Күрделі липидтерге – фосфолипидтер, сфинголипидтер және гликолипидтер жатады. Барлық фосфолипидтер түзілетін аралық алғы зат болып фосфатид қышқылы есептеледі. Ол 1,2-диацилглицерол, үшінші гидроксил тобы фосфор қышқылымен этерленген. Табиғи фосфолипидтерде С16-22 көмірсутек атомдары бар қаныққан және қанықпаған май қышқылдары болады. Бірақта көбінесе С16-С18 май қышқылдары кездеседі. Сфинголипидтердің төрт тобы бар: 1) сфингомиелиндер, 2) цереброзидтер, 3) ганглиозидтер, сфигозин 4) сульфолипидтер. Соңғы үшеуінің құрамында қант бар, олар гликолипидтер деп аталады. Барлық сфинголипидтердің негізінде сфингозин бар. Сфингозин қанықпаған аминоспирт. Цереброзидтер - сфинголипидтер ішіндегі ең қарапайымы, церамидтен және қанттың бір қалдығынан (галактозадан немесе глюкозадан) құралады. Құрамында галактоза бар. Цероброзидтер көп мөлшерде сүтқоректі жануарлардың миында және жүйке ұлпасында кездеседі.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ Гликолипидтер
Гликолипидтер — құрамында оттек үзінділері бар липидтер. Күрделі құрылысты вирустардың қабықтарына кіреді. Липид бөлігінің құрлысына қарай оларды нейтральды. Гликолипидтер гликосфинголипидтерге, гли- гликофосфолипиды.Гликолипидтер — құрамында қант қалдығы болатын күрделі липидтер. Жасушаның биологиялық жарғақтарының құрылымдық құрамын құрайды. Гликолипидтер-жүйке ұлпасының құрамында көптеп кездседі.
Гликолипидтер
ЦЕРОБРОЗИДТЕР
Цереброзидтер (гликосфинголипидтер) (лат. Cerebrum - ми) - күрделі липидтер тобынан шыққан табиғи органикалық қосылыстар. Жасуша мембранасының компоненттері. Олар алғаш рет мидың ішінен табылған (демек атауы). Цереброзидтер сфингозиннің, май қышқылының және көмірсулардың аминқышқылды қалдықтарынан түзіледі (галактоза, глюкоза азырақ). Май қышқылдарының құрамдас бөлігі ретінде цереброзидтердің құрамына көбіне тізбектегі 24 көміртегі атомдары бар қаныққан, қанықпаған қышқылдар мен гидрокси қышқылдары кіреді. Галактоцереброзидтер негізінен ми жасушаларының мембраналарында болады, ал глюкоцереброзидтер әртүрлі жасушалардың (тек нейрондық емес) мембраналарында болады
ГАНГЛИОЗИДТЕР
Ганглиозидтер — гликосфинголипидтер тобына кіретін табиғи органикалық қосылыстар. Құрамында нейрамин қышқылының бір, не бірнеше қалдықтары бар. Ганглиозидтер торша мембранасында болады да, тұтас вирус құралғанда оның қабығына кіреді. Молекула саны 1500— 3000.