Лекция тезистері


Іс-әрекет пен белсенділік физиологиясы



Pdf көрінісі
бет23/124
Дата11.02.2022
өлшемі1,21 Mb.
#131432
түріЛекция
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   124
Байланысты:
2. Лекция (7)

3. Іс-әрекет пен белсенділік физиологиясы 
Іс-әрекет – бұл өте күрделі және көп аспектілі құбылыс. Бұл құбылыс психикалық және 
физиологиялық процестердің бірлігінің арқасында пайда болады. Кеңес ғалымдарының ішінде 
өміріміздің керекті шарты ретінде әрекетке ең алғаш болып көңіл аударған И.М.Сеченов. Бұл мәлелені 
ол “Бас мидың рефлекстері” деген кітапты дамытқан. 
Адамның әрекет пен іс-әрекетінің әр түрлі психикалық құбылыстарының байланысын 
И.М.Сеченов 
психомоторика
деп атаған. Оның ойынша, психомоторлық іс-әрекеттің алғашқы элементі 
болып қозғалғыштық әрекет болып табылады. Жаттығу немесе қайталану барысында дамитын 
қозғалғыштық әрекетті қозғалғыштық немесе психомоторлық дағды деп атаған жөн.
Кез келген қозғалыс немесе саналы әрекеттің әрдайым мақсаты болады, яғни ол бағытталған. 
Сондықтан да біздің күшіміздің жұмсалатын белгілі бір өрісі болуы тиіс. Психомоторика 
проблемаларын қарастырғанда бұл өрісті 
моторлық өріс
деп атайды.


Одан басқа саналы әрекет жасау үшін біздің күшіміз жұмсалатын өріс 
сенсорлық өріс
деп аталады. 
Бұл өрістен ақпарат қабылданады.
Психологияның дамуына орай іс-әрекеттің ұйымдастырылу жүйесі туралы түсініктер өзгеріп 
отырды. И.М.Сеченовтің “Бас мидың рефлекстері” деген еңбегінің жарыққа шығуымен және 
“психомоторика” терминінің дәлелденуімен, одан соң И.П.Павловтың шартты рефлекстерді ашуына 
орай психологияда іс-әрекеттің рефлекторлық табиғаты туралы түсінік берік сақталды. Әдетте әрекеттер 
қабылданған ақпаратқа жауап реакциясы ретінде қарастырылады. 
Қабылдау мен жауап әрекетінің байланысы сенсомоторлық процесс деп аталады. 
Психомоториканың зерттеу барысында зерттеушілер жауап реакциясының үш тобын бөліп шығарды: 
қарапайым сенсомоторлық реакция, күрделі сенсомоторлық реакция және де сенсомоторлық 
координация. 
Кез-келген сенсомоторлық реакция жеке әрекет немесе күрделі психомоторлық акттың элементі 
ретінде қастырылады. Физиологиялық тұрғыдан алғанда сенсомоторлық реакциялар шартты рефлекстер 
ретінде көрініс алады.
Психомоторлық процестердің ерекше түрі ретінде 
сенсоречивті 
және
идеомоторлық реакциялар
ерекшеленеді. Сенсомоторлық реакциялар тәрізді сенсорлы реакциялардың да үш кезеңі болады: 
сенсорлық, орталық және моторлық. Бірақ орталық кезең өте күрделінген және де екінші дабыл 
жүйесінде өтеді, ал моторлық кезең сөлеудің қимыл компоненті ретінде айқындалады.
Психомоторикада әрекет пен оның орындалуын түсінігін байланыстыратын идеомоторлық 
процестер ерекше орын алады. Бұл процестердің мәні жетік іс-әрекетті меңгеру барысындағы 
автоматизмдер мен дағдының қалыптасуында. 
Психомоторика мәселелерін өндіру өзінің жемісті нәтижелерін берді. Оның нәтижелері спорт 
саласында, әскери істе, арнайы оқытуда, т.б. салаларда кеңінен қолданылды. Бірақ психологияның 
дамуы барысында іс-әрекеттің компоненті болып есептелетін әрекеттің сенсомоторлық процеске 
қарағанда құрылымы күрделірек болып келеді. Психомоториканың ең басты кемшілігі қозғалыс актісі 
сенсорлық дабылға жауап реакциясы ретінде қарастырылатындығы. Өзіміз білетіндей, әрекет әрдайым 
саналы болады, яғни ол біздің сана өрісімізде болып, бақыланады. Сана әрдайым белссенді болатынын 
ескерсек, саналы қимыл мен іс-әрекет те реактивті емем, белсенді болады. Адам белсенділігі мен іс-
әрекетінің қайнар көзі сыртқы ортаның әсері емес, адамның психикасы, оның қажеттіліктері мен 
мотивтері болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   124




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет