Лекция тезистері


Заттардың аумақтылығы мен қашықтығын қабылдау



Pdf көрінісі
бет54/124
Дата11.02.2022
өлшемі1,21 Mb.
#131432
түріЛекция
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   124
Байланысты:
2. Лекция (7)

Заттардың аумақтылығы мен қашықтығын қабылдау. 
Заттардың аумақтылығын немесе 
тереңдiгiн қабылдауда 
бинокулярлық көру 
(немесе екi көзбен көре қабылдау) негiзгi рөл атқарады. 
Монокулярлық көру 
(бiр көзбен қарау) қашықтықты белгiлi-бiр шек маңында ғана дұрыс анықтай 
алады. Егер шамалы қашықтықта керулi тұрған жiңiшке жiпке бiр көзбен қарасақ, жоғарыдан тасталған 
кiшкентай шардың оның алдынан немесе артынан өткенiн айыру қиын. Ал егер екi көзбен қарайтын 
болсақ, дәл осы құбылысты дұрыс қабылдау бiзге қиын соқпайды. 
Бинокулярлық көруде заттың кескiнi 
диспаранттық 
нүктелерге, яғни оң және сол көздiң тор 
қабықтарының толық сәйкес емес нүктелерге келiп түседi. Кескiн сәулесi бiртектес нүктелерге, яғни тор 
қабықтың бiр-бiрiне толық дәл келетiн нүктелерiне келiп түссе, онда кескiн жалпақ болып 


қабылданады. Егер зат бейнесiнiң диспаранттылығы тым үлкен болса, онда бейне қосарлана бастайды. 
Диспаранттылық белгiлi мөлшерден аспаған жағдайда тереңдiктi қабылдау пайда болады. 
Тереңдiктi қабылдауда көз бұлшықеттерiнiң жиырылуы мен жазылуынан пайда болатын 
бұлшықеттiк-қозғалыстық түйсiктердiң маңызы аз емес. Саусақты ақырындап мұрынға жақындату, көз 
бұлшықеттерiнiң тартылуының нәтижесi болатын проприоцептивтiк түйсiктер туғызады. Бұл түйсiктер 
көз остерiн жақындататын (
конвергенция 
құбылысы), ажырататын (
дивергенция 
құбылысы) 
бұлшықеттерден және көз бұршағының шапыраштануын өзгертетiн бұлшықеттен шығады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   124




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет