1. Негізгі құралдарды тану критерийлері. Болашақ экономикалық тиімділік. Негізгі құралдардың бастапқы құны.
2. Негізгі құралдарды кіріске алу есебі. Кейінгі шығындар: капитализациялау және кезең шығындары.
1 сұрақ. Негізгі құралдарды тану критерийлері. Болашақ экономикалық тиімділік. Негізгі құралдардың бастапқы құны.
Негізгі құралдардың есебі 16 ҚЕХС «Негізгі құралдар» бойынша жүргізіледі.
Негізгі құралдар – бұл өндірісте қолдану үшін, тауарлар мен қызметтерді жеткізу үшін, басқа тұлғаларға жалға беру үшін немесе әкімшілік мақсаттар үшін мекеме ұстап отыратын және бір кезеңнен астам қолдануын болжайтын материалдық активтер.