Байланысты: Лекция№1 азіргі жа дайда ы білім беруді басымдылы ролі Лекция
4) Педагогика ғылымы мен практиканың өзара байланысы - педагогтың зерттеушілік мәдениетін қалыптастырудың алғы шарты
Мектептің кәсіби іс-әрекеті мен әрбір мұғалімнің шығармашылық әс-әрекетінің әдіснамалық негізінің құраушысы болатын теория мен практиканың үздіксіз өзара байланысын қарастыруға болады. Педагогикалық теория мен практиканың өзара байланысы олардың өзара іс-әрекетінен туындайды.
«Өзара іс-әрекеттілік» ұғымы педагогикалық зерттеу нәтижелерін практикаға ендіруді білдіреді, теория мен практиканың өзара іс-әрекеттілігі педагогикалық іс-әрекеттің кез келген түрінде байқалады (оқу-тәрбиелік, басқарушылық, ғылыми-зерттеушілік іс-әрекет, мұғалімдер қауымына педагогикалық ғылымның материалдарын беру іс-әрекеті). Соңғы кезде, ғылым мен практиканың өзара іс-әрекеттілік мән-мәтінінде педагогикалық жаңалықты пайдалану мәселесі көбірек зерттелуде. Көптеген зерттеушілер жаңашылдық қозғалысын педагогикалық жаңалықта пайдаланумен тығыз байланыстырады.