Экономикалық тәрбиенің негіздері еңбек тәрбиесінде жатыр. Экономикалық тәрбие деп оқушыларды экономикалық білімдер негіздерімен қаруландыру, қоғамның экономикалық саясатын ұғындыру, өндіріс, айырбас, бөлісу және тұнығу шеңберіндегі негізгі экономикалық қатынастарды тәжірибе меңгерту деп түсінуіміз керек.
Еңбек тәрбиесі. Адамның жан-жақты және үйлесімді дамуында еңбек шешуші фактордың бірі. Адам еңбексіз дамымайды, кері кетеді, азады. Еңбек арқылы адам кемелденеді, сол үшін мектеп еңбек тәрбиесі яғни оқушыларды психикалық тұрғыдан және тәжірибе жүзінде еңбеккерлікке дайындауға бағыттылған.
Құлық тәрбиесі. Мораль барлық қоғамдық өмірдің саласында – еңбекте, тұрмыста, саясатта, ғылымда, үйелменде және халықтық қатынаста адамның мінезін және санасын реттейді.
Достарыңызбен бөлісу: |