Әрекет – бұл өте ұсақ құрамалардан тұратын күрделі элемент. Осындай жағдай әрбір әрекет
мақсатқа негізделетінімен түсіндіріледі. Адамның мақсаты әрқырлы ғана емес, сонымен қатар көп
масштабты болып келеді. Ірі мақсаттар бар, олар –өз алдына ұсақ мақсаттарға бөлінеді.
Енді әрбір әрекет әртүрлі жолдармен орындалатынына көңіл аудару керек, яғни әртүрлі
тәсілдермен орындалады. Әрекетті орындау тәсілі операция деп аталады. Әрекетті орындау тәсілі
жағдайларға байланысты болады. Әр түрлі жағдайларда бір мақсатқа жету үшін әртүрлі операциялар
қолданылуы мүмкін. Жағдайларға сыртқы шарттар мен әрекет етуші субъекттің мүмкіндіктерін
жатқызамыз. Сондықтан іс-әрекет теориясында мақсат міндет деп аталады.
Міндетке байланысты операция әр түрлі әрекеттерден тұруы мүмкін. Бұл әрекеттер өз алдына ұсақ
әрекеттерге бөліне алады.Осылайша, операциялар – іс-әрекеттің ірірек бірліктері.
Операцияның басты қасиеті олар аз сезіледі немесе тіпті сезілмейді. Әрекеттен операцияның
айырмашылығы сонда. Жалпы айтқанда, операция деңгейі – ол автоматтық әрекеттер мен
дағды деңгейі.
Дағды түсінігіне орындау барысында пайда болатын саналы іс-әрекеттің автоматтандырылған
компоненттерін жатқызамыз. Басынан бастап автоматтандырылған әрекеттерге қарағанда (мысалы
рефлекторлық қимылдар) ұзақ жаттығулар арқасында дағды автоматтандырылған болады. Сондықтан
операциялардың екі түрі болады: бірінші түріне адаптация мен бейімделу арқылы пайда болған
операцияны жатқызамыз. Ал екінші түріне – автоматизацияның арқасында дағдыға айналып, санасыз
әрекеттер процестеріне өтіп кеткен саналы әрекеттерді жатқызуға болады. Бірінші түр айтарлықтай
сезілмейді, ал екіншілері сана шекарасында тұрады.