1) Мектептегі ғылыми-әдістемелік жұмыс - мұгалімнің зерттеушілік мәдениетін қалыптастырудың алғышарты.
Әдістемелік жұмыс мұғалімнің өзін-өзі дамыту барысында өзінің кәсіби құзыреттілігін арттыруға педагогикалық әсерінің қажетті мүмкіндігін қалыптастыратын іс-әрекеттерінің өзара байланысқан әдіс-тәсілдерінің нақты жиынтығын кұрайды. Әдістемелік жұмыс жүйесінің төмендегідей элементтер жиынтығын ашып көрсетуге болады: мақсат, ұйымдастыру принципі, мазмұны, формасы, әдстері және нәтижесі. Автор әдістемелік жұмыстың мақсаты мұғалімді педагогикалық шығармашылыққа жеткізетін білім, білік, дағды мен зерттеу мәдениетінің, рухани мәдениеттің бірін-бірі толықтыруы ретінде анықтайды.
Ғылыми-әдістемелік жұмыс өзара бір-бірімен тығыз байланысқан 2 бөліктен тұрады:
-оқу-әдістемелік жұмыс - педагоггарды оқу жоспары мен бағдарламасын құруға бағыттап, оқушыларды үздіксіз жалпы білім беруге даярлау идеясын жүзеге асырады, оқу-тәрбие үрдісінің сапасын қамтамасыз етеді;
-ғылыми-зерттеушілік жұмыс - оқушылардың оқу материалын меңгеру механизмдері мен заңдылықтарын айқындауға, педагогикалық ғылыми зерттеудің әдіснамасы мен техникасын меңгеруге көмектеседі, білім беру мазмұнының жаңаруына байланысты жаңа әдіс-тәсілдерді, технологияларды меңгеру, оқушылардың білім, білік, дағдыларын бағалау критерийлерін анықтау жолдарын үйретеді.
Достарыңызбен бөлісу: |