2. Шығу тегi мен пайда болуы (генезi) бойынша ойлау келесi түрлерге жiктеледi:
1. Көрнекi-әрекеттiк ойлау -
мәселенi шешу жағдаятын шынайы түрлендiретiн бақыланатын
қозғалыстық әрекет арқылы iске асатын ойлау түрi.
2. Көрнекi-бейнелiк (бейнелiк) ойлау – жағдаят тек бейне Жоспарында ғана түрленетiн ойлау түрi.
3. Сөздiк-логикалық (пайымдаушы) ойлау –
тiлдiң және тiлдiк құралдардың көмегiмен шығарылатын
ұғымдарды, логикалық құрылымдарды пайдаланумен сипатталатын ойлаудың негiзгi түрлерiнiң бiрi.
Сонымен қатар, психологияда ойлаудың қос классификациясы да танымал.
1. Мәселенiң түрiне байланысты: 1) Теориялық ойлау -
ғылыми ұғымдарды пайдалану негiзiнде заңдар мен ережелердi танып-бiлуден
тұратын ойлаудың жоғары дамыған түрi.
2) Практикалық ойлау - ақиқатты физикалық түрде өзгертуге дайындық күйiн (мақсат қою, Жоспар,
жоба, схема құру) бiлдiретiн ойлау түрi. Бұл ойлау түрi кеңес ғалым-психологы Б.М. Тепловпен едәуiр
көп зерттелiнген.