Уақытты қабылдау. Уақытты қабылдау – бұл құбылыстар мен оқиғалардың ұзақтығы мен
тiзбегiн бейнелендiру. И.П. Павлов пен оның iзбасарлары тәжiрибе жүзiнде дәлелдеген адамдарда үнемi
жасалынып отыратын уақытқа деген шартты рефлекстер уақытты қабылдау процесiнiң физиологиялық
негiзi болып табылады. Уақыттық аралықтар адам организмiнде болатын ырғақты процестермен
анықталады. Уақытты дәл, тiкелей қабылдауға көнетiн тек қысқа мерзiмдi интервалдар ғана. Уақыттық
аралықтарды дәл бағалауға есту және қимылдық түйсiктер себепшi болатындығы анықталған.