Жеке сабақтардың жоспары - әрбір мұғалімнің жеке сабақ құжаты. Ол мұғалімнің тақырып жөнінде алдын-ала қандай жұмыс жүргізетіндігімен анықталады.
Қазіргі кезде мектеп тәжірибесінде қалыптасқан мұғалімнің жеке жоспарының үлгісі төмендегідей: 1) оқу бағдарлам-ң берілген тарауы бой-ша сабақтың күні мен реттік саны анықталады; 2) сабақтың тақырыбы; 3) сабақтың мақсаты; 4) сабақтың құрылымы немесе дидактикалық кезеңдері; 5) сабақтың мазмұны; 6) оқыту әдіс-тәсілдері; 7) сабақ құралдары; 8) үй тапсырмасы; 9) қорытынды, сабақтың аяқталуы.
Тәжірибелі мұғалімдер жоспарды жасап, сол жоспар бойынша сабақты өткізгеннен кейін, оған қысқаша талдау жасайды: жоспар қаншалықты сәтті орындалды және мақсатқа қалай қол жеткізілді т.с.с. Бұл мәліметтер мұғалімге келесі сабақты нәтижелі даярлауға септігін тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |