Іскерлік – алған білім негізінде оқушылардың практикалық әрекеті іске асырылады. Білімсіз қандай болса да іскерлік мүмкін емес. (Мысалы: сауатты жазу үшін грамматикалық ережелерді білу к/к. Өлшеу сызғышын, секундомерді пайдалану үшін физика біліміне сүйену қажет.)
Дағды – бұл қайта-қайта орындалатын практикалық әрекетке машықтандыру. Мысалы, тез оқу дағдысы – жүйелі түрде жаттығу нәтижесі.
Сонымен, оқу процесінде білімнің, іскерліктің және дағдының өзара байланысы, бірлігі оқушылардың таны қабілетінің (зейін, байқағыштық,ес, қиял, ойлау) дамуына мүмкіндік туғызады. Оқыту екі жақты процесс, онда мұғалім мен оқушылардың ынтымақтастық іс-әрекеттеріне жүзеге асырылады. Мұғалім оқушыларды білім алу әдістері мен тәсілдеріне үйретеді. Бұл сабақ беру процесі. Оқушылар сабақта түрлі іс-әрекеттерінің барысында дамиды, олардың ғылыми көзқарастары қалыптасады. Бұл оқу процесі. Оқу – бұл оқушылар іс-әркеттерінің яғни объективтік әлемді танудың ерекше формасы.
Оқыту процесінің қозғаушы күштері оқытудың барысында қойылатын таным мен практикалық міндеттер мен оқушылардың нақты білімі мен іскерлік дәрежесі және ақыл-ой дамуының арасындағы қайшылық. Егер қойылған міндеттерді шешуге оқушылардың шамасы келмесе, онда қайшылық окытудың және дамудың қозғаушы күштері бола алиайды. Қайшылық қозғаушы күштері ретінде пайда болу үшін қажетті шарт, ол оқушылардың ықтимал мүмкіндіктеріне сәйкес келуәі қажет.
Оқу процесінің өзіне тән функциялары бар. Олар оқытудың білім беру, оқытудың тәрбиелік, оқытудың дамыту фунуциялары. Оқытудың білім беру функциясы – бұл адам баласын білім байлығымен қаруландыру, оны өз бетімен білім алуғы іскерлік пен дағдыны игеруге даярлау. Қазіргі кезеңде білімді толық игеру үшін негізгі талаптарды еске алған жөн. Олар:
білімнің толықтығы – негізгі идеяларға түсіну үшін оқыту процесінің негізгі звеноларын, яғни танымдық іс-әрекетінің кезеңдерін іске асыруды қамтамасыз ету;
білімнің жүйелілігі, үйлесімділігі, қисынды бірізділігі;
білімнің ұғымдылығы – оқушылардың өз бетімен ізденіп, білімді меңгеру үшін олардың ойын дамыту;
білімнің әрекеттілігі – жаңа білімі алу үшін бұрынғы білімді шеберлікпен пайдалану мүмкіндігін жасау.
Сонымен, оқытудың білім беру функциясы қазіргі кезде ғылым негіздерін, іскерлікті, дағдыны игерген жоғары білімді адамды дайындауда әлеуметтік міндетті шешуге бағытталуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |