Жеке тұлға дегеніміз - әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид.
Жеке тұлғаның басты белгісі - оның әлеуметтік мәнінің болуы және оның әлеуметтік функцияларды атқаруы.
Жеке тұлғаның ең маңызды белгілері - оның саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы, қадір-қасиеті, даралығы.
Тəрбиенiң негiзгi мақсаты жеке адамды қалыптастыру жəне оның жан-жақты толыққанды дамуын қамтамасыз ету. Ал бұл мiндеттердiң табысты шешiмiн беру жеке адамның дамуы қалай өтетiнiн жəне оның қалыптасуына қандай жағдаяттар ықпал ететiнiн бiлумен байланысты.
Адам баласы тұлға ретiнде өмiр сүру барысында өзiнiң қоғамдық мəнiн
сипаттайтын көптеген əлеуметтiк сапалар мен қасиеттердi қалыптастырады əрi дамытады. Мiне осыдан, ол ғылымда биоəлеуметтiк тұлға, субъект, яғни тарихи-қоғамдық қызмет пен таным иесi деп танылады. Демек, ''адам'' түсiнiгi осыдан биологиялық жəне əлеуметтiк (қоғамдық), сапа мен қасиеттердiң бiрлiгiн бiлдiредi.
Ал ''жеке адам'' түсiнiгiн алатын болсақ, ол тек қана əлеуметтiк сапа мен қасиеттердi игерген тұлғаны танумен байланысты. Бұл тұлға қоғамдық тiршiлiк иесi сипатында көрiнiп, тiл игеруi, санасы, əртүрлi əдеттерiмен ерекшеленедi. Жеке адамдық қасиетке ие болу, оның табиғи, биологиялық болмысына емес, қоғамдық қасиеттерге тiкелей байланысты. Сонымен ''жеке адам'' дегенiмiз адамның қоғамдық сипатын танытып, оның өмiр барысында өзiне топтаған əлеуметтiк сапалар мен қасиеттер жиынтығын бiлдiредi.
Жеке адамдық сапалар өмiр барысында қалыптасқандықтан, олар бiреулерде айқын көрiнiп, басқаларда күңгiрттеу болады. Олай болса, жеке адамдық дəреже деңгейiн қалай бiлемiз жəне оның өлшемдерi қандай деген сұрақтар туындайтыны сөзсiз.
Даралық бiр адамның екiншiсiне ұқсамайтын, өзiндiк ерекшелiгi мен өзгешелiгiн сипаттайды. Даралық, əдетте, мiнез бен темпераменттiң айрықша бiтiстерi (салмақты, сабырлы), шығармашылық iс-əрекет жəне қабiлетiнiң ерекшелiктерiнiң (ойлап тапқыш, ұқыпты) өзiндiк көрiнiстерiмен бөлектенедi. Аталғандар сияқты мұғалiмнiң де даралық белгiлерi оның терең бiлiмдарлығында, педагогикалық ой-өрiсiнде, балаларға жайлылығы мен еңбектегi жасампаздығында танылуы мүмкiн. Даралық түсiнiгi бiр адамды екiншiден айырып, оған өзiндiк қайталанбас сəн беретiн жалпылық жəне жалқылық қасиеттердi бiлдiредi.
Достарыңызбен бөлісу: |