Сабақ жоспары: Тақырыбы: Сүтқоректілердің ертедегі жорғалаушылардан пайда болуы. Мақсаты:Сүтқоректілер класы жануарлар дүниесінің ең жоғары сатысы екендігімен таныстыру. Олардың құрылысы, тіршілік әрекеті, жер бетінде кеңінен таралуы, тіршілік ететін орта жағдайлары, өздеріне тән белгілерін ашып көрсету арқылы жануарлардың тарихи даму кезеңдерін жеткізу, сүтқоректілердің ежелгі жорғалаушылардан шыққандығы туралы түсінік беру, айырмашылығын ажырата білуге үйрету. Табыс критерийлері: Оқушылардың жалпы сүтқоректілер туралы түсініктері бар;
Сүтқоректілердің ертедегі жорғалаушылардан шыққандығы туралы түсініктері бар.
Ресурстар: электронды презентация, бейне жазба, постер, А3, маркер т.б. Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. - сабаққа психологиялық әзірлік; - сабаққа сәттілік тілейміз; ІІ. Өткен материалдарды қайталау. Оқушыларды қатырма қағаздардың түсіне қарап топқа бөлу. Топ мүшелерінің міндеттерін тағайындау: Көшбасшы Хатшы Баяндаушы Уақыт есептеуші(таймер) Бақылаушы. «Сүтқоректілер класына жалпы сипаттама, сүтқоректілердің тіршілік ортасы, көбеюі және дамуы. Ұрпақтарына қамқорлық жасауы.» тақырыбынаалдын – ала берілген тапсырмаға әр оқушы эссе жазып келу. «Авторлық орындық» стротегиясы. -орындау -талдау -бағалау ІІІ. Жаңа тақырыпты баяндау. Топтық жұмыс (15 мин). Топтарға берілген тапсырманың тақырыбы: «Сүтқоректілердің ертедегі жорғалаушылардан пайда болуы». Оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында оқушыларға қысқа презентация мен мәліметтер беріледі. Слайд). Сүтқоректілер — омыртқалы жануарлардың жылықанды, ең жоғары сатылы тобы. Бұлардың басқа жануарлардан басты ерекшелігі: орталық жүйке жүйесі мен сезім мүшелерінің ерекше дамуы: дене температурасының біршама тұрақтылығымен (сүтқоректілердің көпшілігінің дене температурасы — 37—39°) қамтамасыз етілетін жылу алмасу жүйесінің күрделілігі; баласын тірідей туып, сүтпен асырау арқылы ұрпағының одан әрі тірі қалуына қолайлы жағдай жасауы. Бұл топтағы жануарлар баласын сүтпен қоректендіретіндіктен, класс сүқоректілер деп аталады. Сүтқоректілер класындағы жыртқыш жануарлар кейде аңдар деп те аталады. Ең жоғары сатыда дамыған, ақыл-ой иесі адам да осы класқа жатады. Сүтқоректілер орталық жүйке жүйесінің күшті дамуы нәтижесінде құрлықта да, теңізде де, түщы суда да мекендейді, қазіргі кезде олардың 4 мыңнан астам түрі бар деп есептеледі. Адамның шаруашылықтағы әрекетіне байланысты сүтқоректілердің кейбір түрлері табиғатта сиреп барады. Сондықтан олардың 230 түрі және 91 түр тармағы ХТҚО-ның, 26 түрі және түр тармағы бүрынғы КСРО-ның, 40 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына (1996) тіркелген. Сүтқоректілердің 300-ден астам түрі бұрынғы КСРО-да, 155 түрі республикамыздың кең байтақ аймағында мекендейді. Постермен жұмыс (А3) Тақырып бойынша үш топ жұмыс жасайды. ( уақытты таймерге қою) (бағалау парағы) Жаңа сабақты презентацияның көмегімен мұғалім өзі қорытындылайды. Электронды презентацияны пайдалана отырып қорытындылау. (Слайд). Қорытынды. Ежелгі сүтқоректілердің қалдықтары юра кезеңінің шөгінділерінен көбірек кездесуі сүтқоректілер одан бүрынырақ — триас кезеңінде пайда болды деген пікірді қуаггай түседі. Бұл кезеңде көп бұдыр-тісті жануарлардың өмір сүргені мәлім. Көп бұдыр тістілер жануарлардың денесі онша үлкен болмаған: кейбіреуі егеу құйрықтай, кей-біреулері суырдай болса керек. Жануарлардың атауы азу тісіндегі өте көп бұдырлардың болуына негізделіп берілген. Бұлардың иттіс-тері болмаған, ал күректістері өте күшті дамыған. Көп бұдыр тістілердің тіршілік әрекеті кейінірек пайда болған кемірушілерге көбірек ұқсайды. Жануарлардың бұл тобы жұмыртқалаушыларға бастама болуы мүмкін. Юра —бор кезеңдерінде бунақденелермен қоректенетін сүткоректілерге ұқсас үш бұдыр тісті жануарлар тіршілік етті. Олардың жануартекті және өсімдіктекті азықпен қоректенетін түрлері болы. Солардың бірі — пантотерия. Ол көбінесе бунақденелерді қорек еткен және қалталылар мен қағанақты сүтқоректілердің арғы тегі болуы да мүмкін. Үш бұдыртісті жануарлардың бір тармағынан жоғары сатылы қағанақты сүтқоректілер-пайда болып, олар өз алдына, қалталылармен қатар тіршілік етті. Сүтқоректілер мен жорғалаушылардың дене құрылысында тіршілік әрекетінде көптеген ұқсас белгілер(мүйізді қабыршақтар, тырнақтар) көп. Ұрықтарының дамуы да ұқсас. Бұл белгілер олардың туыстық жақын екенін көрсетеді. Бұдан 250-180 млн жыл бұрын аңтісті кесірткелер тіршілік еткен. Олардың тістері қазіргі кездегі сүтқоректілерге ұқсас күрек, сойдақ, азу тістерге жіктелген. Бірте-бірте олардың денесінің сыртында түкті жабын пайда болып, дене температурасы тұрақтанған. Сүтқоректілердің көптеген түрлері өсімдіктермен қоректенуге көшкен. Жыртқыштық жолмен қоректенетіндері де бар. Жоғары сатыдағы сүтқоректілердің сан алуан түрлері бұдан 90-70 млн жыл бұрын жер бетінде кеңінен таралған. * Сергіту сәті ( 2 мин.) ІҮ. Бекіту. Тапсырма. «Биологиялық диктант».
2 тапсырма. « Сәйкестендіру тесті »
бейне жазба (2 мин). Ү. Қорытындылау. ҮІ. Үйге тапсырма беру. ҮІІ. Бағалау. Кері байланыс. Рефлексия. ҮІІІ. Сабақтың соңы.