Лекция тезистері



Pdf көрінісі
бет115/124
Дата11.02.2022
өлшемі1,21 Mb.
#131432
түріЛекция
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   124
Байланысты:
2. Лекция (7)

реттеушi 
деуге болады. Ол психологияда өзiн-
өзi реттеу,басқару проблемасы ретiнде көрнiс бередi.
Ерекше дербес процесс ретiнде мiнез-құлықты реттеу идеясын айқын тұжырымдағандар 
×.Шеррингтон мен И.М.Сеченов. Олар К. Бернардың өзiн-өзi реттеу туралы қағидасына сүйендi. Ерiктi 
жеке дербес күш ретiнде мойындамады. Мәселен, И.М.Сеченов адам әрекетiнiң себебiн оған белгiлi бiр 
мағына беретiн сезiмдiк қозудан, ойдан және моральдық сезiмдерден iздейдi.
Ерiктiң реттеушi функциясын өзiнiң талдау пәнiне айналдырған психолог М.Я.Басов. Оның 
айтуынша, ерiк тұлғаның өз психикалық функцияларын реттейтiн, шешiлетiн мiндеттерге сай оларды 
бiр-бiрiмен үйлестiретiн және қайта құратын психикалық механизм боп табылады. 
Л.С.Выготский ерiктi жоғары психикалық функция ретiнде, тарихи дамудың өнiмi ретiнде 
қарастырады. Оның айтуынша, кез-келген ерiк процесi әуелден әлеуметтiк, ұжымдық, 
интерпсихологиялық процесс.
Ерiктiк реттеу механизмi бойынша ғылым тарихында ерiк теориясының екi типiн бөлiп көрсетуге 
болады: автономдық (волюнтаристiк) және гетереномдық (интеллектуалдық, эмоциялық).
Сонымен, қазiргi психологияда ерiк проблемасы екi нұсқада көрiнедi: өзiн-өзi детерминдеу 
проблемасы ретiнде ( мотивациялық тұрғы мен “ерiктi таңдау” тұрғысы) және өзiн-өзi реттеу 
проблемасы ретiнде ( реттеушi тұрғы). 
Ерiктi психологиялық зерттеуде адам мiнез-құлқы табиғаты жөнiндегi екi қарама-қайшы 
концепциялардың - реактивтiк және активтiк (белсендi) арасындағы күрес елеулi рөл атқарды. 
Алғашқысы адамның күллi мiнез-құлқын iшкi және сырқы стимулдарға реакциялар (жауаптар) ретiнде 
ғана түсiндiрдi. Зерттеудiң мiндетi сол стимулдарды табу және олардың реакциялармен байланысын 
анықтау. Мұндай түсiнiкте ерiкке орын қалмай қалады, ол табиғаты жағынан рефлекторлық боп 
табылатын реакция ғана. И.П.Павлов ерiктi тiрi ағзаның кедергiге кездескендегi белсендiлiгiнiң көрнiсi, 
“еркiндiк инстинктi” ретiнде қарастырды. Мiнез-құлықты реакция ретiнде түсiну ХХ ғ. алғашқы 
ширегiнде психологияны реактология (К.Н.Корнилов) және рефлексологиямен ( Б.М.Бехтерев) 
ауыстыруға әкелiп соқты. Ал екiншi концепция бойынша, адамның мiнез-құлқы әуел бастан белсендi 
болып табылады, оның формаларын адам саналы түрде таңдауға қабiлеттi. Мiнез-құлықты бұлай 
түсiнуде ерiк және ерiктiк реттеу ұғымдары мiндеттi түрде қажет. Физиология саласында 
Н.А.Бернштейн мен П.К.Анохин жүргiзген зерттеулер осы көзқарасты растайды. Бұл зерттеулер 
негiзiнде қалыптасқан концепциялар бойынша, ерiк адамның өзiнiң мiнез-құлқын саналы реттей алуы, 
меңгеруi боп табылады. Бүгiнгi таңда осы тұрғыдан қарастырып зерттеуде қазiргi сана психологиясы 
мен когнитивтiк психология бағыттары маңызды рөл алуда. 
2.
Ерiктiк әрекеттердiң физиологиялық механизмдерiн былай түсiндiруге болады. Үлкен ми 
сыңарларының төбелiк бөлiгiнде қимыл қозғалысты басқаратын аумақ орналасқан. Ол ми қыртысының 
барлық аумақтарымен, соның iшiнде барлық талдағыштардың ми қыртысы ұштарымен байланысып 
жатады. Бұл байланыс ми қыртысының белгiлi бiр аумағында пайда болған қозудың қимыл-қозғалыс 
аумағына жетiп, онда да осындай процесс туғызу мүмкiндiгiн қамтамасыз етедi.
Сонымен, ми қыртысының қозғалыс бөлiгiнiң мидың басқа бөлiктерiмен байланысы адамның 
саналы қимылдары мен әрекеттерiнiң алға шарты болады. Бiрақ мұндай байланыс мiнез-құлықты ерiктiк 
реттеу механизмiн толық қамти алмайды. Сондықтан екiншi сигалдық байланыстардың рөлiнде ескеру 
керек. Өйткенi, екiншi сигналдық байланыстар ми қыртысының жалпы байланыстар жүйесiне қосылады 
да, оның қызметiн әлдеқайда күрделендiрiп жiбередi.


Екiншi сигналдық байланыстар негiзiнде адам мiнез-құлқының барлық саналы және мақсатты 
реттелуi жүзеге асады, алынған ақпараттың орнын, мезгiлiн, сипатын, тәсiлiн, қарқынын т.б. анықтау 
атқарылады. екiншi сигнал жүйесiнiң тiтiркендiргiштерi адам мiнез-құлқының қимыл-қозғалыстық 
бөлiгiнiң ғана белсендiлiгiн арттырып қоймай, ой, қиял, ес тәрiздi көптеген психикалық процестердiң 
басталуының сигналы болады, зейiндi реттейдi, сезiмдi туғызады. Екiншi сигналдар (сөздер) көмегiмен 
адамның бүкiл саналы әрекетi жүзеге асып реттелiнедi. Екiншi сигналдық байланыстар қимыл 
әрекеттердi бөгеу, ерiктi тежеу қызметiнде шешушi рөл атқарады. 
Сонымен, екiншi сигналдық байланыстар ақпараттың талдағыштан қозғалыс бөлiгiне жылжудың 
бағытын өзгертедi. Бұл ақпарат өте күрделi жолдан өтедi. И.П.Павлов қимыл-қозғалыстың ырықты 
болуы бүкiл ми қыртысының жалпы жұмысының нәтижесi деп түсiндiредi. Ал сананың реттегiш жағы 
ретiнде ерiк шартты рефлекстiк табиғатқа ие. Уақытша жүйкелiк байланыстар негiзiнде сан алуан 
ассоциациялар мен олардың жүйелерi қалыптасып нығаяды да бұлардың өздерi мақсатты мiнез-құлыққа 
жағдайлар жасайды. 
Тәжiрибе ерiктi реттеуде ми қыртысының маңдай бөлiгiнiң айырықша маңызы бар екенiн көрсетiп 
отыр. Әр сәт сайын жүзеге асып жатқан нәтиже мен алдын ала жасалынған мақсат бағдарламасының 
салыстырылуы тап осы жерде өтедi. Маңдай бөлiмiне зақым келу қимыл-қозғалысты, әрекеттi ырықты 
реттеудiң бұзылуынан көрiнетiн 
апраксияға
әкеп соғады. Мұндай адам қандай-бiр әрекеттi орындауды 
бастап, кез-келген кездейсоқ әсердiң нәтижесiнде оны бiрден тоқтатады не өзгертедi, яғни ерiктiк 
актыны жүзеге асыру мүмкiн емес. Ми патологиясы негiзiнде iс-әрекетке түрткiнiң болмауынан, шешiм 
қабылдауға, қажеттi әрекеттi жүзеге асыруға қабiлетсiздiктен көрiнетiн
абулия
(ерiктiң әлсiреуi) пайда 
болуы мүмкiн. Абулия ми қыртысының патологиялық тежелуiнен туындайды.
3.
Адамның еркi алдын ала қойылған мақсатқа сай орындалатын әрекет, қылықтардан көрiнiп 
отырады. Ерiктiк әрекеттер құрылымы жағынан өте күрделi процесс болып табылады. Ерiктiк әрекеттер 
мақсаттың және сол сияқты оларды орындау барысында кездесетiн кедергiлердiң, қиындықтардың 
болуымен, оларды орындау кезiнде бастан кешетiн тебiренiс,толғаныстардың болуымен сиптталады. 
Ерiктiк әрекеттердi 
қарапайым
және 
күрделi
деп бөледi. Қарапайымы, әдетте, 
мақсат қою
және 
орындау
сияқты екi буыннан тұрады. Күрделi ерiктiк әрекетте 
мақсатты ұғыну

Жоспарлау
және 
орындау
деген үш буын айқын бөлiнедi. 
Адам еркiнiң психологиялық мәнiн түсiну үшiн күрделi ерiктiк әрекеттi қарастырып көрейiк. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   124




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет