Лекциялар: 15 Тәжірибелік сабақтар: 15 обсөЖ: 30 СӨЖ: 30 Қорытынды бақылау түрі: емтихан Тараз 2011 ж


Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі



бет6/91
Дата26.04.2020
өлшемі0,61 Mb.
#64758
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   91
Байланысты:
Оқитындарды кәсіпке дайындау

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі

Білім беру жүйесі өз қызметі барысында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Аз уақыт аралығында елден сауатсыздық жойылып жалпы білім беретін оқу орндары сондай-ақ жоғарғы оқу орындары құрылып жалпыға бірдей оқу ісі жүрді. ХХ ғ. 60 жылдарында ЮНЕСКО-ның білім саласындағы сандық және сапалық көрсеткіштері бойынша КСРО дүние жүзінде екінші орын иеленді. ЮНЕСКО бақылаушылары ақысыз орта және жоғары білім беруді жоғары бағалады. Олардың көзқарастары бойынша кеңес одағының тәжірибесін сақтап қалу тиімді, ол ұлттық негіздегі білім беру жүйесі, осы тәжірибеге сүйенуі керек. Бірақ, кеңестік білім беру саласында оның дамуына кедергі келтіретін кемшіліктер де болды. Әсіресе, білім беру жүйесінің шеттен тыс идеяландырылуы, өмірден және әлеуметтік тәжірибеден алшақ болуы, тарихи-мәдени, этнопедагогикалық құндылықтарды ескермеу, оқу орындары мен білім мазмұнының қатаң әрі біркелкі болуы т.б.

Қазақстан демократиялық жолға түскен өтпелі кезеңде барлық әлеуметтік – экономикалық өмірдің түбірімен өзгеруі білім саласының да қайта құрылуына қажеттілік туғызды. Бұл орайда, жүргізіп жатқан реформалар бұрынғы қол жететін жетістіктерді сақтай отырып, білім беру жүйесін ары қарай дамыту жолдарын белгілеу қажет болды. Алайда, егемендігіміздің алғашқы жылдарында бұрынғы жүйенің тамаша жетістігі болып саналатын міндетті орта білім беру жүйесінің өзгерістерге ұшырап батыстық үлгіге көшуге талпыныс жасалды. Ендігі жерде білім беру саласындағы әлемнің алдыңғы қатарлы елдердің тәжірибесіне сүйеніп, жаңа мемлекеттің даму барысын ескере отырып, жинақтаған тәжірибеге арнайы талдау жасау қажеттігі туды. Осы орайда білім беру ісінің заңдық базасын жасау қолға алынды.

1992ж., 1999ж. білім, жоғарғы білім туралы заңдар қабылданып, білім саласындағы мемлекеттік саясаттың концепциясы, орта білімнің даму концепциясы мен білім берудің мемлекеттік стандарттары бекітілді. Қабылданған нормативтік құжаттар еліміздің негізгі заңының ережелеріне сүйенеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет