Лекция№1 Қазіргі жағдайдағы білім берудің басымдылық ролі Лекция жоспары


Тәрбие құралдарын, формалары мен әдістерін анықтаудағы мұғалімнің кәсіптік құзыреттілігі



бет55/160
Дата07.03.2022
өлшемі291,11 Kb.
#134606
түріЛекция
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   160
Байланысты:
Лекция№1 азіргі жа дайда ы білім беруді басымдылы ролі Лекция

4. Тәрбие құралдарын, формалары мен әдістерін анықтаудағы мұғалімнің кәсіптік құзыреттілігі.
Тәрбиенің түрлері мен әдістері өте көп, бірақ оларды тиімді қолдана алу да қажет. Педагогикалық тәсілдерді таңдау шарттары:

  • қазіргі тәрбиенің мақсаты мен міндеттеріне сай болу;

  • оқушылардың жас және жеке дара ерекшеліктерін ескеру, жекелік бағыттылық;

  • оқушылардың тәрбиелік деңгей;

  • тәрбиенің жағдайлары мен шарттары;

  • оқушылар ұжымының қалыптасу деңгейі;

  • тәрбиелік ықпал етудің түрлері мен әдістерінің өзара байланысы мен жүйесі.

Тәрбиенің түрлері мен әдістерін қолданудың арнайы педагогикалық ұсыныстары жоқ. Педагогикалық процестегі әртүрлі жағдайларды шешудің тура ережелері жоқ, өйткені әрбір оқушының, әрбір ұжымның өзіне ғана тән ерекшелігі бар.Ешқандай педагогикалық амал-тәсілді, тіптен жалпы қабылданған деп есептелінетін сендіру, түсіндіру, әңгіме-сұхбат, көпшілік ықпалын толығымен пайдалы деп айтуға болмайды.Ең жақсы деген амал-тәсіл кей жағдайларда міндетті түрде ең нашар болып шығады.(А.С.Макаренко).
Әдет, мінез-құлықтың белгілі бір түрі - оқушылар тәрбиесінің нәтижесі. Жеке тұлғаның тәрбиелілігі оның түсініктері мен сенімдерінен басқа нақты істері мен әрекеттері арқылы көрінеді. Сондықтан іс-әрекетті ұйымдастыру мен қоғамдық мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыру тәрбиелік процестің өзегі болып есептелінеді.
А.С.Макаренко айтқандай, тәрбиешінің іс-әрекеті дегеніміз, ең алдымен, ұйымдастырушылық іс-әрекет. Әдістердің осы тобы арқылы оқушылар өмірін мінез-құлық, қатынастар, қарым-қатынастар тәжірибесін біртіндеп жинала бастайтындай етіп ұйымдастыруға болады. Бұл іс-әрекет арқылы әдеттер қалыптасып, жағымды мотивтер дамиды. Оқушылардың тіршілік әрекетін ұйымдастыру пайдалы істер арқылы жүзеге асады, ол істер барысында оқушылар басқа адамдармен (мұғалімдермен, өзінің құрдастарымен) жан-жақты қатынасқа түседі. Басқа адамдармен ұжымдық қатынас барысында пайда болатын жағдайлар белгілі бір әрекетке, мінез-құлықтың белгілі бір бағытын таңдауға әкеліп, тұрақты әдеттерді қалыптастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   160




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет