Ойлау адамның сыртқы дүниемен қарым-қатынас жасау процесiнде туындап отырады. Адам
ойлауының мазмұнын билейтiн – объективтiк шындық. Адамға мақсат қойып, оған жетуге
ұмтылдыратын – оның қажеттiлiктерi.
Ойлау - өзiндiк iшкi қарама-қайшылықтарға толы процесс. Бұл қайшылықтар ойлау дамуының
және iске асуының қозғаушы күштерi болып табылады, яғни ойлау осы қарама-қайшылықтарды,
басқаша айтқанда, проблемалық жағдаяттарды шешу барысында өрбидi.
Ойлаудың физиологиялық негiздерi И.П. Павловтың бiрiншi және екiншi сигнал жүйесi жөнiндегi
iлiмiне байланысты түсiндiрiледi. Ойлау – ми қыртысының күрделi формадағы анализдiк-синтездiк
қызметiнiң нәтижесi, мұнда екiншi сигнал жүйесiнiң уақытша жүйке байланыстары жетекшi рөл
атқарады. Екiншi сигнал жүйесiнде жүйке қызметiнiң өз алдына дербес заңдары бар деуге болмайды.
Сигнал жүйелерiнiң мидағы заңдылықтары бiрдей. Бiрақ, олардың айырмашылықтары мынада: егер
бiрiншi сигнал жүйесiндегi реакциялар нақтылы құбылыстарға байланысты туса, екiншi сигнал жүйесi
оларды жалпылап отырады.
Достарыңызбен бөлісу: