Сөздік: түсіндіру, әңгімелесу, лекция.
Көрнекі: иллюстрация және демонстрация.
Тәжірибелік: лабораториялық, практикалық, графикалық, әртүрлі жаттығу жұмыстары.
Оқыту процесінде ең көп тараған дәстүрлі әдіс – сөздік. Бұл әдіс оқыту процесінде басқаларға қарағанда жетекші роль атқарады. В.А.Сухомлинский: «Сөз – ең маңызды педагогикалық құрал, оны еш нәрсемен ауыстыра алмайсың» - деп оның маңызына ерекше назар аударады. Бұл әдісте мұғалім оқушыларға білім берумен қатар олардың таным белсенділігін арттыруға әрекет жасайды.
Сөздік әдісінің түрлері: Түсіндіру – оқу материалын мұғалімнің логикалық тұрғыдан дәйекті баяндауы. Масаты: заттардың елеулі белгілерін ашып көрсету, фактілер мен құбылыстарды талқылау. Әңгімелесу – мұғалім мен оқушылар арасында жаңа білімдерді хабарлау, пысықтау, қорытындылау. Бұл әдісті нәтижелі пайдалану мұғалімдер тарапынан өте мұқият дайындықты талап етеді. Дәрісбаян – сөзге негізделген оқыту әдісі ретінде ол өзінің құрылымы, баяндалатын оқу материалының дәлдігі және сабақтың өн бойында тыңдаушыларының ойлау қабілетін белсенді етуі жағынан басқа әдістерге қарағанда өзінідік ерекшеліктері бар.
Достарыңызбен бөлісу: |