Лекциялар: 15 Тәжірибелік сабақтар: 15 обсөЖ: 30 СӨЖ: 30 Қорытынды бақылау түрі: емтихан Тараз 2011 ж



бет68/91
Дата26.04.2020
өлшемі0,61 Mb.
#64758
түріЛекция
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   91
Байланысты:
Оқитындарды кәсіпке дайындау

Экономика ұғымы. Экономика(гр. оikonomike-үй шаруашылығын жүргізу өнері) о баста үй шаруашылығын жүргізу туралы заң дегенді білдірген. Қазіргі кезде бұл ұғым одан әлдеқайда кең мағынада қолданылады.Экономика ұғымы материалдық игіліктер өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үдерісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды сипаттайды. Экономикалық қатынастар өзге қоғамдық қатынастарды айқындайды,олардың базисы болып табылады.

Еңбек бөлісі мен маманданудың пайда болып, дамуымен байланысты материалдық игілік өндірушілер бір-біріне тәуелділікке түседі. Еңбек бөлісінің дамуы жоғары болған сайын, олардың арасындағы тәуелділік те күштірек болады. Олардың әрекеттерін үйлестіру қажеттілігі арта түседі. Тауар өндірушілердің қызметтерін үйлестіру әдістерінің жиынтығы экономикалық жүйені құрайды. Экономикалық жүйе қоғамда қалыптасқан шаруашылық механизмдерін, заңдарды, экономикалық институттарды, меншіктік қатынастарды біріктіреді.

Экономикалық жүйе өзінің басты мақсаты ретінде қандай тауар өндіріп, қызметтің қай түрін көрсету керектігін; қандай технологияны пайдаланып, қалай өндіруді; кім үшін өндіріп, кімге қызмет көрсету қажет деген мәселелерді шешеді. Бұд мәселелердішешу әдістеріне байланыстыэкономикалық жүйелер үш тұрпатқа –дәстүрлі, командалық және нарықтық болып жіктеледі. Дәстүрлі экономикалық жүйеде өндіру, бөлу және тұтыну қалыптасқан дәстүрлер мен ғұрыптарға негізделеді. Командалық -әкімшілік экономикалық жүйе бұл мәселелердідирективалық әдістермен, яғни жоғарыдан түсіріліп жататын бұйрықтармен шешеді. Ал нарықтық экономикалық жүйеде шаруашылықтың бағдары тауар өндірушілер мен қызмет көрсетушілер арасындағы бәсекеге құрылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет