Лекция№10. Педагогикалық ой-пікірлердің даму тарихындағы тәрбие мақсаттары. Лекция жоспары


Тұлғаның санасын қалыптастыру әдістері



бет10/13
Дата05.12.2022
өлшемі52,35 Kb.
#161222
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Лекция№10. Педагогикалық ой-пікірлердің даму тарихындағы тәрбие мақсаттары.

2. Тұлғаның санасын қалыптастыру әдістері.
Жеке тұлғаның қасиеттерінің мәнін түсіне келе баланың жас ерекшеліктеріне қарай өзіндік көзқарастары, түсініктері, сенімдері, мұрат-мақсаттары қалыптасады. Бұл міндеттерді шешу үшін «Жеке тұлғаның санасын қалыптастыру әдістері» деген әдістер қолданылады.
Бұл топтағы әдістердің сезімдерді, көңіл-күй эмоциясын қалыптастыруда маңызы зор. Егер оқушылар педагогикалық әсерге жауап бермесе, жеке тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру жүзеге аспайды. Оқушылардың тәрбие мазмұнына сай іс-әрекетке белсенді түрде араласу қажеттілігі болған жағдайда ғана алға қойылған мақсат орындалады. Осылайша, жеке тұлғаның санасын қалыптастыру әдістері оқушыларды алған білімдерін күнделікті тәжірибеде белсенді қолдануға, яғни мінез-құлық әдеттерін қалыптасыруға дайындайды.
Жеке адамның қоғамдық санасын қалыптастыру әдістеріне түсіндіру, әңгімелеу, лекциялар, пікірталас, үлгі-өнеге жатады. Көптеген авторлар бұл топтағы әдістерді қалыптасқан дәстүр бойынша сендіру әдістері деп атайды.
Жалпы адамзаттың мораль талаптарына сай қасиеттерді қалыптастыру мақсатында тәрбиеленушілердің сана-сезіміне, еркіне, мінез-құлқына ықпал жасау жолдары мен тәсілдерінің жиынтығын сендіру әдісі деп атайды. Оқушыға адамгершілік, эстетикалық, саяси еңбек тәрбиесі ұғымдары туралы түсінік береді. Оқыту процесінде әр пәннің оқу материалына байланысты айтылумен қатар арнайы тәрбиешілік мақсат көзделіп, оқушыларға патриотизм, гуманизм, парыз, міндет, ар-намыс, парасаттылық, қайырымдылық, жауапкершілік т.б. туралы түсіндіріледі. Түсіндіру формалары алуан түрлі: әңгіме, көрсету, оқушылардың шығармалары. Өткізу методикасы тұрғысынан алғанда түсіндіру формаларының ең күрделісі - этикалық әңгімелер. Этикалық әңгімелер - мораль мәселелері туралы кең түрде еркін пікірлесуді көздейтін, оқушылардың санасына, сезіміне сөз арқылы жасайтын, тәжірибеде кеңінен қолданылатын сендіру әдісінің негізгі мақсаты оқушыларды қоғамдық өмірде болып жатқан оқиғаларға, іс-әрекеттерге, әр түрлі жағдайларға баға беруге, оның негізінде өзін қоршаған әлеуметтік ортаға адамгершілік көзқарасы, қарым-қатынасын қалыптастыру. Әңгіме әдісін іске асыру үшін мыналарды еске алу керек.
1. Тақырыптың көкейкестілігі, яғни өмірге қажеттілігі балалардың мүддесіне жауап беруі тиіс.
2. Әңгіменің мазмұны балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес баяндалуы қажет.
3. Әңгіменің тақырыбына сәйкес техникалық құралдарды тиімді пайдалану керек.
4. Оқушылар үшін әңгіме тартымды қызықты болуы керек. Жаңалық оқушыларды зеріктіретін артық сөздерден аулақ болу қажет.
Этикалық тақырыптағы әңгіме, көбінесе, төменгі және орта сыныптарда қолданылады. Бұл дегеніміз адамгершілік мазмұндағы деректер мен оқиғаларды әсерлі де қызықты етіп айту. Жақсы әңгіме оқушыларға мінез-құлықтың адамгершілік нормаларын түсінуге көмектеседі, сезімге әсер етіп, әңгімедегі оқиғаларға деген оқушылардың оң не теріс қатынасын қалыптастырады.
Тәрбие тәжірибесінде түсініктеме мен сендірумен қоса кейде насихат сияақты әдіс қолданылады. Оқушының бойындағы жағымды қасиеттерге сүйену: абырой, ар-намысы мен ұяты сияқты насихатты дұрыс қолданудың алғы шарттарын қалыптастырады. Бұл әдістің педагогикалық нәтижелігі мұғалімнің беделіне, оның жеке қасиеттеріне байланысты.
Сананы қалыптастырудың аталған әдістерін (әңгіме, түсініктеме, сендіру, насихат) ретсіз қолданғанда ол үгіттеуге айналады. Мұндай жағдайларда олар оқушы бойында қарсы әрекет, мұғалімнің тілегіне кері әрекет ету ниетін оятады.
Этикалық әңгіме, сұқбат дегеніміз адамгершілік мәселелерді мұғалімдер мен оқушылардың бірігіп жүйелі де бірізді талқылау түрі. Әңгіме-сұқбаттың жай әңгіме мен нұсқаудан айырмашылығы онда мұғалім оқушыларды өз ой-пікірлерін, көзқарастарын, бағаларын білдіруге шақырады.Әңгіме-сұқбат теңдік пен ынтымастық негізінде құрылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет