Лекциялар: 15 Тәжірибелік сабақтар: 15 обсөЖ: 30 СӨЖ: 30 Қорытынды бақылау түрі: емтихан Тараз 2011 ж


Қазіргі заманның ұстазын дайындаудағы педагогикалық инновациялар



бет18/91
Дата26.04.2020
өлшемі0,61 Mb.
#64758
түріЛекция
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   91
Байланысты:
Оқитындарды кәсіпке дайындау

Қазіргі заманның ұстазын дайындаудағы педагогикалық инновациялар.

Қазіргі кезде білім бері мекемелері мен пед-лық ғылым алдында білім берудің философиялық негіздеріне білім жүйесінің стратегиялық бағыттарына мақсаты мен мазмұнына, оны орындаудың әдіс-тәсілдеріне деген жаңаша көзқарас қалыптасуда.

Жер бетін мекен еткен адамзаттың бір бұтағы - әр халықтың қандай да бір дара қасиетке ие болып, қандай да бір бет-бейнемен көрінуі – сол халықтың мектебінің бет-бейнесіне, өзіндік ерекшеліктеріне тікелей байланысты болса, «мекетептің жүрегі - мұғалім».

Қазақтың белгілі ағартушысы Ж.Аймауытовтың мұғалім қыхметін сипаттайтын «Қазіргі қазақ мектебіне қажеттісі – тек білім беруші мұғалім ғана емес, сақтандырушы, қорғаушы, қамқоршы, яғни баланы өмір сүруге үйретудің бір баспалдағы – оқушының қандай да бір қиын жағдайдан шыға алатын шығармашылық қабілетін дамыту» деген тұжырымдамасын мұғалім жұмысының негізгі ұстанымына айналдыратын уақыт жетті.

Қазіргі уақытта айрықша өткір болып отырған мәселелер – жаңа кезеңге мұғалімдерді дайындау. Бұл мәселелер ақпарат хабарларының шоғырлануымен, шоғырлану технологиясын біздің қоғамымыздағы адамдардың өзіне алуы, оны сақтауы, жеткізе білуіне байланысты.

Бүгінгі таңда ақпаратты хабар беру басты мәселе болып отыр. Ал бұрын білім берудің қалыптасу кезеңінде ақпарат нақты көп болған жоқ. Оның бастауы мазмұны, құрылысы, көлемі жағынан қазіргі кезеңнен айырмасы көп болды. Біріншіден, авторлық бастау болғанмен, ақпарат аз болды. Бұл бастаудың басында үкімет, дін және университеттің профессорлары мен мекетеп мұғалімдері тұрған еді. Екіншіден,, мазмұны құрамы өте жай таралды. Ақпарат жоғарыдан төмен берілді. Ал қазіргі заманда ақпарат құралдарының құрылысы түбегейлі өзгерді. Техникалық даму ақпарат көздерін көбейтті, әрқайсысын тиімді пайдалануды көрсетті. Кітап, газет, теледидар және компьютер арқылы ақпаратты хабарлау тиімді берілуде. Соңғы жылдар ішінде компьютерден кез-келген ақпаратты алуға мүмкіндік мол. Мұғалім соңғы кезде ақпарат хабарларын берудің жалғыз бастауы болмайды, ол оқушыларға жаңа ақпарат хабарларын алуға көмек беруші тұлға бола алады. Мұғалімнің кәсіптік-педагогикалық бейімделуін жетілдірудің маңызды шарттарына мыналарды жатқызуға болады: 1) пед-лық ұжымның қолайлы, психологиялық-педагогикалық ахуалы; 2) ұжымда тәлімгерлікті ұйымдастыру; 3) пел-қ кәсіпті саналы таңдап алу, мұғалімдік іс-әрекетке жоғары мотивтілік ; 4) өз бетімен кәсіптік білімді алуы; 5) жас мұғалімнің кәсіптік бейімделуіне әкімшілік бақылау жүргізу; 6) заман талабына сай жаңа педагогикалық технология мен инновацияларды енгізу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет