Бұл әдіс араларында актив және пассив тармақтар қосылған екі түйіні бар электр тізбектерін есептеу үшін қолданылады.
Әдіс мәні: есептеу өрнегі бойынша екі түйін арасындағы түйіндік кернеу деп аталатын Uаб кернеу анықталады, содан кейін Ом заңы бойынша тармақтардағы токтар анықталады.
Бұл принцип кез келген сызықты жүйелердің негізгі қасиеттерінің бірі болып табылады және сызықты электрлік тізбектерге қатысты былайша тұжырымдалады: күрделі электр тізбегінің қандай да бір тармағындағы ток тізбекте әрекет ететін электр энергиясының көздерінің әрқайсысының осы тізбекте жеке тудыратын дербес токтарының алгебралық қосындысына тең