Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің даму жағдайы.
Шағын кәсіпкерлікке үкімет тарапынан қолдау болмады деп ешкім де айта қоймас. 1995 ж. 10 маусымда қабалданған ҚР кәсіпкерлкті қолдау мен дамытудың 1994-1996 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы осы саланы дамытужөніндегі алғаш ресми құжаты еді. Басты мақсаты: экономиканың қуатты жеке секторын жеке кәсіпкерлікті әсіресе шағын кәсіпкерліктің жетік инфрақұрылымын қалыптастыруға қолайлы құқықтық, әлеуметтік, экономикалық, қаржы және ұйымдық жағдайлар жасау.
Міндеттері: бағдарламада кәсіпкерліктің тұрақты заң базасын жасау, жеке сектордың мемлекеттік кредит ресурстарын пайдалынылмай жатқан өндірістік ғимараттарды, жабдықтарды алуын қамтамасыз ететін тетіктер жасау, кәсіпкерлікті дамытуға шет ел инвесторларын тарту сияқты міндеттерін шешеді.
1995 жылдың 20 маусымда «Шағын бизнес орталықтарының Республикалық желісін құру мен дамыту» бағдарламасы қабылданды. Бұл бағдарламаның басты мақсаты – шағын бизнестің кең дамыған құрылымын құру арқылы шағын өндіріс кәсіпорындарына қолайлы жағдайлар жасау. Осы мақсатқа жету үшін мынандай міндеттер орындау қажет: шағын бизнес инфрақұрылымының институты ретінде шағын бизнес орталықтарын құру және қалыптастыру, шағын бизнесті ақпараттық қызмет көрсету ісімен қамтамасыз ету, шағын кәсіпорын өндіріс үйлерімен, жер учаскілерімен, жабдықпен, шикізат және материалдармен, кәсіпорын кооперацияны дамытуға жәрдемдесу, оларға консультация, заң және байланыс қызметін көрсету, кәсіпкер кадрлар даярлау, шет ел инвесторларын тарту, іскерлік байланыстар орнатуға жәрдемдесу сияқты.
Келесі құжат – ҚР президентінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы Жарлығымен бекітілген 1999-2000 жылдарға арналған ҚР Шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың бағдарламасы болады. Бағдарламаның басты мақсаты шағын кәсіпкерліктің тұрақты дамуын қамтамасыз ету, экономиканың әртүрлі салаларында оның үлесін арттыру, жаңа жұмыс орындарының санын көбейту, нақты бәсекелестік орта жасау, қоғамның орта табының негізі ретінде меншік иелерінің қалың қауымын қалыптастыру.
Міндет-і: - нарық инфрақұрылымының тиімді институттарын қалыптастыу және дамыту;
жеке сектордың несие ресурстарына қол жеткізу тетіктерін пысықтау;
шағын бизнеске арналған кадрлар даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесін қалыптастыру;
шағын кәсіпкерлікті қорғау мен дамыту саласындағы нормативтік және құқықтық актілерді жетілдіру;
өндірістік, қаржылық, инновациялық және басқа салалардағы шағын бизнесті қолдау және дамыту;
шағын және орта бизнесті қолдау мен дамыту мәселелерін үкіметтік емес ұйымдардың рөлін күшейту.
Шағын кәсіпкерліктің дамуына қатысты тағы бір құжат 2001 ж. 17 шілдеде қабылданды. «тоқтап тұрған кәсіпорындарды және тиімділігі шамалы өндірістерді саралаудың, кейіннен оларды белгіленген тәртіппен шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берудің 2001-2005 жылдарға арналған салалық» бағдарламасы еді. Бұл бағдарламаның мақсаты шешілуге тиіс міндеттерді алдыңғы бағдарламаларда айқындалған мақсаттар мен міндеттерге ұқсас.
ҚР статистика жөніндегі агентігінің статистикалық тіркелім деректерінде көрсетілгендей 2005 жылдың 1 жетлтоқсанына дейін шағын бизнеспен айналысатын 143,6 мыңнан астам шағын кәсіпорын тіркелген. Тіркелген кәсіпорындардың 72 пайызы жұмыс істейтін кәсіпорындар, 52,1 мыңнана астамы қараша айының белсенді жұмыс істейтін кәсіпорындар қатарын құрайды.. белсенді жұмыс істейтін кәсіпорындардың басым көпшілігі саудаға, автомобильді, тұрмыстық және жеке бас мүліктеріне операция жасауға, жалдау және тұтынушыларға қызмет көрсететін салаларға тиісті.
Достарыңызбен бөлісу: |