Халықаралық оқытушылар сайысы"Менің инновациялық сабағым" «Пирамида жеті кереметтің бірі»



Дата30.01.2017
өлшемі94,11 Kb.
#8329
Ақтау қаласы, №11мамандандырылған физика-математика мектебінің математика пәні мұғалімі Асылбаева Маржан Мурзагалиевнаның Халықаралық оқытушылар сайысы"Менің инновациялық сабағым"
« Пирамида - жеті кереметтің бірі»
«Сабақ жас өспірімдердің интеллектуалды өміріне құр ғана сабақ болып қоймас үшін, ол қызықты болуы шарт. Осыған қол жеткенде ғана мектеп жасөспірімдер үшін рухани өмірдің түлеген ошағына, мұғалім осы ошақтың құрметті иесі мен сақтаушысына айналады».

(В.А.Сухомлинский)

Қазіргі таңда жеке тұлғаны қалыптастыруды дамыту мен оған жан-жақты терең білім беру мақсатында инновациялық технология ұсынылады. Инновациялық білім беру -іскерліктің жаңа түрі. Инновациялық қызмет оқу ісін дамытуға, пәндердің мәнін тереңдетуге, технологияны енгізуге, пайдалануға және шығармашылық жұмыстарын жүргізуге бағытталған. Осыған байланысты өзекті мәселелердің бірі - сабақтың жаңа түрлерін дамыту.

Педагогикалық үрдісте инновация - оқыту мен тәрбиенің тәсілдері, түрлері, мақсаты мен мазмұнын, мұғалім мен оқушының бірлескен қызметін ұйымдастыруға жаңалық енгізуді білдіреді. Қызықты сабақтар мұғалімнің ашқан жаңалығы, өзіндік қолтаңбасы, әдістемелік ізденістері, қолданған әдіс – тәсілдері арқылы ерекшеленіп, шәкірт жүрегінен орын алады. Сабақ үрдісінде пайдаланып жүрген әдіс – тәсілдер оқушылардың оқуға деген ынта – ықыласының, дағды мен ой – өріс, білім – біліктерінің артуымен сипатталары cөзсіз. Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс – тәсілдермен ерекшеленеді. Әдіс-тәсілдерді мұғалім ізденісі арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай іріктелініп, қолданылады. «Өмір бір орында тұрмайды, уақыт өткен сайын жаңа талаптар пайда болады» деген Елбасының сөзі мұғалімдердің жаңа міндеттерді шешуге әзір болуын талап етеді.

Әрбір мұғалімнің негізгі мақсаты – сабақ сапасын көтеру, түрін жетілдіру, заманауи технологиялардың әдіс-тәсілдерін, элементтерін қолдану арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру, олардың ізденуін, танымын қалыптастыру. Осы мақсатта математика сабақтарын да әртүрлі әдістермен жүргізуге болады.

Қиыны мен жеңілі, қызығы мен қуанышы мол болған еңбек жолындағы педагогикалық ұстанымым – әр оқушының бойынан жақсылық тауып, бұлақтың көзін ашу арқылы биік мақсаттарға жетелеу және үнемі жаңалыққа ұмтылып, жаңа технологияның әдіс-тәсілдерін меңгеру. Мен өзімнің дәстүрлі және жаңа инновацияларды сабақтастырудағы іс-әрекетімді мынадай өлшемдермен сипаттаймын: инновациялық іс-әрекеттің қажеттілігін сезіну; оқу үрдісіне жаңалық енгізуде шығармашылықпен қызмет етуге даярлығымның болуы; енгізілетін жаңалықтардың бағытының дұрыстығына, тиімді нәтиже әкелетініне сенімді болуым; белгілі проблеманы шешудегі қолданылатын инновациялық іс-әрекетті толық өзіме қабылдап, оны енгізе білуім.



Мен 2013ж. 11қарашасында ҚР педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында бірінші (ілгері) деңгей бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту курсын бітірдім. Осы курс негізінде орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарларды жасай отырып, 9 және 11- сыныптарға жаңа бағдарламаның жеті модулі бойынша жаңаша сабақтар өтудемін. Төменде 11-сыныпта геометрия пәнінен өткізген сабағымның қысқа мерзімді жоспарына талдау жасамақпын. 11-сынып геометрия пәні бойынша «Көпжақтар» тарауына орта мерзімді жоспар жасай отырып, оқушылардың «Пирамида» тақырыбы бойынша алған білімдерін тереңдетіп, жинақтау, жүйелеу, бекіту және қазақ халқының дәстүрінің ерекше қасиеттеріне тәрбиелеу мақсатында сабақтың тақырыбын «Пирамида - жеті кереметтің бірі» деп алдым.

Пирамида – архитектурада төрткүл дүниенің төрт тарапына түгел қарап тұратын, төрт бұрышы ту биіктегі бір нүктеде түйісетін алып құрылыс. Пирамида тарихын зерттеуші кейбір адамдардың пікірінше, пирамида төрт бұрышының бір нүктеде түйісуі әу баста Адам Ата (ғ.с.) мен Хауа Анадан тараған адамзаттың бірлігін бейнелейді. Олай болса, менің алдымда бұл сабақ арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабілеті мен дағдыларын, белсенділіктерін, оқуға, саналы сезімге, жауапкершілікке, пәнге деген қызуғышылығын, олардың шығармашылық қабілетін бір нүктеде түйістіріп, математика пәніне ғана емес, өмірге деген құлшынысын ояту, ол үшін бірлесіп, ұжымдасып, ынтымақтастықта жұмыс істеу міндеті тұрары хақ!

Сабақты бастамастан бұрын, сыныпта психологиялық ахуал туғызып, «Шаттық шеңбері» тренингін жасадым. Оқушылар ортаға шығып, шеңбер жасап тұрып, өз есімдерінің басты әрпінен басталатын ізгі тілектерін айтты.

Сонан кейін геометриялық фигураларды таңдата отырып, фигуралардың қасиетіне байланысты екі топқа бөлінді.

Топқа бөліне отырып, сабақ тақырыбын ашты. Алдымен топтық ереже құрып алдық. Ол ережеге бағына отырып, уақытты тиімді пайдалануға, өз ойын ашық айтуға, барлық оқушының сабаққа қатысуына көңіл бөлінді. Топтық жұмыс барысында сыныпта ынтымақтастық атмосферасы қалыптаса бастады. Тақырыпты оқушылар топтаса отырып, бір-біріне түсіндірді. Ешқандай оқушы қалыс қалмады.

Тақтада жазба жұмысының критерийлері жазылған. Әр топта бағалау парағы бар, топтың басшылары бағаларын жазып отырды.

Оқушылар сабақ барысында өз ойларын жеткізумен шектеліп қана қоймай, өзара тіл табысып, пікір алмаса отырып, өз жұмыстарына, топтағы немесе жұптасқан оқушылардың жұмыстарына, бір-бірінің берген жауаптарына сыни тұрғыдан ойлап, талдау жасай алды, өз ойларын қорытындылай білді. Сабақтың оқыту технологиясы: ғаламтор ресурстары, мультимедия, интербелсенді тақта мүмкіндіктері.

Ал, сабақта негізінен туындайтын идеялар: пирамида, оның түрлерін ажырата білу; құрылымын үйрену; өмірмен байланыстар іздеу. Сілтемені Н.Шыныбековтың «Алгебра және анализ бастамалары», 11- сынып оқулығы, дидактикалық оқу-құралы, тапсырма жазылған карточкалар, ғаламтордан қажетті ресурстардан алдым.



Мен осы сабақта оқушылармен интерактивті жұмыс жүргізу үшін сыни тұрғыдан ойлау модулін таңдағаным дұрыс деп ойлаймын. Яғни, осы сабақтың нәтижесінде оқушылар құнды пікір айтуға, басқаның ойын сыйлауға үйренеді, бір-бірімен диалогтік әңгіме құруға, топпен жұмыс жасай отырып, ойларын еркін айтуға қалыптаса алды деп айтуға болады. Осындай нәтижеге жеткізетін қандай жұмыстар,сол жұмыстарға тоқталып кетейік.
1.Қызығушылығын ояту мақсатында:

Интерактивті тақта арқылы:

а) пирамиданың элементтерін, түрлерін көрсетіп, пирамиданың бүйір бетін, толық бетін, табан ауданын, көлемін табатын формулалады қайталап алдық .

ә) 1-тапсырма 2 топқа өткен материалдар бойынша сұрақтар,есептер берілді.

Жауап беруге әр топтағы топ басшысы оқушылардың ішінен бір оқушыны ұсынады. .

11- сынып оқушылары үшін стереометрия есептерін шығару қиынға соғары сөзсіз.. Оларға үш өлшемді денелер жайлы екі өлшемді тақтада түсіндіру қиын болады. Ал іштей сызылған пирамида, шар сияқты ұғымдарды салу мүлдем мүмкін емес-тін. Міне, осындай тығырықтан шығу үшін, қалайда кеңістіктегі фигураларды барлық қырынан көру – интерактивті тақтада орындалатын «Геогебра» бағдарламасы пайда болды. Геогебра -жаңадан пайда болған, математика ғылымы үшін тың бағдарлама. («Геогебра» бағдарламасы тек 2009 жылы пайда болып, әлем бойынша қолданыла бастады. Түп нұсқасы ағылшын тілінде болғандықтан, көбінесе Батыс Еуропа, Америка елдерінде қолданылып жүрді. Кейін келе орыс тіліне аударылды. Ресейдің өзінде емес, Белоруссия, Эстония елдерінде тараған. 2010 жылы жас мұғалім Талғат Байназаров осы бағдарламаны қазақшаға аударып, қазақтілді «Геогебра» бағдарламасының авторы атанды. Қазіргі уақытта осындай «Геогебраға» тең келетін тегін таратылып, жеңіл түсіндіретін компьютерлік бағдарлама жоқ.) Ақпараттық-коммуникациялық технологиямен қамтылған сыныптар үшін мұғалімге математика сабағын көрнекі түрде түсіндіру мүмкіндігі бар. Оқушылар абстрактілі түсініктерді өз көздерімен «көре алады». Әсіресе, бұл бағдарлама – жаңа тақырыпты түсіндіру барысында тиімді. Осы бағдарламаның көмегімен оқушылар шарға іштей және сырттай сызылған пирамидамен (кеңістікте айналып тұрған шар, барлық жағы толық көрініп тұрады) танысты.

Оқушының қызығушылығын ояту деп, оқушының бір нәрсеге зейін қоюға, кейбір заттар мен құбылысты танып білуге ұмтылуын айтамыз. Математикада оқушыларды қызықтырып, өзіне тартатын құбылыстар аз емес, тек соларды таба, тани білу керек. Жоғарыда, өздеріне берілген тапсырмаларды жеке, топпен талқылай отырып, ізденіске итермелейтін сұрақтар, деңгейлік тапсырмалар, оқулықпен жұмыс, есептерді шығару арқылы оқушылардың «Пирамида» тақырыбын кеңінен ашуына мүмкіндік туды.

2.Мағынаны ашу:

2-тапсырма

Әр топқа жеке слайд арқылы ортақ, бір тапсырма беріліп, оны әр топ жеке орындады

2-тапсырма бойынша: оқушылар тапсырманы жеке-жеке оқып танысты; топта талқылады; тақтаға түсіндірді; бір-бірінің жұмыстарын тексерді. Тапсырма түрі: пирамидаға берілген элементтері бойынша қима жазықтық салу болатын. Сонан кейін интерактивті тақтада жұмыстың орындалған үлгісін көріп, өздерінің салу жұмысына қаншалықты дайын екеніне көз жеткізді. Планимериядағы салу жұмысынан, стереометриядағы салу жұмысының күрделі екенін түсінді.

3- тапсырма

Оқулықтан барлық оқушыға ортақ есеп беріліп, оны талдады.

тапсырма бойынша: топ оқушылары тапсырманы жеке-жеке оқып танысты; тақтаға сызбасын сызып, берілгенін жазды; есепті шығарды және қалай шығарылғанын түсіндірді.

Бұл тапсырманың топ ішінде талдану маңыздылығы - тақырыптың мағынасын ашу. Оқушылардың есептердің мазмұнын сыни тұрғыда ойлана отырып, берілгенін назар аудара оқып, не табу керектігін түсінеді, жеке және бірігіп талдап үйренеді.



Есеп шығару барысында бағалау критерийі бойынша, топтар бір-бірін бағалап болғаннан кейін, сергіту сәті болды.

Сабақтың келесі бөлімінде өте қызықты құнды пікірлер айтуға дайындаламыз. Әр топ берілген ресурстармен танысады, оқиды, топта талқылайды. Ресурстар: сандар пирамидасы; Мысыр пирамидалары; пирамидадағы пәктік пен парасат; Маслоу пирпамидасы; қаржылық пирамида; XXI ғасырдың тамақтану пирамидасы. Әр топ, өздеріне берілген тақырып бойынша постер арқылы шығармашылық жұмыстарын қорғап, ой қорытты. Интерактивті тақта арқылы да тамаша мәліметтермен танысып, өз ойларын толықтырды. Оқушылардың шығармашылығын дамытуда ақпараттық коммуникациялық технология әдістерін дәстүрлі әдістермен ұштастыра, жаңаша сабақ түрлерін өткізу еш қиындық келтірмейді. Бүгінгі сабақ арқылы жаңа ақпараттық технологияларды қолдану арқылы өзім де, оқушыларымда да пәнге деген қызығушылықтың жаңа бір белесіне шыққандай болдым. Сабақ соңында түрлі-түсті жапсырғыштар мен смайликтер арқылы оқушылар өз көңіл күйлерін білдірді. (Рефлексия)

Сабақтың психологиялық тұрғыдан дұрыс ұйымдастырылғанына сенімім мол. Себебі бұл – оқушының ішкі жан дүниесіне терең үңілу, ойына ой қосу, қиялына қанат бітіру, білім алуға деген құлшынысын, қызығушылығын ояту болып табылады. Менің бүгінгі сабағым да қазіргі жаңа технологияларды негізге ала отырып, сабақты талапқа сай тартымды, қызықты, ой өрісін, есте сақтау қабілеттерін дамытатындай етіп өткеніне оқушылардың құнды пікірлер айтып, есептерді толық талдап және сабақты өмірмен байланыстырып талқылауынан байқадым.

Осылайша, математика пәнін оқытуда оқушының шығармашылығын дамыту жолын, оқушылардың ақпараттық және коммуникативтік мәдениетін қалыптастыруға бағыт беретін білім технологияларын қолдану арқылы дамыту керек деп білемін. Өзім математика сабақтарында интернеттің көмегімен оқытудың жаңа құралы ретінде оқушылардың жеке қажеттіліктері мен қабілеттерін ескере отырып, олардың ақпараттық – коммуникативтік және шығармашылық іс – әрекетін ынталандыруға үлкен септігін тигізетін біркелкі емес дидактикалық жағдайларды ұйымдастыра аламын.

Ақпараттық коммуникациялық технология әдістерін дәстүрлі әдістермен ұштастыра жаңаша сабақ түрлерін өткізу үшін еш қиындық кездеспейді. Жаңа ақпараттық технологияларды қолдану арқылы өзім де, оқушыларымда да пәнге деген қызығушылықтың жаңа бір белесіне шыққандай болдым.

Бастапқыда айтқанымдай,инновациялық сабағымның мақсатында оқушылардың қазіргі заман талабына сай білімін толықтыру үшін жан-жақтылық қажет және сол қажетті материалды интернет жүйесінен таба алатындығымыз, технологиялардың көмегімен ұсына аламыз.

Келешекте өз әдістемелік технологияларым мен сабақ үйрету шеберлігімді жетілдіру үшін мынадай жұмыстар жүргізу қажет деп білемін: үздіксіз біліктілігімді көтеріп отыру; арнайы әдебиеттерді оқу; оқытудың жаңа әдістері мен технологияларын ендіріп отыру; өзіндік сарап жүргізу арқылы ұзтаздық шеберлікті жетілдіру.

Қалай болса да математика сабағында оқу сапасын арттыру арқылы оқушылардың дамуына ықпал ету – әрбір мұғалімнің кәсіби шеберлігі мен құзіреттілігіне тікелей байланысты деп айта аламын.



Осыдан түйгенім: жаңа ақпараттық технология элементтерімен дәстүрлі әдістерді сабақтастыра жүргізген сабақ өз шыңына жетеді. Ал оқушы сол білім шыңына шығу үшін жоспарланатын тапсырмалар мен қолданылатын әдістер әрбір мұғалімнің шеберлігімен, өмір мен тұрмыстың күрделілігіне қарамастан қаншалықты өз жұмысын сүйетініне байланысты. Олай болса «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деген ұлы Абайдың сөзі ақиқат екенін өмірдің өзі дәлдеп отырған жоқ па?!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет