Қазақстан Республикасындағы білім және ғылым министрлігі
«Теміртау көпсалалы «Мирас» колледжі ЖММ»
Тақырыбы: Ақшаның капиталға айналуы
(Реферат)
Орындаған: ББб-2017-1 тобының студенті Қамбарова Анель
Тексерген: С.Баймухановна
Ақшаның капиталға айналуы.
Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарт және өнім болып табылады.
Тауар – бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнім, оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды. Бірақ кез-келген зат тауар құны өз сатып алушының тапраса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуә болғаны, мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткені оның қоғамға қажеті шамасы. Сондықтан да әрбір тауар қажеті тұтыну құның алу құрамы бола отырып, өзінің өндірушісіне қатынасы бойынша айырбас құны ретінде көрінеді. Айырбас құн тауарлардың өзінен бөлініп шыққан және олар мен бірге өз бетінше өмір сүретін тауар, ол ақша.
Әрбір ерекше тауар міндетті түрде тұтыну құны ретінде көрінеді. Оның құны жасырын түрде болады және тек қана ақшаға теңестіру жолымен табылады. Тауарлар және ақшалар бір және осы тауар формасының нақты қарама-қарсы жақтары бола отырып, айырбас процесінде бір-бірін табады және өзара бір-біріне суысады.
Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде бір тауардың басқа бір тауарға кездейсоқ айырбасталуы барысында, айырбас құнның жай немесе кездейсоқ формалары қолданылады. Мысалы: 1 балта – 5 құмыра, 1 қой – 1 қап бидай және т.б.
Тауар өндірісінің өсуіне байланысты неғұрлым жиі айырбасталатын тауар-барлық басқа тауарлардың бір-бірімен өзара айырбасталу құралы бола бастады. Осыдан келіп, құнның толық немесе кең көлемдегі формасынан жалпы құндық формасына жасырып түрде өту басталды. Бірақ оның ролі бір тауарға оның бекітілмеген еді. Біртіндеп жалпы құндық эквивалент ролін белгілі бір тауарлар көптеп атқара бастады және осы тауарлар ақша деп аталынды. Құнның жалпы құндық формасы ақша формасына айналды.
Әрбір тауарлы-шаруашылық уклад өз эквивалентін алға тартады. Бір халықтың өзінде әр түрлі уақыттарда және әр түрлі халықтарда бір мезгілде әр түрлі эквиваленттер болды. Сонымен, бірінші, ірі еңбек бөлісінің нәтижесінің мал бағушылардың бөлініп шығуымен мал айырбас құрамына айналды. Олардың белгілі түрлері табиғи-климаттық жағдайларға байланысты нақты сол ортада айырбас құралы болды. Малды жалпы эквивалент ретінде пайдаланылған туралы нақты дәлелдер әр түрлі қолжазбаларда, қазба жұмыстарының нәтижелерінде табиғат заттарда, поэзияларда кездеседі. Төлеудің көне Тром батырлары туралы поэмасында өгізді құн өлшемі ретінде пайдаланылғаны жайлы айтылады. Осы уақыттарды металдан жасалынған ақшаларда «өгіз» деген атау ойып өрнектелініп жазылып жүрді. Латынның сөзі «пукупин» (ақша) «пекуч» (мал) сөнімен шыққан «Руна» («мал») сөзі үнділердің ақша бірлігінің атуы «руним» негізінде жатыр. Ежелгі Рустарда да ақша металл ақшаларға адысқаннан кейін де «мал» деген атауға ие болды. Ярослав Мудрый 1018 ж. былай деген «біздің жинаған малдарымыз ерлерден и кун, старатылардан 10 гривен және боярлардан 18 гривеннен тұрады». Ол кездегі қазынаны «малшы», қазына, қазына жинау орны – «мал ұстайтын орын» деп аталынды.
«Капитал» сөзінің шығуы да малменен байланысты, өйткені ескі герман тілінде бұл сөз мал басы санының көптігін білдіре отырып, меншік иесінің байлығын көрсетеді.
Солтүстік халықтары оң бірінші тауар тауар ретінде айырбас үшін жүнді пайдалануы. Жүн ақшалау Моңғолияда, Тибетте және Памирде кең көлемде таралды. Ежелгі Русьтардың арабтармен, жазарлар мен, Византиямен сауда саттық жинауы барысында түн ең басты құралдардың бірі болды. Ежелгі Русь елінде жүн ақша жүйесінің бүгінгі болып саналды 1610ж. жаулап алынған орыстардың әскери кассасында 5400 руб. Күміс пен 35 000 теңге жүн табылды.
Жылы теңіздердің жағасын мекендеген тайпалар айналыс құралы ретінде бақалшақ ақшаларды пайдаланды. Әлемде әр түрлі «экзотикалық» ақшалар болған. Каролин аралдары тобына кіретін ЯВ арасында осы күнге дейін фен ақша айналысында қызмет етеді. Мұндай «монеталардың» диаметрі бірнеше метрге, ал массасы тоннаға дейін жетеді.
Юлиий Цезарь патшалығының тұсында ақша ретінде құлдарды пайдаланды. Сонымен бір құлдық құны үш асыр, алты бұзау, он екі қойға теңестірілді. Жалпы эквивалент ретінде металдар да пайдалана бастады. Ежелгі Спартада, Жапонияда темір, мырыш, қорғасын, мыс, күміс, алтын түрінде ақшалар пайдаланды. Металл ақшаның артықшылығы, ол – біркелкі, төзімді, ұсақталынады және т.б. Кейін металдардың арасында басты роль алтын мен күміске өте бастады, өйткені олар жалпы эквивалент үшін аса қажетті сапаға ие.
ХІІІ ғасырда салмағы көрсетілген құймалар пайда бола бастаған. Осындай себепке байланысты көптеген ақша бірліктері фунт сториллинг, ливр (жарты фунт), марка (жарты фунт) салмау бірліктері атауымен аталады. Моноталардың пайдa болуы – ақшаның құралуындағы оқуға кезең болып табылады 1,2. Ақшаның өмір сүруіндегі объективті қажеттілік ол тауар өндірісі және тауар айналысының болуына негізделеді. Кез келген тауар айналысында ақша айырбас құралы болып табылады. Тауар және ақша бір-бірінен бөлінбейді. Ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайды.
Бірақ XVI ғасырдың басында (1516ж.) утопиялық социализмнің негізін қалаушы Томас Мор өзінің «Жаңа Утопия аралы және мемлекеттің үздік құрылымы туралы алтын кітап» деген еңбегінде. «Алдау, ұрлау, тонау кісі өлтіру заң тәртібімен қатаң жазаланатынын кім білмейді, әйтсе де бұл жөнінде алдын ала ескертілмеу мүмкіндігі бар жерде алдымен ақша құрымай, олар да жоғолмайды, сонымен бірге, ақшаның жоғалуына байланысты адамдардың алаңдаушылығы, қайғысы, қиыншылықтары және ұйқысыз түндері де ұмытылатын еді. Егер ақша адам өмірінен алысталынатын болса, онда тіпті ақша қажеттілігінен туған кедейліктің өзі де жойылар еді».
Ол аздай Т.Мор тағы былай деді «Қай жерде болсын барлық нәрсені ақша өлшемімен өлшейтін болса, онда, ол жерде мемлекеттік істердің табысты және дұрыс ағысының болуы мүмкін емес».
ХІХ ғ. Социал утопистері – Прудоп, Одон, Грей және басқалар ақшаға теріс көзқараста болды. Прудон тауар өндірісін сақтай отырып, ақшаны жоюдың жобасын ұсынды және оны дәлелдемек болды. С.Г. Струмилин ақшаның орнына еңбек бірліктері – тредаларды, ал ағылшын экономисі Смит Фильтнер энергетикалық бірліктерді – энедаларды пайданалуды ұсынды.
Осыған байланысты К.Маркс былай дейді ақшаларды жоя отырып, біз қоғамдық дамудың ең жоғары сатысында (комунизмдік) болуымыз мүмкін немесе ең төменгі сатыға қайта оралар едік. Қанша дегенмен де коммунизм – ол қиял, сондықтан да ақша болған, олар бар және бола береді.
Достарыңызбен бөлісу: |