Ұмыту дегенiмiз - қабылдағанды, еске қалдырғандарды қажет болғанда еске түсiре алмау,
танымау немесе еске түсiру мен танудың қателесiп жаңылысуы. Сонда миға келген мәлiметтiң барлығын
есте сақтай бермей, керегiн қалдырып, маңызы жоғын ұмытамыз. З.Фрейдтiң айтуы бойынша, адамның
атына кiр келтiретiн, адамгершiлiкке қарсы тұрған, ар-намысқа сәйкес келмейтiн өткен уақиғалар
ұмытылады екен. Олар әр кезде мазасыздану немесе адам жанына ауырлық әкеледi де адам есiнен
ығыстырылады екен.
Әр түрлi травмалар немесе ауралар естiң бұзулуына әкелүi мүңкiн. Сол кезде естiң жоғалуын –
амнезия дейдi. Бұл құбылыстар мидағы тежеу, өшу заңдылықтарына байланысты. Бiрақ өшкен,
ұмытылған байланыстар бiр кезде жаңғырып, еске түседi. Бұны –
реминисценсия дейдi. өмыту – жүйке
клеткаларындағы тежелеу процестерiнiң дамуы. Осыған орай, уахытша ұмытуды
сақтық тежеу дейдi.
Адамның бұрынғы iс-әрекетi қазiргi есте сақтау жұмысына бөгет болып ұмытуға әкелсе, оны
проактивтiк (тежелеу ''алдын ала әрекет ету'') дейдi. Ал кейiнгi iс-әрекеттiң бұрыннан есiнде
сақталғандарына керi әсер етсе,
ретроактивтi тежелеу (''артқа қарай әрекет ету'') дейдi. Мұндай
ұмытудың көрiнiстерi бiр-бiрiне жақын материалдарды үйренуде жиi кездеседi. Оқу жұмысында, сабақ
кестесiн жасауда осы мәселенi ескеру қажет.