Лекция№10. Педагогикалық ой-пікірлердің даму тарихындағы тәрбие мақсаттары. Лекция жоспары



бет9/13
Дата05.12.2022
өлшемі52,35 Kb.
#161222
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Лекция№10. Педагогикалық ой-пікірлердің даму тарихындағы тәрбие мақсаттары.

Лекция мәтіні:
1.Тәрбиенің құралдары, формалары, әдістері туралы түсінік, олардың өзара байланысы.
Педагогикалық процесті сауатты ұйымдастыру үшін мұғалім оның теориялық негіздерін түсініп, оның мақсаттарын, міндеттерін, мазмұнын, құралдары, формалары және әдістерін, тәсілдерін ажырата білуі керек. Құралдар, формалар мен әдістер педагогикалық процеске қатысушылардың іс-әрекетінің қозғаушы күші болып табылады, соның арқасында жеке тұлғаның қалыптасуы жүзеге асады (Н.Д.Хмель).
Тәрбие құралдары дегеніміз - арнайы тәрбиелік міндеттерді шешуге арналған, мақсат көзделіп ұйымдастырылған әдістік жоспар. Тәрбие құралдарына әр саланың іс-әрекет түрлері, сонымен қатар педагогикалық жұмысқа қажетті материалдық және рухани шығармалар, заттар жиынтығы.
Осылайша, іс-әрекет пен қарым-қатынас жеке тұлғаның қалыптасуының ең маңызды шарты болып табылады. Педагогикалық ықпал етудің амалдары да осылар.
Педагогикалық ықпал ету тәсілдері дегеніміз жеке тұлғаның қоршаған ортамен мақсатты әрекеттестігін ұйымдастыруға жағдай жасау. Сондықтан педагогикалық құралға жеке тұлғаның әрекеттестік жасайтын ортасы (табиғи, әлеуметтік, материалдық, рухани) және осы әрекеттестікті ұйымдастыратын іс-әрекеттің түрлері (қарым-қатынас, таным, ойын, еңбек, т.б.) жатады.
Педагогикалық құралға қатысушылардың іс-әрекеті мен қарым-қатынасы педагогикалық ықпал ету арқылы жүзеге асады. Оқу-тәрбие процесінің субъектілері-әрекеттестігінің формалары мен әдіс-тәсілдер арқылы шешілетін белгілі бір мақсаттары мен міндеттері, тиісті мазмұны бар, логикалық тұрғыдан аяқталған, белгілі бір уақыт аралығындағы педагогикалық процесс.
Ұйымдастыру формалары тұтас педагогикалық процеске қатысушылардың қарым-қатынасы мен әрекеттестігінің тәсілі ретінде де қарастырылады. Педагогикалық процестің ұйымдастыру формаларын былай жіктеуге болады:
- қатысушылар құрамы (жеке даралық, шағын топтық, топтық, ұжымдық, жаппай);
- тұтас педагогикалық процестің оқу жұмысында қолданылуы (сабақ, семинар, факультатив, экскурсия);
- таным іс-әрекетінің сыныпта және сыныптан тыс уақыттағы байланысы (бірлесіп жасайтын жұмыс, аз топпен жұмыс, білімді тексеру, оқу жағдайындағы кездесу т.б.)
- оқушылардың сыныптан тыс іс-әрекеті кезіндегі өзара әрекеттестігі (ертеңгілік, пәндік кеш, конференция, олимпиада т.б.).
Тұтас педагогикалық процесті ұйымдастыру формалары әдістер мен әдістемелік тәсілдер арқылы жүзеге асады.
Тәрбие әдістері дегеніміз - тәрбие мақсат-міндеттерін шешуге бағытталған тәрбиеші мен оқушының өзара байланысты іс-әрекеті. Педагогикалық процеске қатысушылардың тәсілдері мен нақты әрекеттері, оқушылардың белсенді іс-әрекетінің ынталануы тәрбие мақсатына бағытталуы керек. Тәсіл деген де ұғым бар. Әдістемелік тәсіл дегеніміз әдістің жеке көрінісі. Әдіске қарағанда ол бағыныңқы сипатта болады.
Формалар, әдістер, тәсілдер сияқты ұғымдар шынайы педагогикалық процесте өзара тығыз байланыста болады. Біріншіден, олар бір-біріне тәуелді (формалар мен әдістер, әдістемелік тәсілдер құралдар арқылы жүзеге асады); екіншіден, күнделікті тәжірибеде олардың арасында белгілі бір айырмашылық жоқ. Тәрбие әдістері мен тәсілдері әрқашан бірін-бірі алмастырып отырады: кей жағдайларда әдіс тәсілге айналады.Тәрбие жұмысының әдістері тәрбиенің мақсатына, принципіне, мазмұнына, балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне байланысты.
Әрбір әдістер тәрбие мақсатында іске асыруға, оқушыларды мінез-құлықтың қоғамдық нормасына үйретуге, адамдармен қарым-қатынас жасауға және олардың іс-әрекетіндегі құнды тәжірибелерін пайдалануға бағытталуы керек. Сонымен, қазіргі кезде оқыту, тәрбие беру ісін қайта құруға, белгіленген даму идеясы баланың жеке адам болып қалыптасуына тәрбие әдісін психологиялық негізде қолдану шешуші роль атқаратындығына баса назар аудару қажет екенін көрсетіп отыр. Көрсетілген пікірлерден тәрбие әдістерінің әр саласы мәнін анықтауға болады: тәрбие әдісінің ең басты міндеті тәрбие процесін гуманитарландыру тұрғыдан қаруландыру; Тәрбие әдісі ең алдымен тәрбиенің мақсатын және мазмұнын жүзеге асыратын құралы; Тәрбие әдісі тәрбиенің мақсаты арқылы анықталады. Тәрбиенің мақсаты қандай болса, оның міндеті және тәрбиенің мақсатын жүзеге асырудың әдістері соған сай. Тәрбиенің әдісінің тиімді болуы мұғалімнің сырттай тәрбиелік ықпал жасауымен қатар, баланың тәрбиелік қатынасқа іштей өзіндік ниетін, ықыласын, ынтасын, сезімін туғызумен де байланысты.
Тәрбие тәсілі - тәрбие әдісінің жеке бір бөлігі. Ал нақты жағдайда тәрбие тәрбие тәсілі, тәрбие әдісінің әрекетін, қажеттілігін, тәрбиелік мәнін айқындайды. Педагогикалық процесс барысында тәрбие тәсілі тәрбие әдісіне тәуелді болады. Жоғарыда көрсетілген топтағы тәрбие әдістері екі жақты тәрбие ықпалын сипаттайды: бір жағынан бұл әдістер жеке адамның әлеуметтік адамгершілік ережелерді саналы меңгеруіне ықпал жасауды көздейді. Екінші жағынан, тәрбиелеушілердің әртүрлі іс-әрекетте, мінез-құлықта, қарым-қатынас жасауда белсенді азаматтық позицияда болу қажеттілігінен туындайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет