Лекциялар: 15 Тәжірибелік сабақтар: 15 обсөЖ: 30 СӨЖ: 30 Қорытынды бақылау түрі: емтихан Тараз 2011 ж



бет70/91
Дата26.04.2020
өлшемі0,61 Mb.
#64758
түріЛекция
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   91
Байланысты:
Оқитындарды кәсіпке дайындау

Ақша – тауар.

Бір тауарды екінші тауармен айырбастаудың «табиғи» мәні бар. Оны бартерлік айырбас деп атайды. Бұл түрінде өндірісті экономикалық ұйымдастыруда ол өз ролін толық орындай алмайды. Өнім өндірушілеодің тікелей зат алмасуына олардың араларындағы кездейсоқ немесе қалыпты емес қатынастары тән. Міндетті түрде айырбас жасау үшін жағдай керек. Бұл тәжірибеде орындалуы қиындац шарт. Бұл өнім өндірушілерді олардың еріктерін шектеп, демек таңдау мүмкіндігін де, бір-бірлері байлап-матапқояды.Таңдау сонда таңдаудан айыру болып табылады.



Қоғамдық өндірістің экономикалық ұйымдастырылуының алғашқы даму сатысында заттай айырбас орын алған. Көп жағдайда экономикалық қатынастар прогресі бартерлік айырбас орын алған. Көп жағдайда экономикалық қатынастар прогресі бартерлік айырбас қайшылықтарын шешуге және оны түпкілікті қоғамдық таңдауға айналдыруға байланысты болады. Ақша қоғамда жасалынған игілік атаулының бағасының әмбебап өлшем міндетінатқаратын ерекше тауар. Осының арқасында ақша шығындары мен нәтижелерін салыстырудың басты құралына айналды. Ерекше тауар ретінде ақшаның жан-жақты қасиеті,оның ерекше пайдалылығы тауарлардың көрсетілген қызметтің кез-келгені мен айырбастала беретіндігінде. Нәтижесінде олардың арасында айырбас ретінде жүреді. Ақша арқылы болатын осындай ара-қатынас айрбасты «сатып алушалар» мен сатушыларға айналдырады. Барлық сатып алушылар сатушыларға тәуелді, немесе керісінше болуы мүмкін. Мұндай өзара тәуелділік өзгертуге жатпайды.Бірақ ақшаның пайда болуына орай ол тәуелділіктің мәні өзгеше:оның әрбірі міндетті тәуелділіктен, яғни дәл сол экономикалық субьектімен міндетті түрде істес болудан босайды. Қоғамдық өзгерістің әрбір қатысушысы үшін оның аумағымен шектелген таңдау еркін болады. Көптеген тауарлар массасының белгілі бір немесе бірнеше тауарлар айырбас кезінде делдалдық роль атқару мақсатымен бөлініп шығады. Мұндай тауар ұлу қабыршағы және аң терісі, май, тұз, шегелер және алтын тағы басқа көптеген тауарлар болуы мүмкін. Қоғамдық еңбек бөлінісінің одан ары дамуы, тауар өндірісінің өсуі, құн формасының эволюциясы, айырбас жүйелілігінің артуы – барлық тауарлар дүниесімен басқа тауарлар барған сайын осыған көбірек айырбасталатын болған, бір тауардың бөлініп шығуына әкеледі. Бқұнның жалпыға артық формасының пайда болуы деген сөз. Кез-келген басқа тауарларға тікелей айырбасталуға қабілеті бар тауар жалпылама эквивалент деген ат алды. Әртүрлі халықтарда және сол бір халықтың өзінің тарихының әр түрлі кезеңдерінде жалпылама эквивалент ролін әртүрлі өнімдер атқарады. Уақыт өте келе бұл ролді барлық жерде дерлік үнемі күміс пен алтын атқаратын болды. Ақырында жалпылама эквиваленттік қызметті алтын атқара бастады.Айырбастың тәжірибесі бойынша, қолайлы эквивалент бірнеше ерекшеліктермен сипатталынуы қажет. Біріншіден, оның біртектілігі және сапалылығы. Екіншіден, эквиваленттік беріктігі мен мүлтіксіз сақталыну қасиеті. Үшіншіден, оның қандай да бір болсын, пропорцияда бөліне алатын ерекшелігі. Төртіншіден, біртұтастығы. Міне , алтын осы аталған қасиеттермен бейнеленеді. Ақша – тауардың басқа тауарлар тәрізді тұтыну құны мен құндық қасиеті бар. Осыған байланысты алтын бағасы төмендеген кезде барлық тауарлардың бағасы көтеріледі. Ақша айналыс құрамында шақа формасы ретінде көрініс береді. «Шақа» деген сөздің шығу тегі Ертедегі Римнің біздің дәуірге дейін ІҮ ғасырда ақша белгісін соғуы бастау алған Юнон Монета жеріне байланысты. Алтын – жұмсақ шақа және лоардың мөрі айырбас процесінде бірте-бірте өше бастайды. Мамандардың есебі бойынша алтын-шақа жыл сайын өз салмағының 0,075% айырылыды. Шақаның пайда болуы және дамуы нақта тарихта көптеген ғасырларды қамтиды. Ең алдымен мемлекет тек салмағын және санамасын анықтайды. Ақша дамуының өзі айырбаста асыл металдардан жасалған шақаның болуымен тоқталған жоқ. Бұл дамудың келесі қадамы – қағаз ақшаның, содан кейін несиелік ақшаның пайда болуы. Қағаз ақша екі жолмен пайда болды. Бірінші жолы – «шақа мөрінің тозуы». Алдымен, өз ақшаларын басып шығарушы князьдар, корольдер болды. Олар жаңадан шекілген шақалар мен айырбаста жүрген салмағы кем, мөрі тозған шақалар өздерінің қызметтерін қатар атқаратынын байқап, асыл металдардан шекілген шақалардың санын саналы түрде азайта бастайды. Екінші жолы – коммерциялық вексель арқылы пайда болды. Коммерциялық вексель – кәсіпкердің немесе саудагердің кредитке алған тауарларға белгілі бір уақыттан кейін ақша төлеуге берген міндеттемесі.

Ақшаның қызметі. Бұл проблема бойынша екі пікір қалыптасады.

1) Маркстік көзқарас. 2)Бүгінгі таңдағы буржуазиялық пікір.

Маркстік көзқарас ақшаның пайда болуын және мәнін анықтай отырып, оның бес қызметін атап кетеді. Біріншіден, бұл ақша арқылы басқа тауарлардың құны өлшенеді деген сөз. Кір тасының өз салмағы болғандықтан. Екіншіден, ақша тауар айналымының құралы қызметін атқарады. Ақша шыққаннан кейін тауардың тауармен тікелей айырбасталуы біржолата тауар айналымына, яғни ақша арқылы тауар айналымының құралы болады. Үшіншіден, ақша қазына тауар жинау құралы ролінде атқарады. Тауар есі өз тауарларын сатқаннан кейін түскен ақшасын басқа тауар сатып алуға жұмсаса, ол ақша айналымынан асып, қазынаға айналады. Төртіншіден, ақша төлем құралы болып табылады. Ақшаның бұл қызметі тауарды несиеге сатумен, яғни төлемді кейінге қалдырумен байланысты. Сатушы несиеге берушілерге , ал сатып алушы борышқорға айналады. Бесіншіден, елдер арасындағы экономикалық қатынастарда ақша дүниежүзілік ақша ретінде болады. Бұл қызметінде ол халықаралық саудаға және тауарлы емес операцияларға қызмет етеді. Халықаралық көлемде ақша әдетте тек таза алтын түрінде ғана қабылданады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет