Лекция№1 Қазіргі жағдайдағы білім берудің басымдылық ролі Лекция жоспары



бет54/160
Дата07.03.2022
өлшемі291,11 Kb.
#134606
түріЛекция
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   160
Байланысты:
Лекция№1 азіргі жа дайда ы білім беруді басымдылы ролі Лекция

Тәрбие жұмысының құрылымы (В.А. Кан-Калик)
4 кезеңнен тұрады
1. Болжамдық кезең тәрбие нысанының жалпы үлгісін жобалау.
2. Коммуникативті кезең, яғни тәрбие ісіне қатысы бар адамдардың бір-бірімен пікір алмасуы. Тәрбие жоспары, мазмұны тағы басқа.
3. Педагогикалық үрдісті басқару және жүргізу кезеңі.
4. Талдау кезеңі. Жүргізілген тәрбие жұмысының барысын талдау.

Тәрбие технологиясын басқарудың субьектісі мен обьектісі
Тәрбие үрдісі көп салалы әрі көп векторлы болғандықтан оның субьектісіне:
- тәрбиешінің, оқушының, ата-ананың т.б. басқалардың педагогикалық үрдісіндегі жеке іс-әрекеті жатады.
Тәрбие үрдісінің обьектісіне: 
- Тәрбие жүргізілетін ортаның мәдени денгейі, 
- Тәрбие үрдісін жүргізуге қажетті техникалық материалдық және мәдени құндылықтар мен қамтамасыз етілуі.
- Тәрбие үрдісін жүргізуге жұмсалынатын уақыт мөлшері.
- Тәрбие ісін жүргізуге қажетті әдіс-тәсілдер, ұстанымдар, т.б.жатады.
Тәрбие үрдісін жаңа үлгіде жүргізу үшін тиянақты жан-жақты даярлық қажет, яғни бұрынғы тәрбие үрдісін модернизациялау арқылы іске асады.
Тәрбие үрдісін модернизациялау жаңа заман талабына сай тұлғаны тәрбиелеу ісін жан-жақты белгілі мақсатқа негіздеп, тұлғаның құнды қасиетін, қаблетін дамыта отырып, жаңа қоғамда өмір сүру іс-әрекетін сәтті өткізіп, тіршілікте табысқа жетуіне негізделуі қажетті.

Сондықтан тәрбие үрдісін басқару технологиясын іске асыру мынадай алгоритмнен тұрады.


1. Мектептегі тәрбие жүйесінің диагностикалық жағдайын анықтап, талдау жасау.
2. Тәрбие жүйесін үлгілеу бойынша ынталы белсені жұмысшы тобын құру.
3. Тәрбие жұмысы үлгісінің (модель) негізгі идеясы мен тақырыбын анықтау. 
4. Тәрбие жұмысы үлгісін және бағдарламасының кезеңдерін жасау.
5. Тәрбие моделінің негізгі параметрлерін, критериилерін жасау.
6. Үлгінің теориялық-әдіснамалық негізін жасау.
7. Тәрбие үрдісінің негізгі идеялары (құндылығы, мақсаты, мәдениеті, ұстанымдары т.б.).
8. Тәрбие жүйесін іске асыру тетігі.
9. Тәрбие жүйесі үлгісін іске асыру кезеңдері бойынша жұмыс барысын
анықтау (тест, бақылау).
10. Істелінген жұмыс бойынша қорытынды жасау.
11. Нәтежесін баспаға беру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   160




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет