Лекция№1 Қазіргі жағдайдағы білім берудің басымдылық ролі Лекция жоспары


) Озат тәжірибені мектептің оқу-тәрбие үрдісіне ендіру - педагогтың зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру құралы



бет21/160
Дата24.02.2022
өлшемі291,15 Kb.
#133049
түріЛекция
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   160
Байланысты:
Лекция№1 азіргі жа дайда ы білім беруді басымдылы ролі Лекция[1] (автовосстановление)
Критериалды бағалау, Критериалды бағалау, Ернар срс 1 инклюзив, Сапаны статистикалық бақылау Скачать Курстық жұмыс, mendebaev-sapany (1), Квалиметрия, Ба дарламасы 1 б лім. Экононикалы категория ретіндегі німдерді, Жақсыбаева Шариза 22.02
3) Озат тәжірибені мектептің оқу-тәрбие үрдісіне ендіру - педагогтың зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру құралы.
Педагогика ғылымының жетістіктері мен озық педагогикалық тәжірибені практикада пайдалану мәселелері М.А.Данилов, В.Е.Гмурман,Ф.Ф.Королев,Ю.К.Бабанский, Л.В.Занков, М.И.Махмутов және т. б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылады.
Мектептің оқу-тәрбие үрдісіне озық педагогикалық тәжірибені ендіру, озат мұғалімдер мен мектептің тәжірибесін насихаттау, тарату мәселесін алғаш көтерген М.Н. Скаткин болды. Педагогика ғылымындағы жаңалықтарды мектеп практикасына ендіру мәселелерімен В.Е. Гмурман, Ю.К. Бабанский, П.И. Карташов және т. б. айналысты. Осы мәселенің теориялық аспектісін зерттеген М.Н.Скаткин төмендегілерді ерекше атап көрсетеді: мұғалімнің практикасына жаңаны ендіруге бағытталған жол, ендіру ұғымы, ендіру припциптері, тиімді ендіру шарттары, ендіру іс-әрекетінің тәсілдері, ендіру үрдісі, ендіру түрлері, ендіру жұмысындағы кемшіліктер, ендіру үрдісін басқару, ендіру кезеңдері, педагогикалық зерттеу нәтижесінің түрлері және оны ендіру ерекшеліктері, ғылыми жаңалықты ендіруге және пайдалануға даярлық көрсеткіштері, әдістемелік қызмет, ендіру тиімділігі (бағасы, ендірудің типтік бағдарламалары, педагогикалық ұсыныстарды бағалау критерийлері).
Педагогика ғылымы мен озат педагогикалық тәжірибенің жетістіктерін мектеп практикасына ендірудің әдістемелік және практикалық мәселелерін М.Н.Скаткин, Я.С.Турбовской, Н.В.Кузьмина, Н.В.Кухарев, Л.И.Гусев, Г.Л.Лұкпанов, И.В.Баранова және басқа ғалымдар зерттеді: озат педагогикалық тәжірибені ендіру үрдісінің мақсаты мен маңызы; ендіру үрдісінің логикалық, ендіру мақсатқа бағытталған іс-әрекет, ғылым жетістіктерін практикада пайдалануға даярлық деңгейі; ендіру іс-әрекетінің тиімділігін анықтайтын шарттар жүйесі, педагогикалық мақсатты шешуге мұғалім мен тәрбиешінің шығармашылық аспектісі, педагогикалық теория мен практиканың өзара байланыстық заңдылықтары мен факторлары; ғылыми ұсыныстардың педагогикалық ұжымның тәжірибесіне айналдыру механизмі, ендіру үрдісінің алгоритмі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   160




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет