Көрнекі әдістер оқу материалын оқушылардың көзімен көріп, нақтылы түсінуіне мүмкіндік береді. Демонстрация - оқушыларды құбылыстар, процестер, заттардың нысанасымен табиғи жағдайда таныстыру барысында қолданылады. Ол көбінесе оқушылардың практикалық оқу әрекетімен ұштаса жүргізіледі. Иллюстрация - демонстрациямен тығыз байланысты. Мектеп тәжірибесі көрсеткендей сабақта иллюстрациялы материалды көп қолдану, оқушы назарын нақтылы оқу материалынан ауытқуына әкеп соғады. Сондықтан, көрнекі құралдарды пайдаланудың дидакикалық қолданысын және таным процесінде олардың рөлін алдын-ала ойластырып алу қажет.
Тәжірибелік әдістерде оқушылардың сабақта алған теориялық білімдерін, біліктілік пен дағдыларын тереңдету және жетілдіре түсу мақсатында олардың практикалық жұмыстарының маңызы ерекше. Зертханалық тәсілі негізінен биологиялық, физикалық, химиялық жағдайда жиі қолданылады. Тәжиребеде дайындау →өткізу→қорыту кезеңі арқылы іске асады. Практикалық жұмыста теорияда игерген білімді іс жүзінде көрсете білу. Графикалық жұмыстар барлық пәннен орындалады. Бұған кестелер жасау, диаграммалар жасау, диаграммалар құру, сызбалар сызу секілді әрекеттер жатады. Жаттығу әдісі – оқушыда біліктер мен дағдыларды қалыптастырады. Оқу барысында теоия мен қағиданы қайта пысықтап, тиянақты меңгеру жаттығу арқылы іске асады. Сондықтан да бұл әдіс барлық пәндерде кеңінен қолданылады. Бұл көбінесе тіл мен математика, шет тілдерін оқыту пәндерінде көбірек жүргізіледі. Жаттығу оқушылардың оқу жұмыстарын өздігінен орындау белсенділігі арттырады. өзінідік жұмыстарына оқушылардың шығармашылықпен атқаратын реферат, шығарма жұмыстары жатады.
Оқыту әдістерін жетілдіру бүгінгі күннің басты мәселесі болып отыр. Оқыту әдістерінің тиімділігін арттырып, оқытудың жаңа формалары мен тәсілдерін меңгеру қажеттігіне педагогикалық зерттеулерде айрықша маңыз беріледі. Оқыту әдістері – оқытудың мақсат-міндеттеріне сай оның мазмұнын оқушыларға меңгертуде мұғалім мен оқушылардың қолданатын амал-тәсілдері мен құралдарының жиынтығы болып табылады.
Оқыту процесінің табысты болуы: біріншіден, мұғалімнің табысты білімінен басқа, өз пәнінен практикалық дайындығына, оқу процесін ұйымдастыра және басқара білуіне; екіншіден, білім дағдысына, жоғары мәдениеттілігіне, ғылым мен техника жетістіктерін пайдалана білуіне; үшіншіден, мұғалім мен оқушы арасындағы адамгершілік өзара қатынас және бірлікке байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |