4. Есту түйсiктерi. Адамның есту түйсiктерi сөйлеу мен музыканы қабылдаумен байланысты.
Есту түйсiктерi есту рецепторына әсер ететiн дыбыс шығарған денемен тудырылатын және ауаның
кезекпен шоғырланып, сиреуi болып табылатын дыбыстық толқындарды бейнелеу болып табылады.
Дауыс көмекейдегi дыбыс желбезегiнiң (шымылдығының) тербелiсiнен туады. Оның тербелiсi
ауаның өтуiне және дыбыс желбезегiнiң керiлу күшiне байланысты болады. Есту адаптациясы - есту
сезiмталдығының түрлi дыбыс күшiне бейiмделуi. Есту жiткiрлiгi - сыбырлап айтылған сөздi құлақтың
ұзақтан анық есту қабiлетi.