Өзін-өзі тәрбиелеу - адамның өз бойында өзі қалаған, өзіне ұнаған қасиеттер мен қабілеттерді, мінез-құлықтарды, әдеп пен әдетті, дағдыларды қалыптастыру мақсатында саналы, мақсатты, белсенді жұмыс істеуі.
Өздігінен білім алу - адамның өзін қызықтырған сала бойынша білімдерді іздестіруі мен меңгеруіне өзбетінше мақсатты түрде, белсенді жұмыс істеуі.
Қайта тәрбиелеу - осыған дейін қолданылған тәрбие әдістері мен тәсілдері, формалары нәтиже бермеген жағдайда, тәрбие әдістері мен тәсілдерін, формаларын түбегейлі өзгертуі.
Қалыптасу - ішкі және сыртқы, басқарылатын және басқарылмайтын, барлық факторлардың ықпалымен адамның әлеуметтік тірі жан иесі ретінде дамып жетілуі.
Достарыңызбен бөлісу: |