Қайталау және бекiту сұрақтары:
1. Адамаралық қатынастардың пайда болу және даму себептерi неде?
2. Адамдар арасындағы қатынастардың түрi қандай?
3. Үйлесiмдi қатынастардың мәнi не?
4. Қатынастардың эмоционалдығын қалай түсiнесiз?
5. Жеке және ресми қатынастар айырмашылығы неде және олардың өзара ықпалын қалай
түсiнемiз?
№
13 Лекция
Тақырыбы: Темперамент
Жоспары:
1. Темперамент теорияларына жалпы шолу
2. Темперамент қасиеттері.
3. Темпераменттің физиологиялық негіздері
4.Темперамент және тұлға
Қысқаша теориялық мәлімет:
1.
Темперамент тұлғаның бойындағы мәндi қасиеттердiң бiрi болып табылады. Бұл мәселеге деген
қызығушылық бұдан екi жарым мың жыл бұрын туындаған. Ол ағзаның биологиялық және
физиологиялық құрылысы мен дамуына, сонымен қатар әлеуметтiк дамудың ерекшелiктерiне
негiзделген жеке-дара айырмашылықтардың болуына байланысты туындаған. Тұлғаның биологиялық
құрылысына ең алдымен темпераменттi жатқызамыз. Темперамент адамдар арасындағы көптеген
психикалық ерекшелiктердiң болуын, оның iшiнде эмоция қарқындылығы мен тұрақтылығын, әрекет
қарқыны мен күштiлiгiн, сонымен қатар басқа да динамикалық сипаттамаларды анықтайтын қасиет.
Ежелгi уақыттан бастап темпераменттiң негiзгi төрт түрiн бөлуге болады: холериктiк,
сангвиникалық, меланхоликтiк және флегматикалық. Бұл темпераменттiң негiзгi төрт түрi ең алдымен
өзара эмоционалды қалыптардың туу динамикасы мен қарқындылығына байланысты ерекшелiнедi.
Сонымен қоса, қай темперамент жақсы деп те сұрақ қоюға болмайды. Олардың әрқайсысының
да жағымды және жағымсыз жағы бар. Тұлғаның құнды қасиеттерiне мысал келтiретiн болсақ, холерик
белсендi және күштi, сангвиник ширақ, етi тiрi, меланхоликтiң сезiмдерi тұрақты, флегматик байсалды.
Темперамент- белгiлi бiр адамға тән, сыртқы әсерлерге жауап беру реакцияларының
динамикасы,бiр қалыптылығында көрiнiс беретiн мiнез-құлықтың табиғи ерекшелiгi, адамның
биологиялық жағын көрсететiн қасиеттердiң бiрi. Темперамент-жүйке жүйесiнiң табиғи типтiк
қасиеттерiне тәуелдi, жеке адамға тән дара ерекшелiк деп бiлемiз.Темперамент адам мiнез-құлқын және
психикалық процестердiң өзгеруiнiң динамикалық ерекшелiктерiн, олардың күшiн, жылдамдығын,
пайда болуын, тоқтауы мен өзгеруiн түсiндiретiн қасиеттер жиынтығы.
Темперамент туралы iлiм өте ерте замандарда пайда болған. Темпераменттiң негiзiн салған ежелгi
грек дәрiгерi Гиппократ (б.з.д.460-377ж) темпераментке алғаш түсiнiктеме берiп, оны негiзiнен жүйке
жүйесiнiң қасиеттерiмен емес, ағзада әр түрлi сұйықтықтардың (қан, шырын, сары және қара өт)
бiреуiнiң басым болуымен байланыстырған. Ағзадағы осы сұйықтықтардың бiрiнiң басымдығы адамның
темпераментiн анықтайды: қан басым болса-сангвиник, шырын басым болса- флегматик, сары өт басым
болса- холерик және қара өт басым болса- меланхолик айқындалады деген.
Немiс философы И. Кант темпераменттi екiге бөледi:
1) Сезiм темпераменттерi-сангвиник пен меланхолик жатса;
2) Iс-әрекет темпераменттерi – барлық темпераменттер жатады.
Темпераменттердiң осы бөлiнiстерiне қысқаша тоқтала кетейiк:
Сангвиник сезiм темпераментi- олардың сезiмдерi сырттай күштi көрiнгенiмен,терең және тұрақты
емес.
Меланхолик сезiм темпераментi- сырттай күйзелiстерi онша күштi емес, бiрақ iштей терең, әрi
ұзақ болып келедi.
Сангвиник iс-әрекет темпераментi – оптимист, сенiмi мол, қалжыңбас. Ол тез ашуланып тез
қайтады, көп уәде бередi, бiрақ оларды кейде орындай алмайды. Сангвиник жаңа таныс емес
адамдармен тез тiл табыса алады, жақсы пiкiр-таласқа түседi, ол үшiн барлық адамдар дос болып келедi.
Оның негiзгi ерекшелiгi көмекке әр кезде дайын болатындығы мен ақ көңiлдiлiгi. Оны ақыл-ой және
дене жұмыстары тез шаршатады.
Меланхолик iс-әрекет темперамент – себебi ол сангвиникке қарама-қарсы, көңiл-күйi төмен адам.
Мұндай адамдардың iшкi өмiрi күрделi, олар өзiне қатысты барлық нәрселерге үлкен мән бередi,
сезiмтал жанды, әрi уайымшыл болып келедi. Меланхолик ұстамды және уәде бергенде абай болады,
орындай алмаса уәде бермейдi. Берген уәдесiн орындай алмағанда көп қиналады.
Холерик iс-әрекет темпераментi- себебi ашуланшақ адам. Мұндай адам өте қызба және ұстамсыз.
Егер де онымен бәтуаға келер болса тез қайтып, жұмсарады. Оның қимылдары тез, бiрақ ұзақ емес.
Флегматик iс-әрекет темпераментi-себебi суық адам. Ол күрделi белсендi жұмыстан гөрi, қол
бостылықты қалайды. Оны ашуландыру қиын, бiрақ ашуланса ұзаққа созылады.
Холерик аз уақыттың iшiнде ойы мен iс-әрекетiн жинақтай алады, бiрақ ұзақ жұмыс барысында
төзiмдi емес. Флегматиктер керiсiнше, тез жинақтала алмайды, бiрақ жұмыста ұзақ және мақсатына
жеткенше белсендi бола алады.
Немiс психологы В.Вундт темпераменттi екi топқа бөлген:
1)
Эмоциясы күштi темпераменттер.
2)
Эмоциясы әлсiз темпераменттер.
2.
Темпераменттiң мәндi қасиеттерiне жататындар:
1.
Эмоционалды қозу. Бұл қасиет әте әлсiз сыртқы және iшкi әсерлерге жауап беру қабiлеттiлiгi
арқылы түсiндiрiледi.
2.
Зейiннiң қозуы-индивид психикасының икемделу қызметiн көрсетедi. Ол әсер ететiн
тiтiркендiргiштердiң қарқындылығының аз ғана өзгеруiн байқауға қабiлеттi.
3.
Эмоция күшi. Б.М.Тепловтың айтуы бойынша ол мотивтердiң қанағаттану және қанағаттанбауына
тәуелдi ''iс-әрекет энергизациясынан'' көрiнедi. (Қазiргi психологтар бұл қасиеттi эмоционалды
көрiнулердiң қарқындылығы мен модалдылығы деп атайды).
4.
Үрейлiлiк. Б.М.Тепловтың түсiнуiнше үрейлiлiк дегенiмiз қатерлi жағдай кезiндегi эмоционалды
қозу. Ол эмоционалды қозу мен үрейлiлiктi бөлдi. Эмоционалды қозу тiтiркендiргiш күшiне тәуелдi
емес, ал үрейлiлiк тiтiркендiргiшке тiкелей тәуелдi.
5.
Ырықсыз әрекеттердiң реактивтiлiгi. Жағдай мен тiтiркендiргiштерге икемделу реакциясының
қарқындылығының күшейуiмен сипатталады.
6.
Ерiктi мақсатқа бағытталған iс-әрекет белсендiлiгi. Б.М.Тепловтың айтуы бойынша нақты
қойылған мақсатқа байланысты жағдайларды қайта жасау жолымен икемделу белсендiлiгiнiң
жоғарылауы кезiнде көрiнедi.
7.
Икемдiлiк-икемсiздiк. Iс-әрекеттiң өзгеретiн талаптарына икемдiлiк.
8.
Резитенттiлiк. Басталған iс-әрекеттi әлсiрететiн және жүргiзбейтiн iшкi және сыртқы талаптарға
қарсы тұра алу қабiлеттiлiгi.
9.
Субъективизация.
Кеңес психофизиологы Русалов жүйке жүйесi қасиеттерiнiң жаңа тұжырымдамасына сүйене
отырып, темперамент қасиеттерiнiң ерекшелiктерiн ұсынды. Темпераменттiң компоненттерi: төзiмдiлiк,
жылдамдық, сезiмталдық, икемдiлiк. Русаловтың айтуынша, бұлар биологиялық және генетикалық
шарттастықта. Темперамент- психофизиологиялық категория, себебi ол толық туа бiткен де емес,
ортамен байланысты да емес. Темперамент қасиеттерi заттылық iс-әрекет пен қарым-қатынаста әр түрлi,
сондықтан да оларды жеке-жеке қарастыруымыз қажет. Айта кететiн бiр жайт, темперамент тек жүйке
жүйесi қасиеттерiне ғана бағынбайды, сол қасиеттер тудыратын мiнез-құлық пен психикалық
процесстердiң өту ерекшелiктерiне де байланысты болады. Танымдық процестер, заттылық iс-әрекет пен
қарым-қатынасқа сәйкес темперамент қасиеттерiн қарастырайық.
Танымдық процестер бойынша:
Олар: 1) белсендiлiк (ойлау, қабылдау, қиял, зейiн қою, есте сақтау): адам белгiлi бiр обьектiнi
қаншалықты тез есте сақтай алады, қабылдай алады, оған зейiнiн қоя алады. Ондағы қарқын психикалық
процестер жұмысына байланысты.
2) өнiмдiлiк: белгiлi бiр уақыт iшiнде танымдық процестер арқылы нәтижеге жету.
3) қозу мен тежелудiң ауысуы: танымдық процестердiң бiр обьектiден екiншi обьектiге көшу
немесе бiр әрекеттен екiншi әрекетке көшуде пайда болуын, тоқтауын немесе ауысу жылдамдығын
көрсетедi. Мысалы: бiр адамдар ақпаратты басқаларға қарағанда тез еске түсiредi, бiр адамдарға бiр
тақырыптан екiншi тақырыпқа ауысу үшiн ұзақ уақыт қажет. Бұл қасиеттер адам қабiлеттiлiгiн
анықтамайтынын айта кету керек.
Заттылық iс-әрекет бойынша:
1)
белсендiлiк: онымен байланысты қозғалыстардың күшi мен амплитудасын бiлдiредi. Ол
белсендi адамда кең, ауқымды болады.
2)
өнiмдiлiк: қозғалыспен байланысты әрекет өнiмдiлiгi белсендiлiк пен жұмыс қарқынына
байланысты.
Қарым-қатынас бойынша:
1)
белсендiлiк: белсендiлiгi жоғары адамның мимика, жест, пантомимикасы күштi, сөйлеу
қарқыны мен қозғалыс темпi де жоғары.
2)
қозу: баяуға қарағанда тез қозатын адам ортаға тез бейiмделiп, байланысқа тез түседi.
3)
Тежелу: тез тежелетiн адам қарым-қатынасты тез тоқтатады, сөйлегiсi келмейдi.
4)
өнiмдiлiк: ақпаратты қабылдау жоғары болса, оңай болады, төмен болса қиын болады.
Жалпы психикалық белсендiлiк темперамент сипаттамасында орталық орын алады. Бұл жерде сөз
белсендiлiктiң мазмұны, оның бағытталуы туралы емес, оның динамикалық ерекшелiктерi мен iс-
әрекеттiң энергетикалық деңгейi туралы болып отыр. Темпераментке қатысты белсендiлiк бойынша
айырмашылықтар көбiнесе мына жағдайларда байқалады: қажеттiлiктiң өзiндiк байқалуы, әрекеттi
болдыруға деген ынта, iстелетiн жұмыстың көп түрлiлiгi, реакциялар мен қозғалыстардың жылдамдық
сипаттамалары.
Белсендiлiктiң динамикалық көрiнiстерi жүйке жүйесi типiнiң қасиеттерiмен байланысты екендiгi
анықталды. Сонымен, белсендiлiктiң интенсивтiлiгi мен тұрақтылығы жүйке жүйесiнiң күшiне тәуелдi,
ал белсендiлiктiң ауыспалылығы мен оның кейбiр жылдамдық сипаттамалары қозғалғыштық пен
лабильдiлiкке тәуелдi.
Эмоционалдық бойынша динамикалық айырмашылықтар әсерленгiштiк (кей адамдарда ең
болмашы себеп эмоционалды реакция тудырса, басқаларда ол үшiн үлкен әсер қажет), импульсивтiлiк
(жылдамдықты бiлдiредi), эмоционалды лабильдiлiк (эмоционалды жағдайдың тоқтау жылдамдығы)
деңгейлерiнде байқалады.
3.
И.П.Павлов иттердегi шартты рефлекстердiң ерекшелiктерiн зерттей келе, олардың жүрiс-
тұрысындағы жеке-дара ерекшелiктерге және шартты-рефлекторлы iс-әрекет өтуiне зейiн қойды. Бұл
ерекшелiктер жүрiс-тұрыстың аспектiсi шартты рефлекстердiң тууының жылдамдығы мен
нақтылығында, сонымен қатар олардың тынышталу ерекшелiктерiнде көрiндi. Бұл жағдай олардың
негiзiнде жүйке процестерiнiң қасиеттерi туралы болжам айтуға мүмкiншiлiк бердi. И.П.Павловтың
айтуы бойынша бұл қасиеттерге қозу және тежелу күшi, олардың тепе-теңдiгi мен қозғалғыштығы
жатады.
И.П.Павлов қозу және тежелу күшiн қарастыра келе, оларды жүйке жүйесiнiң тәуелсiз қасиетi
ретiнде қарастырды. Қозу күшi жүйке клеткаларының жұмысқа қабiлеттiлiгiн бейнелейдi. Ол жүйке
жүйесiнiң ұзақ уақытты қозуларына деген шыдамдылық кезiнде көрiнедi. Ал тежелу әр түрлi тежелу
реакциялары кезiнде көрiнедi.
Орыс физиологы И.П.Павлов ағзаны бiртұтас механизм деп қарастырып, ондағы ми қызметiне
үлкен мән берген. Оның ойынша ми келесi қызметтердi атқарады:
1)
Ми адам ағзасын сыртқы ортамен байланыстырып, оларды бейнелеп отырады.
2)
Ми адам ағзасындағы әр түрлi мүшелерден белгiлi-бiр әсер ала отырып, сол әсерге
байланысты өз қызметiн қажеттi түрде бағыттайды.
3)
Ми адам ағзасындағы әр түрлi мүшелердiң қызметiн үйлестiрiп, бiрiктiрiп отырады.
4)
Ми адам ағзасындағы мүшелер жұмысын реттейдi.
Бұған қоса И.П.Павлов жоғары жүйке жүйесi қызметiнiң мынадай негiзгi қасиеттерiн ашып
көрсеткен:
1)
Жүйке жүйесiнiң күшi.
2)
Жүйке жүйесiнiң тепе-теңдiгi.
3)
Жүйке жүйесiнiң қозғалғыштығы.
Жүйке жүйесiнiң күшi дегенiмiз- жүйке жүйесi мен жүйке клеткаларының жұмыс қабiлеттiлiгiнiң
көрсеткiшi. Ол көрсеткiш не күштi болуы , не әлсiз болуы мүмкiн.
Күштi жүйке жүйесi тiтiркендiргiштерге төзiмдi болса, әлсiз керiсiнше болады.
Жүйке жүйе процессiнiң тепе-теңдiгi- қозу мен тежелудiң өзара тең екендiгiн көрсетедi.
Жүйке жүйе процессiнiң қозғалғыштығы дегенiмiз- бiр процесстiң екiншi процесске алмасу
шапшаңдығы.
Жоғары жүйке қасиеттерiнiң келесi дегiдей типтерi бар. Олар: күштi және әлсiз. Күштiнiң өзi екiге
бөлiнедi: тепе-тең және тепе-тең емес. Тепе-теңнiң өзi өз алдына ширақ(лабильдi) және тыныш(инерттi)
болып бөлiнедi. Сонымен:
Күштi, тең емес, ұстамсыз-холерик.
Күштi, тепе-тең,қозғалғыш-сангвиник.
Күштi, тепе-тең, инерттi-флегматик.
Әлсiз тип-меланхолик.
Сонымен, И.П.Павлов жүйке жүйесiнiң типi деп туа берiлген және қоршаған орта , тәрбиенiң
әсерiнен өзгеретiн жүйке жүйесiнiң қасиетi деп түсiндi. Бұл жүйке жүйесiнiң қасиеттерi темпераменттiң
физиологиялық негiзiн құрайды.
И.П.Павловтың қазiргi ғылымның дамуына қосқан үлесi орасан зор. Оның жасаған жүйке
жүйесiнiң типологиясы физиология тұрғысынан түсiндiруге болады, бiрақта ол шындық болып
табылмайды. Себебi, адам мiнез-құлқы өте күрделi, ол туа берiлген сипаттамалармен ғана емес, сонымен
бiрге әлеуметтiк жағдайлар талаптарымен, тәрбие ерекшелiктерiмен де анықталады.
4.
Темперамент пен жеке адам өзара тығыз байланысты. Темперамент жеке адам қасиеттерiнде,
әсiресе мiнез ролiнде анықталады. Темпераментпен әсерленгiштiк, импульсивтiлiк, уайымшылдық
қасиеттерi байланысты.
1)
Әсерленгiштiк- әр түрлi стимулдардың адамға әсер етуi, оларға жауап беру мен оларды есте
сақтау мерзiмi. Бiрдей стимулдар жоғары әсерленгiш адамдарға әсер еткенде, олар сол әсерлердi өте
ұзақ сақтайды және оған күштi жауап қайтарады.
2)
Эмоционалдылық- әр түрлi оқиғаларға байланысты адамның эмоциялық реакцияларының
жылдамдығы мен тереңдiгi. Кей адамдар онымен болып жатқан барлық нәрселерге тым үлкен мағына
бередi, ешқашан да тыныштық қалпында болмайды, үнемi әр түрлi эмоцияларда болады.
3)
Импульсивтiлiк- импульсивтiлiгi жоғары адамдар ойланбай бiр нәрсе iстеп қояды да, кейiн
соған өкiнедi. Ол реакциялардың ұстамсыз, кенет пайда болуы мен iске асырылуына байланысты.
4)
Уайымшылдық- уайымшылдығы жоғары адамдар уайымдау, үрейлену салдарынан әр түрлi
эмоционалды күйге түседi: қорқыныш, қауiптiлiк, үрей. Уайымшыл адамдар бейтаныс адамдардан,
телефон шылдырынан, емтихан тапсырудан, көпшiлiк алдында сөйлеуден т.б. қорқады. Оның ойынша,
дүниедегi барлық нәрсе оған қауiп төндiредi.
Адамның мiнез-құлқы туа пайда болған белгiлi бiр тип өзгешелiктерiне ғана байланысты емес,
жүйке жүйесi қызметiнiң өмiр сүру барысында қалыптасатын түрiмен де байланысты болады.
Кейде тыныш отырған флегматик холерикше буырқанып, күйiп-пiсуi мүмкiн де, ал холерик өз
күш-жiгерiне сенбей меланхолик жағдайына түсуi де мүмкiн. Бұл жерден бiз аралық
темпераменттердiң болатындығын байқаймыз. Темпераменттiң табиғи, қарапайым көрiнiстерi балалық
шақта жақсы көрiнедi. Бала өскен сайын сыртқы ортамен қарым-қатынасы күрделене түсiп, одан алған
әсерi де молая бередi.
Достарыңызбен бөлісу: |