4.Ойлау операцияларының түрлерi Ойлау әрқашан анализ бен синтез процестерiнен басталады. Ойлау - түйсiк пен қабылдаудағы
анализ бен синтездiң жаңа мазмұнға ие болған түрi.
Анализ дегенiмiз ой арқылы түрлi заттар мен
құбылыстардың мәндi жақтарын жеке бөлiктерге бөлу.
Синтезде ой арқылы заттың, құбылыстың
барлық элементтерi бiрiктiрiледi. Анализ бен синтез – бiрiмен-бiрi тығыз байланысты, бiрiнсiз бiрi
болмайтын құбылыс. Бұл екеуi – бiрiнен бiрi ешқашан ажырамайтын ойлау процесiнiң негiзгi
компоненттерiнiң бiрi.
Анализ бен синтездiң негiзiнде салыстыру деп аталатын ойлау операциясы пайда болады.
Салыстыруда заттардың ұқсастық, айырмашылық қасиеттерi айқындалады.
Ойлау операциясының күрделi түрi – абстракция және жалпылау. Шындықтағы заттар мен
құбылыстарды жалпылау арқылы елеулi қасиеттерiн басқа қасиеттерiнен ойша бөлiп алуды
абстракция деп атайды.
Абстракцияның келесi түрлерi бар:
1.
Шеттетушi абстракция – белгiлi бiр тұтастылықтан құбылысты бөлiп алу.
2.
Жалпылаушы абстракция - құбылыстардың жалпыланған сипатын беру.
3.
Идеализация – шынайы-эмпирикалық құбылыстарды идеалды схемаға алмастыру.
Жалпы ұғымдар – абстракциялау принципiнiң нәтижесi.
Абстракцияға қарама-қарсы процестi нақтылау деп атайды.
Нақтылау – абстракциялық ұғымды
соған сәйкес келетiн жеке ұғымдармен түсiндiру, яғни жеке заттар мен нәрселер туралы ой.
Жалпылау дегенiмiз – бiр тектi заттардың, құбылыстардың ортақ қасиеттерiн оймен бiрiктiру.
Жалпылау үшiн заттардың ерекше маңызды белгiлерiн таба бiлу керек. Жалпылаудың негiзiнде жаңа
ғылыми ұғымдар, заңдар мен теориялар шығарылады.
Жалпылау арқылы шындықтағы заттар мен құбылыстарды белгiлi-бiр принцип бойынша
орналастыруды
жүйелеу дейдi. Жүйелеудiң жоғары түрi топтастыру (классификация).