Лекциялар: 15 Тәжірибелік сабақтар: 15 обсөЖ: 30 СӨЖ: 30 Қорытынды бақылау түрі: емтихан Тараз 2011 ж


Дүниетаным жеке адамның табиғи және әлеуметтік құбылысын түсіндіру туралы байымдауы, ой тұжырымы. Сенім



бет84/91
Дата26.04.2020
өлшемі0,61 Mb.
#64758
түріЛекция
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   91
Байланысты:
Оқитындарды кәсіпке дайындау

Дүниетаным жеке адамның табиғи және әлеуметтік құбылысын түсіндіру туралы байымдауы, ой тұжырымы.

Сенім терең, тиянақты ойланып айтылатын идеялардың жиынтығы. Сенім жеке адам өмірлік позициясының беріктігін анықтайды, мінез-құлқын сипаттайды.

Адам мұраты жете түсінудің жоғары кемелі, адам баласының жоғары мұрат-мақсаттары, өмірге ұмтылушылығы, талаптанушылығы. Мұрат айналадағы өмірді жетілдіруде және қоғамның әлеуметтік-экономикалық үдеуін дамытуда адамның сезімін оятады.

Дүниетанымның қалыптасуы ұзақ және күрделі процесс, оның нәтижесінде жеке көзқарастар және сенім жүйесі дамиды, қалыптасады, олар жеке адамның әрекет жасауына басшылық болады. Дүниетаным процесінде әр түрлі факторлар, мәселен, әлеуметтік және микроорта мен тәрбие, жаппай ақпарат құралдары т.б. әсер етеді. Олардың әрқайсысы іс-әрекеттеріне әр түрлі ықпал жасайды.

Дүниетанымдық білімін оқушылар дене ақыл-ой күшінің дамуына, білім деңгейіне сәйкес бірте-бірте игереді. Орыстың ұлы педагогы К.Д.Ушинский «Әрбір сыныптан, ең кіші сыныптан бастап оқушылардың жасына қолайлы өзінің жинақталған көзқарасы болуы керек... Әрбір жыл сайын бұл көзқарастың тереңдетілуі, кеңеюі, толықтырылуы тиіс», - деп жазды.

Ғылыми дүниетанымды қалыптыстыруға сан түрлі факторлар ықпал жасайды. Олардың құрамында адам өмірінің материалдық жағдайлары, өмір сүріп отырған микро және макро ортасы, көпшілік хабарларды тарату құралдары, оқыту мен тәрбиелеу кіреді.

Дүниетанымды қалыптастыру өткінші процесс емес. Ол адам өмірін түгел қамтиды. Оқушының жалпы дамуында бұл процесс тұрақты және үздіксіз өзгерістерге ұшырайды. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру оларды осы заманғы ғылыми біліммен қаруландыруға сүйенеді. Бұған мектепте оқытылатын барлық пәндердің қатынасы бар. Ботаника, жалпы биология курстарын оқу, мектептің оқу-тәжірибе учаскелерінде шәкірттер жұмыс істей жүріп, өсімдіктердің даму процесін адам баласының толық меңгере алатындығына көзі жетеді. Физика, химия заңдарын білу және сол пәндер бойынша тәжірибе жасау оқушылардың дүниенің пайда болуы мен дамуы туралы түсінігін, дүниетанымдылық көзқарасын және сенімін нығайтады. Физика, астрономия сабақтарында адам ойының табиғаттаң сырын бірте-бірте ашуы, тануы және заңдарын пайдалануы туралы түсінік алады. Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруда гуманитарлық ғылымдардың алатын орны ерекше. Тарих, әдебиет сабақтарда қоғамның дамуы туралы шәкірттердің диалектикалық-материалистік көзқарастары қалыптасады, олар адам өмірінің мәніне, мұраттарының, мінез-құлқының бағыттылығын, іс-әрекетінің мақсатын анықтауға түсінеді.

Тарих курсы қоғаның даму заңдарын түсінуге мүмкіндік жасайды. әдебиет адамдар арасындағы қарым-қатынасқа жаңа өмірге, еңбекке жастардың дұрыс көзқарасын тәрбиелейді. Әдебиет сабақтарында оқушылар өмір шындығымен, Отандық және дүниежүзілік мәдениеттің барлық прогресшіл дәстүрлерімен, идеялық байлығымен танысады.

Сонымен мекетепте оқыту оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың маңызды құралдарының бірі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет