Лекция№1 Қазіргі жағдайдағы білім берудің басымдылық ролі Лекция жоспары



бет104/159
Дата23.12.2021
өлшемі344,98 Kb.
#127989
түріЛекция
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   159
Байланысты:
Лекция№1 азіргі жа дайда ы білім беруді басымдылы ролі Лекция

3.Оқыту әдістерінің көптүрлілігі.

Сабақтарды бірінші рет топтастырған И.Н.Казанцев сабақтарды мазмұны мен өткізу тәсілдеріне қарап топтастырды. Мазмұнына қарай топтастырғанда бір топқа арифметика, алгебра, геометрия сабақтары, ал олардың ішінде жекелеген тақырыптарды өтуге арналған сабақтар белгіленеді. Оқу жұмысының төсілдері бойынша экскурсия-сабақ, кино-сабақ, өздік жұмыс сабағы болып бөлінеді.

Оқу жұмысының жүйесі мен оқушылардың танымдық іс-әрекетінің сипатына Теоретиктер мен практиктердің арасында дидактикалық мақсат бойынша топтастырылған сабақтар кең қолдау табуда. Олар: 1) аралас сабақ; 2) жаңа материалды оқу; 3) жаңа іскерлікті қалыптастыру; 4) білім, іскерліктерді бекіту; 5) жинақтау және жүйелеу; 6) білім, іскерліктерді тәжірибеде қолдану; 7) білім, іскерліктерді бақылау және түзету.

Сабақ құрылымы - сабақтың әр бөлігінде мұғалім мен оқушылар бірге жасайтын алуан түрлі жұмыстар.

Әр сабақтың ішкі құрылымы жүйелі, сабақтың түрін анықтайтын, жекелеген кезеңдерден тұрады. Құрылымдағы бөліктер сабақтың түрін анықтайды. Мысалы, сабақтың мақсаты білім және іскерліктерді бекіту болса, онда сабақтың түрі білім, іскерліктерді бекіту болады. Бұл оқу жұмысы негізгі, мұғалім оған көп уақыт бөледі.

Аралас сабақ мұғалімге қатаң талап қояды. Сабақтың элементтерін, жұмыс формаларын іріктеумен қатар әр элементке бөлінген уақытқа мұқият қарау керек. 20-25 минут сабақ сұрап, 15 минут сабақ түсіндіруге болмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет