2. Таным түрi бойынша: 1) Эмпирикалық ойлау -
теориялық ойлаумен салыстырғанда, қарадүрсiн, жағдаяттық жалпылаулармен
байланысты болатын ойлаудың түрi.
2) Теориялық ойлау - ғылыми ұғымдар негiзiнде заттар мен құбылыстардың мәнiн танып-бiлу.
3. Рефлексия немесе саналау деңгейi бойынша: 1) Интуитивтiк ойлау - тез өтетiн, анық кезеңдерi жоқ, көбiнесе саналанбайтын ойлаудың түрi. Бұл
ойлау түрi кеңестiк психологияда Я.А. Пономаревпен, Л.Л. Гуровпен және т.б. зерттелiнген.
2) Рационалдық (аналитикалық немесе логикалық) ойлау - уақыт бойынша кең таралған, айқын
кезеңдерi бар, ойлаушы субъектiнiң санасында едәуiр көрiнiс табатын ойлау түрi.