адамдарда өте жақсы дамыған. Мысалы Рафаэль өзiнiң сүреттерiн салғанда көз алдында оның бейнесiн
көрiп тұрады екен. Осы бейнелеу естiң түрлерiн
эйдетикалық ес
(''эйдос'' грек сөзi - бейне) дейдi.
Мұндай адамдарда әсерлер мен бейнелер көз алдында нақты елестетiп, олардың жеке қасиеттерi мен
бөлшектерi айқын ажырата алады. Осы ес түрiнде адам бәрiнде өте жақсы есiне сақтай алады. Бұны тағы
феноменалды ес дейдi. Әйгiлi композиторларда В.Моцартта, С.В.Рахманиновта, сүретшiлерде – Н.Ге,
Г.Доре, Дж.Рейнолдста, колбасшыларда- Юлий Цезарда, Александы Македонскийда, Наполеон
Бонапарртта осы ес түрi болған.
Бейнелi-көрнекiлiк естiң сонымен бiрге қимыл-қозғалыс, эмоциялық-сезiмдiк түрлерi болады.
Қимыл-қозғалыс есi
дегенiмiз
–
ойын, спорт, еңбек, оқу әрекеттерiне байланысты әр түрлi қимыл-
қозғалыстар мен әрекеттердi есте қалдырып, оларды қайта жаңғыртып отыру. Естiң бұл түрi қозғалыс
дағдыларын қалыптастырудың негiзi болып табылады. Мысалы, әрiптердi, сөйлемдердi жазу, суда
шомылу, машинаны айдау. Калыптасқан дағдылар өмiр бойы есте сақталып келедi.
Эмоциялық-сезiмдiк ес
дегенiмiз бастан кешiрген түрлi сезiмдер мен эмоциялық күйлерiн есте
қалдырып отыруы және қайта жаңғыртуы. Бұл естiң түрi, басқалармен салыстырғанды, әлде қайда күштi
болады. Адам есiне ең жақсы сақталатыны ол бакстан кешiрген ең құанышты немесе өте қайғылы
оқиғалары болады, өйiткенi сол кездегi сезiмдер мен күйлер өте қатты есте қалады. Бұл ес түрiнiң
кәсiптiк жағынан театр немесе кино актерлардың жұмысына маңызы өте зор.
Есте сақтау, мерзiмiне қатысты: қысқа мерзiмдi, ұзақ мерзiмдi (түпкiлiктi ес) және оперативтi ес
деп бөледi. Әсер еткен әр түрлi тiтiркендiргiштердiң немесе мәлiметтердiң бейнесi адамда алдыменен
тұрақсыз, құбылмалы болып тұрады (көз алдында тұрғандай, құлағында әлi естiлiп тұрғандай, оқиға
бiтседе ойымызда жалғасып жататындай). Еске қалдыру үшiн ең алдыменен бұл мағлуматтар
жинақталынып алынуы керек. Оған бiр шама уақыт кетедi. Бұл уахытты iздердiң консолидациясы дейдi.
Есте сақтаудың ерекше бұл түрiн
Достарыңызбен бөлісу: