Lesson Study тәжірибесі негізінде өткізген сабағым бойынша пікірім



Дата10.06.2017
өлшемі18,35 Kb.
#18581
Lesson Study тәжірибесі негізінде өткізген сабағым бойынша пікірім

Акмола облысы Бурабай  ауданы Бурабай кенті С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің LS технологиясы бойынша, тәжірибесі негізіне алынған 10 к сыныбында 28 қазан күні қазақ әдебиеті пәнінен «Шоқан Уәлиханов» тақырыбында ашық сабақ өткіздім.

Сабақтың құрлымына келетін болсам, алдымен топты Н.И. Веселовский мен Г.П.Потаниннің Шоқан жайлы айтылған пікірлерімен бөлдім. Бөлінгеннен кейін оқушылар Н.И. Веселовский мен Г.П.Потаниннің кім , бүгінгі сабаққа қандай қатысы барын түсіндіріп, сабақтың тақырыбын анықтады. Топтың атауларымен таныстырғаннан кейін,оқушылардан топты «Құсмұрын бекеті», «Сырымбет ауылы» деп аталу себебін сұрадым. Оқушылар сұрағыма толық, әрі дұрыс жауап берді. Оқушыларға БББ сызбасы таратылды, олар Шоқан жайлы не білетіндерін және не білгілері келетіндерін жазды. Соңсоң Ш.Уәлиханов жайлы екі топқа екі түрлі мәтін таратылды. Оқушылар жеке дара оқып,кейін топ ішінде бір- біріне түсіндіріп, қағаз бетіне кластер ретінде құрастырды. Қосымша Ш.Уәлиханов жайлы бейнеролик көрсетілді. Бейнероликтен алған білімдерін тағы да кластерге толықтырып жазды. Оқушылар топ болып жазған жұмыстарын қорғады. Қорғау барысында әр топ мүшесі тыс қалмай, сөйлеп, түсіндіре білді және де бір- бірін толықтыра алды. Келесі кезең бес жолды өлең жазу,яки синквейн құрастыру. Әр топтан бір оқушы оқыды. Сонымен қатар, оқушылар үнемі бір- бірін топ ішінде бағалап, бағалау парағын толтырып отырды. Сабақтың басында берілген БББ сызбасын оқушылар сабақтың соңында не білгені, тағы да не білгілері келетіні жайлы толтырып жазды. Сабақты қорытындылай отырып, оқушылардың бүгінгі сабақтан алған әсерлері жайлы таратылған стикерлерге жазып, екі түрлі көңіл - күйді білдіретін смайлик төңірегінде жапыстыруларын сұрады. Сабақтың басынан аяғына дейін тапсырмалардың барлығы слайд парақтарында көрсетіліп , әр тапсырманың белгіленген уақыта орындалып аяқталуы керектігі айтылып отырылды.

Жалпы сабақ мәресіне белгілеген уақытта, белгілеген жеріне жетті. Бұл сыныпта сабақ бермейтінімді ескеретін болсам, cабақ ойымнан шықты. Оқушылар өздерін жаңа қырынан көрсете білді. Сабақ соңында жазған оқушылардың стикерлерін оқып, қорытындыласам, жалпы сабақ оқушылардың көңілдерінен шығыпты . Біз зерттеген А оқушысы осындай қызықты сабақтар бола берсе екен деп жасса, B оқушысы қобалжығандығы жайлы және де сабақтың қызықты болғандығы жайлы жазыпты. C оқушысы болса ол да сабақ бойы белсенділік танытып, сабақтың ұнағаны жайлы жазған екен.

Сабақ әріптестерімнің және өзімнің ойымнан шықты.



Ахметбекова Бакыт Сериковна, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет