Лекциялар: 15 Тәжірибелік сабақтар: 15 обсөЖ: 30 СӨЖ: 30 Қорытынды бақылау түрі: емтихан Тараз 2011 ж



бет73/91
Дата26.04.2020
өлшемі0,61 Mb.
#64758
түріЛекция
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   91
Байланысты:
Оқитындарды кәсіпке дайындау

Ұсыныс және сұраныс заңы. Нарықтық баға құрылу үдерісінде сұраныс пен ұсыныс шешуші рөл атқарады. Сұраныс деп уақыттың сол мезетіндесол бағаға сатып алушылардың белгілі бір көлемде тауар сатып алу қабілетін айтамыз. Сонымен, сұраныс сатып алынатынигіліетердің санын олардың бағасымен байланыстыратын ұғым болып табылады. Бұл байланыс сұраныс заңынан көрініс береді. Сұраныс заңы былай тұжырымдалады:баға төмен болған сайын сатып алынатын тауар саны арта түседі және керісінше, баға жоғары болған сайын адамдар сатып алатын тауардыңсаны азая береді. Расында да, белгілі бір тауардың бағасы түспес бұрын ақшасы жетпегендіктен оны сатып ала алмай жүрген адамдарға енді оны алуға мүмкіндік туады. «Сұраныстың өзін» және «сұраныс көлемін» ажыратып алу керек.Тауардың бағасы сұраныстың көлеміне ықпал етеді. Сұраныс көлемінің өзгерісі сұраныс графигі бойынша қозғалыстан көрініс береді.Сұранысқа бағадан басқа факторлар да әсер етеді. Олардың қатарына тұрғындардың кірістерінің өзгеруі, тауардың сапасымен ассортименті, сатып алушылардың талғамдары, әдеттері және сән жатады.Өте маңызды факторлардың біріне сатып алушылардың қажеттіліктерін өтейтін өзге тауарлардың болуыжәне олардың бағасы жатады. Тұрғындар саны өскен кезде де сұраныс арта түседі. Тұтынушылардың икемділіктерінің де сұранысқа әсер ететіне көңіл аудару керек. Сұраныстағы өзгерістер ұсыныстың соған сәйкес реакциясын талап етеді.Тауар өндірушінің белгілі жерде, белгілі уақытта тұтынушыға сата алатын тауарларының көлемін ұсыныс дейміз. Бағаның деңгейі және сатылатын өнімнің көлемі бір бағытта өзгереді:баға жоғары болған сайын нарыққа тауар көп түседіжәне керісінше, егер осы тауардың бағасы төмен болса, оны ұсыну көлемі де азаяды. Сұраныс көлеміне әсер еткені сияқты, ұсыныс көлеміне де баға үлкен әсер етеді. Тауар мен қызметтің көптеген түрлерінің әрқайсысының бағасы туралы ақпараттар бойынша өндіруші ұсыныстың көлемін ұлғайту немесе қысқарту туралы шешім қабылдайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет