Лекциялар: 15 Тәжірибелік сабақтар: 15 обсөЖ: 30 СӨЖ: 30 Қорытынды бақылау түрі: емтихан Тараз 2011 ж



бет34/91
Дата26.04.2020
өлшемі0,61 Mb.
#64758
түріЛекция
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   91
Байланысты:
Оқитындарды кәсіпке дайындау

Бақылау – кең көлемде бір нәрсені тексеру деген мағынаны білдіреді. Бақылау оқыту процесінде оқушылардың оқу әрекетіне басшылық жасау қызметін атқарады, олардың творчестволық күші мен қабілетінің дамуына ықпал етеді.

Бағалау - оқытудың құрамдас бөлігі және қорытындылау сатысы. Бағалау, бір нәрсенің деңгейін, сапасын, дәрежесін белгілеу. Оны оқушының оқу-таным әрекетінде қарастырса оқыту процесінің міндеттерін оқушылардың қандай дәрежеде меңгеруі, дайындық деңгейі мен дамуын, білімдердің сапасын, білік пен дағды көлемін анықтайтын құрал.

Білім, білік пен дағдыны бақылау және бағалаудың қызметі. Ол негізінен үш жақты сипатты болып келеді: білім беру, тәрбиелеу және дамыту.

Бақылаудың білім беру қызметі негізінде оқушылар жаңа білімді қабылдайды, бұрын алған білімдерін толықтырып, жетілдіріп, белгілі бір жүйегң келтіреді.

Тәрбиелік қызметі оқушыларды жүйелі түрде жұмыс істеуге үйретеді. Бақылудың нәтижесінде олар күнделікті сабаққа үзбей дайындалады, жауапкершілік сезімдері артады.

Дамыту қызметінің маңызы – оқушылар өз бетінше оқу тапсырмаларын орындауда жаңа білімдерді қабылдайды, қорытынды жасайды, баяндамалар әзірлейді, хабарламалар жасайды.

Бағалаудың да қызметі үш топқа бөлінеді: хабарлаушылық (информормирующее), басқарушылық (управляющие), тәрбиелеушілік (воспитывающие).



Бірінші топ өз алдына: белгілеп қоюшылық (фиксирующая), бағдарлаушы (ориентирующая), бақылаушы (контролирущая) болып келеді. Бұл топтың қызметі білім, білік және дағдыны бағалауды, әрбір бағаның көрсеткіштері мен өлшемдеріне мұғалім мен оқушылардың арқа сүйеуі жағдайында іске асады.

Екінші топ: ұйымдастырушылық (организующая), реттеушілік (регулирующая), дәлдеп түзетушілік (корректирующая) болып келеді. Осы топты жүзеге асырудың қажетті шарты бағадағы көрініс тек қана оқытудағы қол жеткізілген нәтиженің мөлшері ғана емес, сонымен бірге сапасын белгілейтін көрсеткіш.

Үшінші топ: қалыптастырушылық (формирующая), дамытушылық (развивающая), ынталандырушылық (стимулирующая) болып келеді. Бұл топтың қызметінің нәтижелі болуының кепілі, баға оқытудың нәтижесін нақты бейнелеу білуде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет