өзгерту психология,
психиатрия және психокоррекция аймағындағы мамандардың, педагогтардың және ата-аналардың ғана
емес, қоғамның өте маңызды мiндетiн құрайды.
Ақыл-ой
сезiмi адамның таным қажеттiлiктерiмен тығыз байланысты.
Таным қажеттiлiктерiн
оятатын көркем әдебиет, теледидар, өнер, компьютер бағдарламалары. Кiтап арқылы адам өзiн және
басқа адамдарның эмоциялық әлемiн таниды, өзiнiң эмоционалды күйiн бағалайды және реттейдi, өзiн
өзгертедi, өмiр талабына сай қалыптастырады. Бiрақ кiтап адам өмiрiнiң
барлық кезеңiн көрсете
алмайды, тек ерекше, есте қаларлық жағдайларды бередi. Ол адамдардың эмоциялық қуаттарын -
қалыптасқан ойларды жинақтайды,
тұтынушы, насихаттаушы және ұйымдастырушы қызметтерiн
атқарады. Қоғамның эмоциялық жағдайларына бағыт-бағдар бередi (Бездидко А.В. Книга
эмоциональной сферы человека. Журнал ңМир психологииң, 2002, N4, стр. 85-89).
Достарыңызбен бөлісу: