Білімді, іскерлікті және дағдыныбекіту және жетілдіру. Бекіту бұл оқушылардың білімді берік ұғуының тиімді тәсілі.
Білімді, іскерлікті, дағдыны практикада қолдана білу. Білімді, іскерлікті және дағдыны практикада қолдану оқушылардың өзіндік қасиеттерін дамытады. Оқушылардың өз бетімен дамуына лабораториялық жұмыстар, практикалық және семинар сабақтары, үйрету машиналары, ауызша және жазбаша жаттығу жұмыстары мүмкіндік туғызады.
Оқушылардың жетістіктерін талдау, білімін, іскерлігін және дағдысын тексеру, бағалау - бұл оқытудың кері байланыс процесі. Оқушылардың барлық жетістіктерін - білім сапасын, пайымдау сауаттылығын, жалпы ой-өрісінің даму дәрежесін ескеріп, талдау жасау қажет. Осының негізінде білім мазмұны анықталады, әділ баға қойылады.
Оқыту процесіндегі танымдық әрекеттің логикалық бірізділігі мынадай: