Сабақтың түрі : ашық тәрбие сағат Әдісі : «Поэзия минуты», «Қиялдағы суреттер», «Мозайка»,бес жолды өлең, эссе жазу



бет1/5
Дата04.01.2022
өлшемі24,66 Kb.
#129122
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Байланысты:
мен өмірге құштармын


Тақырыбы:«Мен өмірге құштармын» тәрбие сағаты

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға өздері оқып, танысқан Мұқағали өлеңдерімен оның шығармашылығынан жан- жақты деректер бере отырып, танымдық көзқарастарын қалыптастыру, шығармашылыққа шыңдау.

Сабақтың түрі: ашық тәрбие сағат

Әдісі: «Поэзия минуты», «Қиялдағы суреттер», «Мозайка»,бес жолды өлең, эссе жазу.

Көрнекіліктер: слайд, көрме, буклет. Ақын шығармалары, плакаттар.

С.Тұрысбековтің «Көңіл толқыны» күйі ойналып тұрады. Күй әуенімен жайлап Мұқағалидың өлеңдері оқылады.

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Өкінбе, өкпелеме бүгінгіңе,

Өмір, өмір болмайды түңілуге,

Мәңгі сені жазбаған сүрінуге- дей отырып, ақиық ақынның өмірге, өнерге деген құштарлығын өздеріңнің бойларыңа сіңіріп, үлгі алуға шақырамын
- Қара саз, қара шалғын өлеңде өстім,

Жыр жазсам оған жұртым елеңдестің.

Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев

Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім,-

деп ақынның өзі жырлағандай Мұқағали өлгенімен жез қылыштай жырлары өлгені жоқ.

М.Мақатаев қазіргі қазақ поэзиясының классигі, ұлтымыздың ұлы ақыны. Ақын өмірге шын ғашық, құштар жан.

Біз бүгін сонау XX ғасырдың арман – қиялы ақ қарлы Алатау жаққа шарқ ұрған асқақ мұзарт шыңдарға қарай қанаты талмастан биіктен-биікке самғаумен келген ақиық ақын М.Мақатаевтың «Мен өмірге құштармын» атты тақырыбындағы шығармашылығына арналған тәрбие сағатын бастаймыз.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет