Лекция№1 Қазіргі жағдайдағы білім берудің басымдылық ролі Лекция жоспары


) Мектептегі ғылыми-әдістемелік жұмыс - мұгалімнің зерттеушілік мәдениетін қалыптастырудың алғышарты



бет19/160
Дата24.02.2022
өлшемі291,15 Kb.
#133049
түріЛекция
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   160
Байланысты:
Лекция№1 азіргі жа дайда ы білім беруді басымдылы ролі Лекция[1] (автовосстановление)
Критериалды бағалау, Критериалды бағалау, Ернар срс 1 инклюзив, Сапаны статистикалық бақылау Скачать Курстық жұмыс, mendebaev-sapany (1), Квалиметрия, Ба дарламасы 1 б лім. Экононикалы категория ретіндегі німдерді, Жақсыбаева Шариза 22.02
1) Мектептегі ғылыми-әдістемелік жұмыс - мұгалімнің зерттеушілік мәдениетін қалыптастырудың алғышарты.
Әдістемелік жұмыс мұғалімнің өзін-өзі дамыту барысында өзінің кәсіби құзыреттілігін арттыруға педагогикалық әсерінің қажетті мүмкіндігін қалыптастыратын іс-әрекеттерінің өзара байланысқан әдіс-тәсілдерінің нақты жиынтығын кұрайды. Әдістемелік жұмыс жүйесінің төмендегідей элементтер жиынтығын ашып көрсетуге болады: мақсат, ұйымдастыру принципі, мазмұны, формасы, әдстері және нәтижесі. Автор әдістемелік жұмыстың мақсаты мұғалімді педагогикалық шығармашылыққа жеткізетін білім, білік, дағды мен зерттеу мәдениетінің, рухани мәдениеттің бірін-бірі толықтыруы ретінде анықтайды.
Ғылыми-әдістемелік жұмыс өзара бір-бірімен тығыз байланысқан 2 бөліктен тұрады:
-оқу-әдістемелік жұмыс - педагоггарды оқу жоспары мен бағдарламасын құруға бағыттап, оқушыларды үздіксіз жалпы білім беруге даярлау идеясын жүзеге асырады, оқу-тәрбие үрдісінің сапасын қамтамасыз етеді;
-ғылыми-зерттеушілік жұмыс - оқушылардың оқу материалын мең­геру механизмдері мен заңдылықтарын айқындауға, педагогикалық ғылыми зерттеудің әдіснамасы мен техникасын меңгеруге көмектеседі, білім беру мазмұнының жаңаруына байланысты жаңа әдіс-тәсілдерді, технологияларды меңгеру, оқушылардың білім, білік, дағдыларын бағалау критерийлерін анықтау жолдарын үйретеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   160




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет