Лекция тезистері


Қайталау және бекiту сұрақтары



Pdf көрінісі
бет118/124
Дата11.02.2022
өлшемі1,21 Mb.
#131432
түріЛекция
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   124
Байланысты:
2. Лекция (7)

Қайталау және бекiту сұрақтары: 
1. Ерiк құбылысының мән-мағынасын қалай түсiнесiз? 
2. Ерiктiң ырықты және ырықсыз әрекеттермен байланысы қандай? 
3. Ежелгi қауымдағы ерiк түсiнiгi қандай болған?
4. Ортағасырлардағы ерiк түсiнiгiнiң ерекшелiгi неде?
5. Ерiк құбылысын осы заманғы ғылым қалай түсiндiредi? 
 
№12 Лекция 
Тақырыбы: Тұлғааралық қарым-қатынас психологиясы 
Жоспары:
1. Қарым-қатынас туралы жалпы ұғым 
2. Қарым-қатынастың тұлғааралық қатынастардағы рөлі 
3. Қарым-қатынастың түрлері мен құрылымы 
Қысқаша теориялық мәлімет:
1.
Адам аралық қатынас дегенiмiз - қарапайым да күрделi проблема. Күнделiктi тұрмысымызда 
осы қаты-нассыз жасауымыз мүмкiн емес. Адам арасындағы қатынастардың түрi келесiдей: жеке және 
қызметтiк, дара және топтық, тең құқықты және тәуелдi, қарама-қарсылықты және дау-дамайлы. Жеке 
қатынастар екi адам арасындағы сүйiспеншiлiк пен жек-көрушiлiктен, сыйластық пен араздықтан, сенiм 
мен кү-дiктенуден тұрады. Мұндай сипаттағы қатынастардың пайда болуы әр жеке адамның қоғамдағы 
орыны мен мiндетiне тәуелдi емес. Мысалы, бала өз ата-анасын сыйлауы да, жеккөруi де мүмкiн; өз 
қызметiн ойдағыдай атқарып жүрген мұғалiм бiр шәкiртiне үлкен сүйiспеншiлiк танытса, екiншiсiн 
көргiсi келмейдi. Қызметтiк қатынастар әлеуметтiк топ не мекеме мүшелерi арасында олардың сол 
топтағы құқы не мiндет-терiне орай қалыптасады. Егер ара қатынастар әрбiр адамның меншiктi қажет-
терi сипатында қаралса, олар жеке қатынастар атанып, ал ара қатынас тұтастай жүйелiкке сүйенiп, екi, 
одан да көп адамдардың сипаттамасы ретiнде қабылданса, топтық қатынастар деп аталады. Тең құқықты 
қатынастар - қатынас мүшелерiнiң құқықтары мен мiндеттерi теңгерiлген жерде, ал тәуелдi қатынастар 
құқықтары мен мiндеттерi бiрдей болмаған жағ- дайларда қалыптасады. Адамдар арасында қарама-
қарсылық болмай, өз-ара терең сыйластық жайлаған ортада үйлесiмдi қатынастар нышан бередi. Топ 
iшiнде кейбiр тұлғалардың ұнамды ниеттерi екiншi бiреулердiң келеңсiз ниеттерiмен тоғысқан шақтарда 
қарама-қарсылықты қатынастар бой тiктейдi. Адамдардың бiр-бiрiне деген өшпендiлiгi болған жерде 
дау-дамайлы, жанжалды қатынастар өрбидi. Адамдар арасындағы, тiптi кейде бiр тұлғаның да бойынан 
көрiнетiн адамдық қатынастар түрi мiне осындай. Бұл қатынастардың бәрi өмiрде адамдардың бiр-бiрiне 
беретiн бағалары мен мiнездемелерiнде, әр адамның басқаға бағытталған iс-әрекет, қылығында, өзара 
байланысқан ойы мен сезiмiнде көрiнiс бередi. Түрақты да келелi қатынастар жүйесi қалыптаспаған 
ортада адамның өрелi өмiр сүруi өте қиын, себебi әр-бiр жеке адамның да, топ пен ұжымның да 
қоғамдағы болмысын осы қатынастар айқындайды. Балалық шақта орныққан адам аралық қатынастарға 
орай адам азаматтық қасиеттерiн тiктейдi. Ересектердiң төңiрегiндегiлермен қатынасынан сол ортаның 
көңiл-күйi айқындалып, алға қойылған мұрат-мақсаттардың сәттi орындалуы не кедергiге ұшырауы 
мүмкiн. Адам аралық қатынастардан туындайтын ең қиын да қолайсыз құбылыс - бұл 
остракизм,
қоғамнан аласталу, яғни кейбiр адамдардың көпшiлiк арасында сыйымсыздығынан ұжымдық 
қатынастан шеткерiлеп қалуы. Мұндай адамдар көпшiлiктiң жек көрушiлiгiне тап болып, назардан тыс 
қалады, еленбейдi. Осыдан өзi қатарларынан оң қатынас таба алмай, ақырында адамгершiлiк 
қасиеттерiнен айырылып, қауымдық өмiр тiршiлiгiнен айрылғандар да кездеседi. Адам аралық 
қатынастардың ерекшелiгi олардың эмоционалды болуында. Адам өзi тектеспен араласа отырып, бiр-
бiрiне болған айрықша сезiмдер мен ықластарға кезiгедi. Жеке аралық қатынастар, әдетте, субъектив 
сипатта болып, әр адамның шын мәнiндегi тұлғалық оң не терiс қасиеттерiне сай келе бермейдi. Олар 
әрқашан адамның көңiл-күйiне байланысты, бiр адамның екiншiсiне деген сезiм толғанысы-ның 
ауысуымен өзгерiске келiп тұрады. Көңiл-күйдiң бiр сәттiк болуынан, жеке қатынастар құбылмалы 
келедi: бүгiнгi тәп-тәуiр сыйлы қатынас күн өтпей-ақ керi сипатқа енуi баршаға аян құбылыс. Қызметтiк 
қатынастар жеке қатынастарға қарағанда бiршама тұрақты, олар, әдетте, көңiл-күйге байланысты өзгере 


бермейдi. Мұндай қатынастардың әрбiр тұлғаның көңiл-күйiне бағына бермейтiндiгiнен, оларды ресми 
қатынас-тар деп те атайды, яғни мұндай өзара байланыстар қатынасқа түскен адамдардың 
әрқайсысының жеке ерекшелiктерi мен психологиялық кейпiне тәуелдi болмауы қажет. Бiрақ өмiрде 
жеке және қызметтiк қатынастар өзара кiрiге байланысқан, сондықтан оларды нақты айырып, таза 
күйiнде қарастыру мүмкiн емес. Бiрiншiден, әр адам өзiнiң даралығымен қызметтiк қатынастарға 
әрқашан ерекше мән мен сән берiп отырады; екiншiден, әрқандай тұлға нақты қатынастарға өзiнiң жеке 
ниет, ой, толғаныс және сезiмдерiмен кiрiседi, ал бұлардың бәрi адамның басқалармен болған қызметтiк 
қатынасына әсерiн тигiзбей қоймайды. Қарама-қарсылықты қатынастар негiзiнде толық үйлесiм 
болмағанымен, оған қатысқан адамдар бiр-бiрiнiң әрекетi мен ниетiн түгелдей шектемейдi. Бiрде 
келiссе, бiрде қарсы тұрып, алға қойған мақсатқа жетуi жолында қажеттi қатынасын үзбейдi. Қатынас 
түгелдей елемеу мен дау-дамайға бармайды. Кейде екi адам бiр ортада бола тұрып, бiр-бiрiне деген 
ыстық та, суық та шырай сезiнбейдi, яғни өзара қатынас жасауға ешқандай қажеттiлiктi таппайды, 
мұндайда олар арасындағы қатынас бейтараптық сипат алады. Қоғамдық-әлеуметтiк жағдайларға 
байланысты бiр ортаға түсiп қалған адамдардың бiрi екiншiсiнен өзiн алшақ ұстау қажеттiгi де туындап 
қалады. Мұндай кезде адамдар бiр- бiрiне тiкелей жек көрушiлiк танытып, арадағы мәселе бойынша 
ешбiр келiсiм мүмкiндiгiн таба алмайды да, iздемейдi де. Мұның бәрi ортадағы жанжалды қатынастың 
ушығуынан. Адамдар арасындағы және бiр ерекше қатынастар түрi - бұл екi ұшты, амбиваленттi 
қатынастар. Мұндай ара байланыстың себебi бiр адамдағы екiншiге деген өзара тiкелей қарсы екi бiрдей 
эмоцияның: жек көрушiлiк пен құрметтiң қосарлана жүруi. Осыдан мұндай қатынастағы адамдар 
өздерiнiң көңiл төркiнiнде жатқан ниеттерiнiң нендей жағдайда екенiн айырып алуында бiраз қиналады. 
Адамдар аралық қатынастар негiзiнде адамдардың бiрiмен-бiрi өзара әрекетке, тiлдесуге болған өмiрлiк 
қажеттiлiгi жатыр. Тұрмыстық не қоғамдық қажетсiнуден бiрiн-бiрi керексiнген адамдар өзара 
қатынасқа келiп, ал ол болмаса бiр-бiрiнен бейтарап қалады. Өмiрлiк маңызды қажеттiлiктерi бола 
тұрып, оларды қанағаттандыруда кедер-гiлiк ететiн қалыптар да болады. Бұл жағдайда да қатынастар 
үзiлмейдi, бiрақ мұндағы қатынастар өшпендiлiк не жек көрушiлiкпен ұштасады.
2.
Адамдар арасындағы қатынастардың қалыптасуы, әдетте, олардың бiрiн-бiрi қабылдай алуы, 
түсiнуi және бағалауына байланысты, яғни тiлдесу нәтижесiнде бiр адам- ның екiншiсiнiң образы 
жөнiнде топшылаған ой-пiкiрi. Екiншi адамның тұлғалық образын оның сырт пiшiнi мен психологиясын 
және әрекет-қылығын байланыстыра, салыс-тырып тануға болады. Ал психологиялық бейне әр адамның 
қажетсiнуiнен, қылық мотивтерiнен, мiнез бiтiстерiнен, әрқандай өмiрлiк жағдайлардағы көңiл-күй 
толғаныстары мен әрекеттерiнен көрiнедi. Бұлардың бәрi "Ат кiсiнесiп, адам сөйлесiп" дегендей 
әңгiмелесу барысында назарға алынып, санада жiктелiп, бекидi де адамның жеке, нақты бағасын беруге 
негiз болады. Бөгде адамның бейнесiн қалыптастыру арқылы бiз оған болған қатынасымыздың сипатын 
айқындаймыз, оның даралық ерекшелiктерiн тануға мүмкiндiк аламыз. Адамды жөнiмен танып, дұрыс 
бағасын берiп, оның әрекет-қылығы-ның мақсаттары мен түрткiлерiн айқындап, ол тарапынан болып 
қалар жауапты әрекеттердi күнi бұрын болжастыра, бiз бұлардың бәрiн өз қажеттiлiктерiмiз және 
мүдделерiмiзбен салыстырамыз, әңгiмелесудiң қолайлы жолдарын болжас-тырамыз, осы арқылы екi 
тарапқа да ортақ ниеттердi табумен тұлғалар арасындағы қызметтiк қатынастарға кiрiсемiз. Сонымен, 
қызықтырған адамның мiнез бiтiстерiн бiлiп алып, ендi оған бағытталған өз әрекет-қылығымыздың 
формасын таңдастырамыз. Қайткенде де, бiз таңдаған әрекет-қылық түрi ол адамның даралық 
қасиеттерiне сәйкес болғаны жөн. Осының нәтижесiнде екi адам ортасында толық өзара түсiнiк, жайлы 
да берiк аралық қатынастар орнығады. Адамның эмоционалдық жағдайын бағалай отырып, бiз оның 
нақты көңiл-күйiне сәйкес қарым-қатынасты дамытып, тереңдете түсуге мүмкiндiк аламыз және 
өзiмiздiң, оның және төңiрегiндегiлердiң мүдделерiне орай ол адамға тиiмдi психологиялық ықпал 
етудiң жолдарын iздестiрiп, пайдаланамыз. Егер бiз қатысқан адамдарымыздың әртүрлi тұрмыстық 
жағдайлардағы әрекет-қылығын күнi бұрын болжастыра алсақ, оның мiнез- құлығын қажеттi бағытта 
басқаруға және онымен ұнамды адам аралық қатынастар алып баруға қосымша мүмкiндiктерге ие 
боламыз. Бөгде адамның тұлғалық дәрежесi жөнiнде бiз оның дене құрылымы, психологиялық және 
қылық-әрекеттiк белгiлерi бойынша топшылаймыз. Бұл белгiлер адамның сырт көрiнiсiнен, киiмiнен, 
әрекет-қылығынан, сөзiнен, бет әлпетi мен ым- ишарасынан байқалады. Адамның сырт көрiнiсi мен 
психологиялық бейнесi арасында тiкелей де толық байланыс болмағанымен, бұлардың екеуi қандай да 
өзара ықпалды қатынаста. Әрқандай адам жөнiндегi бiздiң бiрiншi пайымдауымыз осы сырт келбет пен 
сөз, қылық көрiнiсiнен туындайды. Ғылым ежелден-ақ адам мiнезi мен дене құрылысының өзара 
байланысты екенiн дәлелдеген (Э. Кречмер, У. Шелдон т.б.). Дене құрылымы ерекше бiтiске ие болған 
адамдар, мiнезi жағынан да өзара ұқсамас. Осы тұрғыдан барша адамдар үш типке жатады: астеник, 
пикник, атлетик. Пикник типтес адамдар - көңiлдi, үйiршең, әңгiмешiл, әрқандай қиыншылыққа 
жасымайды; астеник адамдар - көбiне тұйық, оңашаланғанды ұнатады, ұдайы ойға шомып жүредi; ал 


атлетиктер - ұстамсыз, дүлей келедi. Адамның iшкi жан дүниесi оның сөзi мен тiлiнен айқын көрiнедi. 
Қандай сөздер мен тiркестердi қолдануына қарап, сөз ырғағы мен әуенiн талдай отырып, сөйлеу 
процесiндегi тыныстары мен жеделдiгiне орай жеке адамның ерекшелiктерiн байқаймыз. Адамның 
сөйлеу мәнерiнiң бiразы тума берiледi де, көбi оқу-тәрбие барысында пайда болады. Кейбiр 
қатынастарға байланысты адамдардың психо-логиялық бейнесi тұрақты келедi де, көбiне ауыспалы 
болады. Адамның сырт көрiнiсiне орай оның образы бiршама өзгерiссiз сақталады. Осыдан бiз адамды 
көпшiлiк iшiнде ажырата бiлемiз. Және бiр тұрақты сақталатын қасиеттер - адам мiнезi, қылық-әрекетi 
мен әдеттерi. Осылар бойынша санамызда жасалған образдар арқылы бiз көп заманнан ажырасқан 
адамымызды танимыз. Кейде кездейсоқ ұшырасқан адамымыз көптен таныс сияқты болып көрiнедi. Ал 
тiлдесе келе, оның әрекет-қылығына мән бере, тiптi басқа бiреу екенiне көз жеткiземiз. Кейде, керiсiнше, 
алғашқыда танымасақ та, адамның мiнез бiтiстерiнен, әрекет- қылығынан бұрыннан бiзге таныс 
белгiлердi байқап, жақындасуға тырысамыз. Осыдан, бiздiң санамызда бекiген адам бейнесiнде үлкен 
рөл ойнайтын - мiнез бiтiстерi, екiншi орында - адамның сырт көрiнiстерi. Уақыт ағымына берiлмей, 
ұзақ мерзiм сақталатын белгiлер - адамның қажетсiнулерi, әрекет-қылық мотивтерi мен қызығулары. 
Бұлар бойынша бiз адамды тануымыз мүмкiн, бiрақ бұл үшiн аталған белгiлер сол адамның сырт 
көрiнiсi мен мiнезiнен бiраз байқалуы тиiс. Жоғарыда бөгде адамды тану, бiлу мүмкiндiгiн әңгiмеледiк, 
ал ендi адам өзiн-өзi сарапқа сала ала ма, жоқ па деген сұраққа жауап iзделiк. Бұған оң да, керi де жауап 
айту мүмкiн. Егер адам өзiн-өзi түк танымаса, онда оның қауым ортасындағы әрекет- қылықтары алдын 
ала өзiндiк болжастыруға келмей, тұрақсыз кейiпке енер едi.
3.
Қарым - қатынас түрлері және функциялары, құрылымы 
Қарым – қатынас адамның тіршілік бейнесі. Ол адамның дүниетануында, мәдени өмірінде, 
тұрмыс салтында күнделікті қажеттіліктерін қанағаттандрудағы адамға тән табиғи қасиет. 
Қатынас жасау, өзгелермен тіл табысу - әрбір адамның өмір тәжірибесіне, біліміне, тапққырлығы 
мен ақыл – ойына, парасатына байланысты жүзеге асып отыратын қажеттілігі. Тіл табысып өзгелермен 
қатынас орнату әрбір адамның өзіндік талғам тілегін, ықылас – ынтасын жалпы адамға деген адами 
көзқарасын жете түсінуді талап етеді. Қарым – қатынас нәтижесінде адамның тұлғалық қасиеті
өзгелерге деген қамқорлығы мен жанашырлығы сезімі, ізгі көзқарасы қалыптасады. Тіршілік ортасы мен 
өмір сүрудің сан алуан сырларын біліп, жеке басының қадір – қасиетін арттырады. Адам өзін өзгелердің 
орнына қойып байқап, оның ішкі дүниесінің сырын да барлап біледі. Тұлғаны дамыта оқыту мәселесін 
зерттеген В.В.Давыдовтың пікірі бойынша жеке тұлға дегеніміз-жаңа материалдық және рухани өнімді 
өндіруші әрекет субъектісі. Осылай өнімді өндіру шығармашылық болып табылады. Қарым-қатынас 
күрделі шығармашылық әрекет. 
Л.С.Рубинштейн «дамудың негізі себептердің ішкі жағдайға байланысты әрекетінде. Сондықтан 
өзіндік белсенділік балада /оқыту, ішкі жағдай/ туындаушы емес, бастапқы болады. Бастапқы болып 
қалатындар осы ішкі әсерлер, нормативтік қоғамдық үлгілер т.б., бірақ олар жанама түрде адамның 
барлық өмірінде ішкі жағдайлардың тұтас жүйесіне/ тұқым қуалау, өмірлік тәжірибе/ және адам 
тұлғалығына басымдық танытады. Яғни, қандай да болсын ішкі себептердің әрекеттесуі дамудың ішкі
негізіне байланысты» болатынын көрсетеді .
Қарым – қатынас мәнін анықтауда
оның
функционалдық және деңгейлік
ұйымдасуы жайлы зерттеулердің маңызы ерекше (Б.Д.Парыгин, Г.М.Андреева, А.А.Бодолев, 
А.А.Брудный, А.А.Леонтьев, Б.Ф.Ломов, Л.А.Карпенко, В.Н.Панферов, Е.Ф.Тарасов, Я.Яноушек және 
т.б.) [3]. В.Н.Панферов қарым – қатынасты: байланыс, өзара әрекет, таным, өзара қатынас деп бөліп, 
осыған сәйкес қарым – қатынасты зерттеуде: коммуникативтік, ақпараттық, гностикалық және 
реттеушілік бағыттарды ұсынған. 
Қарым-қатынастың құрылымы мен
атқаратын функциясының күрделілігі
қарым-
қатынастың өзара байланысты үш жағынан байқалады. Олар: 
– ақпараттық (немесе коммуникативтік), қарым-қатынасқа түсетін адамдар арасында ақпарат 
алмасу жүреді; 
– өзара әрекеттесу (немесе интерактивтік) қарым-қатынас жасаушылардың білім, идея, жай-күй 
ғана емес әрекет алмасуларымен ерекшеленеді. 
– түсінісу (немесе перцептивтік), қарым-қатынастағы серіктестердің бір-бірін қабылдауы, 
бағалауы және түсінуі болып табылады. 
Коммуникативті жағы- ақпарат алмасуда, интерактивті – қарым – қатынас серіктерінің қарым – 
қатынасының таңбалық жүйелерін кодтау, өзара әрекеттерін реттеуде, перцептивті - әңгімелесушіні 
салыстыру, сәйкестендіру, апперцепция, рефлексия сияқты механизмдердің көмегімен «оқу» кезінде бір-
бірімен байланысты жүзеге асырылады.


Қарым қатынас – а) Бірігіп әрекет ету қажеттілігінен туындайтын, құрамына ақпарат алмасу, өзара 
әрекеттесудің біртұтас стратегиясын жасау, өзге адамды қабылдау және түсіну, адамдар арасындағы 
байланыстың орнауы мен дамуының күрделі, көп мақсатты процесі; б) Субъекттердің белгілілік 
құралдармен жүзеге асырылатын, бірігіп әрекет ету қажеттілігінен туындаған және серіктесінің жай-
күйін, мінез-құлқы мен тұлғалық-маңыздылық құрылымын өзгертуге бағытталған өзара әрекеттесуі. 
Қарым-қатынаста бірінің әрекеті екіншісінің әрекетіне бейімделуіне қол жететін кемінде екі 
адамның әлеуметтік коммуникациясының не қарым-қатынасының формасы - әлеуметтік әрекеттестік 
болып табылады. Тұлға диспозициясы – әрекеттің белгілі бір жағдайлары және осы жағдайлардағы 
белгілі бір мінез-құлықты қабылдауға деген бейімділіктердің жүйесі. 
Формасы мен түрі жағынан қарым-қатынас алуан түрлі. Психологтар тікелей және тұспалдық, 
тура және жанама, вербалды (сөзбен) және бейвербалды т.б. қарым-қатынас түрлерін көрсетеді. 
Психикалық процестер, адам мінез-құлқының қалыптары мен ерекшеліктері дәл осы қарым-
қатынаста туындайды, іске асады және танылады. 
Өзінің міндеті бойынша қарым-қатынас көп функциялы. Оның мынадай негізгі функциясын бөліп 
көрсетуге болады : 
1. Прагматикалық функция адамдардың біріккен іс-әрекеті процесінде өзара әрекеттесуде жүзеге 
асады. 
2. Қарым-қатынастың қалыптастырушы функциясы адамның тұлға ретінде даму және қалыптасу 
процесінде танылады. Үлкендермен қарым-қатынас жасамастан ешкім қазіргідей бола алмас еді. 
Даму барысында бала мен үлкен адамның сыртқы қарым-қатынас формалары ішкі Жоспарға 
айналады. 
3. Растау функциясы. Біз өзге адамдармен қарым-қатынас жасағанда ғана өзімізді өзіміздің 
алдымызда танып, түсініп, растай аламыз. Өз құндылығының мойындалатындығына көз жеткізу үшін 
адам өзге адамдардың қолдауын іздегенде осы функция көрінеді. Уильям Джеймс өзі адам үшін 
«қоғамда өзімен өзі қалдырылып, мүлдем ескерусіз қалғаннан артық жаза жоқ». Кейде психологтар бұл 
жағдайды «расталмау» деп атайды. 
4. Тұлғааралық қатынастарды ұйымдастыру және қолдау функциясы. Кез-келген адамның қарым-
қатынасы өзге адамдарды бағалаумен және белгілі бір – жағымды немесе жағымсыз эмоциалық 
қатынасты орнатумен байланысты. Тіпті бір адамның өзіне әр түрлі жағдайда біз түрліше қатынас 
жасаймыз. 
5. Тұлға ішіндегі қарым-қатынас формасы. Өз-өзімен жүргізетін диалогтың негізінде адам белгілі 
бір шешімдер қабылдап, маңызды әрекеттерге барады. Мұндай «ішкі» қарым-қатынасты адам 
ойлауының әмбебап тәсілі ретінде қарастыруға болады. Психологияда қарым-қатынастың негізгі үш 
типі: манипуляциялық, императивті және диалогтық көрсетеді. 
А. Императивтік қарым-қатынас, кейде өктемшіл немесе директивті деп атайды. Ол қарым-
қатынастағы серіктестерінің бірі екіншісінің мінез-құлқы мен ойын бақылауға, қандай-да бір іс-әрекетке 
итермелеуге талпынуымен ерекшеленеді. Бұл жағдайда қарым-қатынастағы серіктес басқаруды қажет 
ететін машина сияқты, жансыз обьект ретінде қарастырылады; ол пассив, «ырықсыз» жақ болады. 
Императивті қарым-қатынас құралы ретінде бұйрықтар, нұсқаулар, ережелер, талаптар, қорқыту және 
сол сияқтылар қолданылады. 
Б. Манипуляциялық қатынас императивтікке ұқсайды. Оның мақсаты - қарым-қатынастағы 
серіктесіне ықпал ету. Бірақ бұл жерде көздегеніне қол жеткізу жасырын жасалады. Императив сияқты 
манипуляцяда екінші адамның мінез-құлқы мен ойын бақылауға ұмтылады. Манипуляция бизнесте және 
ресми қатынастарда жиі кездеседі. 
Өзгені өзінің ықпал ететін объектісіне айналдыру арқылы, шынайы серіктесін көрмей, байқамай, 
өз-өзімен өзінің мақсаттары мен міндеттерімен қарым-қатынас жасайды. 
В. Диалогтық қарым-қатынас өктемшілдік және манипулятивтік типтерге қарсы, ол серіктестер 
құқықтарының теңдігіне негізделген. Диалогтық қарым-қатынас тек бірқатар арақатынас ережелерін 
сақтағанда ғана жүзеге асады. Диалогтік, басқаша айтқанда гуманистік қарым-қатынас түсінісудің, 
ашылудың анағұрлым терең деңгейлеріне жетуге мүмкіндік береді. Қарым-қатынасты қарастыру бұл 
құбылыстың күрделілігін, алуан түрлілігін оның функцияларының көп сатылылығын көрсетеді. 
Қарым-қатынас адам дамуының қайнар көзі.Ол бірлескен іс-әрекеттегі адамдар арасындағы 
ақпарат алмасу, байланыс орнату және оны шешу процесі. Бірлескен іс-әрекетті тудыратын қажеттілік, 
ары қарай қарым-қатынасты орнату стратегиясы Жоспарланады. Қарым-қатынас адамның қабілетін, 
дүниетанымын,рухани адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың жолы. Тұлға әрекетінің негізгі 
түрлері осы қарым – қатынас арқылы дамып жетіліп жүзеге асады. Өзге адамдармен қарым-қатынаста 


бола отырып адамзат жинаған білімді, оның тәжірибесін, заңдары мен нормаларын құндылықтары мен 
әрекет ету тәсілдерін меңгеру арқылы адам тұлға ретінде қалыптасады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   124




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет