Лекция тезистері


Қысқаша теориялық мәлімет



Pdf көрінісі
бет39/124
Дата11.02.2022
өлшемі1,21 Mb.
#131432
түріЛекция
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   124
Байланысты:
2. Лекция (7)

Қысқаша теориялық мәлімет:
1.Түйсiк – таным негiзi 
Бiз ендi танымдық психикалық процестердi қарастыруды бастап, ең алдымен, олардың iшiндегi ең 
қарапайымдысы - түйсiктерге тоқталамыз. Түйсiк процесi сезiм мүшелерiне тiтiркендiргiштер деп 
аталатын әр түрлi материалдық факторлардың әсер етуi салдарынан пайда болады. Ал осы әсер ету 
процесi тiтiркену деп аталады. Тiтiркенудiң өзi басқа процестi – орталыққа бағытталған немесе 
афференттiк жүйкелер арқылы бас ми қыртысына өтiп, түйсiктi тудыратын қозу процесiн тудырады. 
Осылайша, түйсiк объективтiк ақиқатты сезiмдiк бейнелендiру болып табылады. Олар сананың сыртқы 
ортамен байланысын қамтамасыз етiп, объективтi дүние заттары мен құбылыстарының қасиеттерiн 
бейнелейдi. 


Түйсiк
– бұл материалдық дүние заттары мен құбылыстарының, сондай-ақ организмнiң iшкi 
күйлерiнiң жеке қасиеттерiн бейнелеуде көрiнетiн қарапайым психикалық процесс. Бұл процесс 
материалдық тiтiркендiргiштердiң сәйкес рецепторларға тiкелей әсерi нәтижесiнде жүзеге асады. 
Рецептор
– бұл дененiң үстiнде немесе оның iшiнде орналасатын, және табиғаты жағынан әр 
түрлi тiтiркендiргiштердi - физикалық, химиялық, механикалық және т.б. - қабылдауға және оларды 
жүйкелiк электр импульстарына түрлендiруге арналған арнайы органикалық құрылғы. 
Эволюция барысында әрбiр рецептор белгiлi бiр тiтiркендiргiшке арнайы бейiмделе отырып, 
дамыған. Осылайша, тангорецепторлар сипап сезудi сезiнуге, аусторецепторлар дәм сезу 
тiтiркендiргiштерiн түйсiнуге, стиборецепторлар – иiс сезуге, фонорецепторлар дыбыстық 
тiтiркендiргiштердi және фоторецепторлар жарықтық (немесе сәулелiк) рецепторларды түйсiнуге 
бейiмделген. 
2.
Түйсiктердiң адам тiршiлiк iс-әрекетiндегi рөлi өте зор, себебi олар бiзге сыртқы дүние және 
өзiмiз жайлы бiлiмдердi бередi. Сыртқы ортаның сан-алуан әсерлерi, дыбыстар мен бояулар, иiстер мен 
температура, мөлшер және т.б. жөнiнде мәлiметтi бiз сезiм мүшелерiмiз арқылы алып, оларды жан-
жақты танып-бiлемiз.
Сезiм мүшелерiнiң ақпаратты алу, сұрыптау, жинау және миға жiберу процестерi негiзiнде әсер 
еткен объектiнiң адекватты (шындыққа сәйкес) бейнесi қалыптасады. Осындай күрделi процесс 
В.П.Зинченконың пiкiрiнше, үздiксiз болып отырады. Ол секундына мыңнан астам өтетiн 
операциялардан тұрады. 
Сезiм мүшелерi – сыртқы дүниенi адам санасына жеткiзетiн каналдар. Сезiм мүшелерi адамның 
сыртқы ортада және өз iшкi күйiнде бағдарлай алуына мүмкiндiк бередi. 
Адамда қоршаған дүниеден ақпаратты алу тепе-теңдiкте немесе баланста болуы қажет. 
Ақпараттық балансқа қарсы ақпараттық салмақ түсу мен ақпараттық жетiспеушiлiк (сенсорлық 
изоляция) сияқты құбылыстар кездеседi. Бұл екi келеңсiз жағдайлар
 
организмнiң күрделi 
функционалдық бұзылысына алып келедi. 
Сенсорлық изоляция 
дегенiмiз - адамның ұзақ уақыттық, толық немесе жартылай сенсорлық 
әсерлерден айрылуы. Осы тұрғыдан сенсорлық ақпарат алуды шектеу бойынша жүргiзiлген 
эксперименттiк зерттеулердiң нәтижелерi өте көрнектi болып табылады. Бұл эксперименттерде 
зерттелушiнi арнайы камераларға орналастырып, толық сенсорлық изоляцияға дейiнгi жағдайға 
жеткiзген. Бiрнеше сағаттан кейiн-ақ зерттелушi мазасыздық күйiне жетiп, эксперименттi доғаруды 
сұраған. Ал ұзақ мерзiмдiк эксперимент жағдайына түскен зерттелушiлер, алдымен, уақыттық 
бағдардан, ал одан кейiн, тiптен, ойлау қабiлетiнен айырылған. Олар тiптi оңай есептердi шеше алмай, 
көбiсiнде ес процесiнiң бұзылысы байқалған. Зерттелушiлердiң 80% жуығында көру галлюцинациялары 
пайда болған. Осындай эксперименттерге адамдар 2-3 күннен артық шыдамаған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   124




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет